Адамдардың көзін ақиқатқа ашу жолында күні-түні тыным таппаған, үнемі солардың бақыты үшін жанын салғандар, өмірдің қилы-қилы қиын сәттерінде оларға қол созғандар – өздерін тани алған асқақ рух иелері. Олар өздері өмір сүріп жатқан қоғам-ның қорғаушы періштелері сияқты қоғамға төнген апаттармен арпалысып, тілсіз жауға қарсы тұрады және кез келген сәтте болуы мүмкін қауіпке уақытында тосқауыл болу үшін кірпік қақпайды.

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»
Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…








