Мен үкіметтің Еуропалық Одаққа кіруге деген талпынысын шынайы деп санаймын.

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Қазақстандық баспасөз беттерінде » Zaman » Мен үкіметтің Еуропалық Одаққа кіруге деген талпынысын шынайы деп санаймын.

Сіз Тайып Ердоғанға қалай қарайсыз (Түркияның қазіргі премьер министрі ред)
   
Қала әкімі болып тұрған кезінде (Стамбулда – ред.) онымен бірер рет кездескеніміз болмаса, аса жақын араластыққа барған емеспіз. Ал ол премьер министр болғалы жүздескен жоқпыз. Бізді сыртымыздан ел-жұрт жиі кездестіретін. Оның барлығы дұрыс ақпарат емес. Меніңше, ол ар ожданы биік, тәрбиелі азамат. Сонымен қатар іскер, сенімді, батыл шешімге бара алатын адам ретінде көрінеді. Мен оның Еуропалық Одаққа кіру жолындағы талпыныс-жігерін қолдаймын. Ол ең керек істі жасап жатыр. Тайып Ердоған не істесе де ұнатпай, оған тыржиып қарап отыратындар да бар. Егер ол солар секілді ойлаған күннің өзінде өз санатынан болмағандықтан, оны бәрібір жақтырмаған болар еді. Мен оның бойынан әлі күнге дейін жағымсыз қылық көрмедім. Мен саясаткер емеспін, ешбір партияға мүше де болмадым, ешкімге дауыс та берген емеспін. Мүмкіндік те болмады. Қазір осындамын, өткен сайлауларда да осында болғанмын. Бірақ ел игілігіне жасалып жатқан істерді мойындау керек. Ол ұрламайды да, алдамайды да. Соңғы кезде біз «қолы таза емес» деген сөзден әбден қорқатын болдық. Мен оны ондай нәрсеге бармайтын адам ретінде білемін. Меніңше, ол Түркияның келешегін ойлайтын адам. Бірақ, егер Түркия үшін одан да пайдалы саяси ұйым пайда болса, адамдар оны да қолдайды. Ол бір Аллаһқа ғана аян. Қазір Аллаһ Тағала оларға мүмкіндік берді. Меніңше, олар Түркияға не пайдалы болса, соны іске асырулары керек. Және ешкім де, мейлі оны кімдер жүзеге асырсын, осындай оң өзгерістерге Түркияның келешегі үшін кедергі болмауы керек. Егер бұны  Бюлент (Бюлент Ежевит – Түркияның  алдыңғы  премьер-министрі – ред.) мырза  іске  асырғанда, онда  оған  кедергі  келтірмеуіміз  керек  еді. Егер  Дениз (Дениз  Байкал – оппозиция  партиясының  өкілі – ред.) мырза  іске  асырғанда, бөгет  болмауымыз керек  еді. Бүгінде  Жаратқан  Тайып  Ердоғанға  мүмкіндік  берді. Ол  батыл түрде нақты  мәселелерді   көтереді. Егер ол  шынымен Түркия  болашағын жақсарту үшін  уәде  берсе, бұған саналы  адамдар, бизнесмендер  келісіп жатса, онда  оған  кедергі  келтірудің  еш  қажеті  жоқ. Демократия бар  емес  пе? Егер  оны  ұнатпаса, алып тастайды да билікке  басқа  біреуді  әкеліп  қояды.    

Сіз қалай ойлайсыз, Әділет пен прогресс партиясы (2002 жылы Түркияның билік басына келген партия – ред.), өздеріне қатысты қолданатын «консервативті демократ» түсінігін ақтай алды ма?

     Мүмкін бұрындары олар бұлай ойламаған да болар, бірақ уақыт өте келе адамдар өзгереді. Мұнымен әрине, келісу керек. Он он бес жыл бұрын мұсылмандар тіпті «демократия» сөзін ауызға алмайтын. Демократиялық партия бар еді, бірақ олар да осы атауды атамайтын. «Қанеки, біз де демократ болайық» деп айтпайтын. Дегенмен, уақыт өте келе адамдар өзгереді екен. Мүмкін олар қазір дұрыс бағыт тапқан да болар. Олар демократия мәселесінде едәуір күш жігер жұмсап жатыр. Олардың ынта-жігері Түркияны Еуропалық Одақтың мүшесі ету әрекеттерінен де көрініп тұр. Америкамен де олардың байланысы түсінікті. Ресейге барып келіссөз жүргізіп келгені де түсінікті. Олардың демократиялық бағыты маған шынайы көрінеді, ал олардың ойында дәл не бар екені бір Аллаһқа ғана аян, себебі шын мәнінде біздің демократия деп атап жүргеніміз оған қай жағынан әрі қалай қарауға байланысты.  Әлемде түрлі демократиялар бар. Билікте болған кезінде коммунистер де өздерін демократ санаған. Мүмкін қытайлықтар да өздерін демократпыз дер. Америка да демократия жайлы айтады, Англия да, Бельгия да сол. Әлемде демократияның көптеген түрлері бар. Христиандық демократтар бар. Буддистік демократтар бар. Еврейлік демократтар бар. Қандай да бір сенім, түсінік, қандай да бір философияны ұстанатын адамдардың демократ болуы бек мүмкін. Егер демократия ислами дәстүрмен көршілес келсе, оның ешқандай қорқыныштылығы жоқ. Меніңше, ондай демократия өмір сүруге құқылы. Ондай демократияға тағы мыналарды қосуға болады. Адамның қажеттілігі тек осы пәни дүниелік нәрселермен шектелмейді. Ой бостандығы, сөз бостандығы, еңбекақы бостандығы… Жарайды оның бәрін де іске жаратайық, дей тұрғанмен, менің ішкі «менімнің» бір бөлігі мәңгілікті қалайды. Адам мәңгілік үшін жаратылғандықтан мәңгіліктен өзге еш нәрсе оны қанағаттандыра алмайды. Егер демократия толық болса, онда оның құрамында адамның осы қажеттіліктеріне жауап беретіндей құндылықтар да болсын. Ол осыны да қолдау керек. Яғни, демократияда метафизикалық өлшемдер де болу керек.  Оның бір жағы біздің бір сәттік есептерімізге де ашық болуы керек. Дәлірегі ана өмірдегі алдымыздан шығар есептер үшін. Неге ондай демократия болмасқа? Қазір, яғни олар өз ұсыныстарын айтып жатқанда, олардың ниетінің қандай екенін мен білмеймін. Егер олар ондай демократияның үлгісін ұсынса, онда ол нағыз бүгінгі заманның демократиясы. Мен олардың Еуропалық Одаққа кіру жолындағы еңбектеріне, қажыр қайраттарына, ұсынып отырған демократияларының шынайылығына сенемін. Маған олардың мені кім санап, қандай адамдардың санатына қосатыны, қалай бағалайтыны маңызды емес. Мен үшін бастысы – Аллаһтың разылығы. Ең маңыздысы да осы.

 

 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message