Түркияға деген сағынышымды жүрегіме жасырамын

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Қазақстандық баспасөз беттерінде » Zaman » Түркияға деген сағынышымды жүрегіме жасырамын

 Заңдық тұрғыдан Түркияға қайтып оралуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Неге Сіз АҚШ-та қалуды жөн көріп отырсыз?

Мен ол жақтағы бейберекетсіздіктен хабардармын. Түркияға қай уақытта келмейін, бұрқыратып жала жапқандар мен өзіме жазалау жөнінде бұйрық шығарғандар, мен келген сәттен-ақ, сол баяғы әрекеттеріне қайта басады. Ал менің қан қысымым екі жүзге дейін көтерілгенде, оны дәрімен де түсіре алмады. Сол себепті мына жасымда бір нәрсені  қайталап ести беріп өмір сүру де ауыр болар деп ойладым. Мен бұл жерде әбден ойланып толғанғаннан кейін қалып отырмын. Өз қалауымды аяққа таптай отырып қалып отырмын. Сағынышымды жүрегіме жасыра отырып қалып отырмын. Бірақ мен жанама түрде өз өлімімді жақындатып алғандаймын. Кейбір адамдар тіптен арсыз. Мүмкін емес нәрсені жазады. Жалған екенін біле тұра жазады. Түрлі топтардың қысымдарына қарамастан, кейбір адамдардың ұсынысы бойынша сотты «тазартқыш алаңына» айналдырып жіберді (Ф.Гүленнің Америкада жүрген кезінде болған сырттай сот не оны кінәлі деп таппады не ақтап та алмады, тек келесі соттың мерзімін тағы бес жылға кейінге қалдырды — ред.) – бұл ұжмақ та емес, тозақ та емес, ортасындағы бірдеме. Бұл олардың ар ождандарының бір дұрыс нәрсе айтқысы келгенін көрсетеді. Бірақ, Түркияда ол кезде әлдекімдердің әрекетімен қолдан жасалған қоғамдық пікір, ашу-ыза бар еді. Соны ескерді. Мен бұл жерде американдық прокурорларға жауап бердім.

Қолымды жүрегіме қойып айтуыма болады, прокурор маған тағылған айыптардың ішінен жүзге жуық сұрақтарды сызып тастады да «Бұл өзі қандай заң? Осының бәрін қалайша кінә ретінде таңуға болады?» деп күліп жіберді.

Сізді американдық ресми адамдар қалай қабылдайды? Қонақ ретінде ме, әлде эмигрант ретінде ме?

    Осы бес жылда мен ешкіммен кездескен жоқпын. 1997  жылы алғаш келгенде, кейбір кісілермен кездескенмін. Олардың арасында бұрын Түркияда көрген кісілерім де болды. Ғалымдар, зерттеу мекемелерінің басшылары болды. Достық қарым қатынаспен кездескен адамдар да болды. Бірақ, бізде оны басқаша түсінер деп, бір де бір американдықпен кездеспедім.

Сіздіңше оны қалай түсінер еді?

 Американдықтар лицейлерге көмек беріп жатыр деген жел сөз таратты (соңғы он шақты жылда әлемнің түрлі елдерінде ашылған түрік лицейлеріне – ред.). Айтпақшы, мен оны жоққа шығармадым. Оны жоққа шығардың не, шығармадың не бәрібір, сол айтқандарын айтады. Түркияда бірнеше ықпалды адамдар бар, олар барлығын да құбыжық етіп көрсеткісі келеді. Оны да солай бағалар деп мен кездесулерден бойымды алып қаштым. Мені жақтап конференция ұйымдастырылды, қатысушылар көп болды. Элизабет Оздалга да болды. Ол да кездесуге ұсыныс тастады, мен келіспедім. Мен бұрын білетін Ясемин Чонгар болды. Оның газеті де кездесуімізге қатты қызығушылық танытты, бірақ мен келіспедім. Аслы Айдынташ та болды. Біреулердің жеккөрінішін қоздырмайын деп онымен де кездеспедім. Бұл жерде де ашу ызаға булығатындар бар.

Сіз туралы, егер оны Америка қолдамағанда, осыншама уақыт ол жақта қала алмас еді деушілер бар.

Мен бұл жерде «дін қызметкері» ретінде саналамын. Менің уақытша тұру туралы құқығым да сол дін қызметкері ретінде тіркелген. Әр жылы оны создыртып отырамын. Сонымен бірге өз кітаптарыма берілетін авторлық қаламақыларымның арқасында өмір сүремін. Бұл жерде мен секілді жағдайда жүздеген адамдар тұрады. Олар мешіттерде, басқа да жерлерде жұмыс істейді. Олар Діни басқарманың жүйесінде болмауы да мүмкін. Ал менің бұл жерде діни тақырыптарға жиі сұхбат жүргізетінім туралы, осы жерде тұру құқығыма байланысты мәселемен келген ФБР (Ұлттық қауіпсіздіктің) қызметкерлеріне де айттым.

Өзіңізді американдықтар  аңдып тұрғандай сезім бола ма?

Ондай жайтты мен жоққа шығармаймын. Жалпы американдықтардың пікірлері мен талап тілектері, өзге әлемге, ислам әлеміне, түріктерге көзқарасы тұрғысынан олардың құқығын жоққа шығара алмайсыз. Олар өздері де бұл жерде кез-келген адам әлдекімдер тарапынан бақылауда тұрады дейді. Бірақ маған келгенде олар ешқандай құрметсіздік көрсетпеді.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message