Әлемді түзу жолға салғысы келгендер алдымен өздерін түзету керек. Иә, айналасындағыларға үлгі көрсету үшін алдымен шайтан ит шапқа түртіп шатаққа бастайтын өшпенділіктен, іштарлықтан арылып, бойларын жағымсыз іс-әрекеттерден таза сақтау керек. Өздерін тізгіндей алмаған, нәпсісімен күреспеген, ой-сезімін толық билей алмағандардың айтқандары қаншалықты мінсіз болса да, адам жүрегін толқыта алмайды, толқытса да, ол өткінші болмақ.

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»
Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…








