Хақ пайғамбары туысқан ағасын өлтірген Уахшиға біреу арқылы хат жолдап, хақ дін Исламға шақырады. Хатта төмендегі аят жазылған:
«Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһтың өлтіруін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді. Зина да жасамайды. Кімде-кім осы айтылғанды жасаса, күнәға батады» (Фұрқан, 25/68).

Бірақ Уахши келген адамнан жауап қайтарады. Әлгі аяттың астына: «Сен мені мұсылман болуға шақырасың, бірақ мен осы аятта айтылған барлық күнәларды жасадым. Күпірліктен бас алмай өмір сүрдім. Зина да жасадым. Көзіңнің нұры болған туысқан ағаңды (Хамзаны) өлтірдім. Мен мұсылман болатындай, осыншалықты күнә кешіріле ме?» – деген жүректі қан жылатар ауыр сөздерді жазуды да ұмытпапты.

Аллаһ елшісі екінші мәрте хат жібереді. Бұл жолы мына аятты келтіреді:
«Аллаһ өзіне ортақ қосқанды кешірмес. Бұдан өзге қалағанын кешірер. Сондай-ақ, кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, ең үлкен күнә жасап, орынсыз жала жабады» (Ниса, 4/48).

Уахши бұл жолы да аятта кешірімнің анық еместігін Аллаһ елшісіне жеткізеді. Мейірім Пайғамбары үшінші рет хат жібереді. Ол хатта мына аят жазылған:
«Ей, өздерін шектен шыға зияндыққа ұрындырған құлдарым! Аллаһтың рақымдылығынан үміттеріңді үзбеңдер. Аллаһ барлық күнәларыңды кешіреді. Өйткені Ол – тым жарылқаушы, аса мейірімді де рақымды» (Зумәр, 39/53).

Уахши осы үшінші хаттан соң ғана Аллаһ елшісіне биат (серт) етеді. Ол енді сахаба қатарынан саналып, соңына «радиаллаһу анһу» қосылмай есімі еске алынбайтын болады. Бірақ ол Хамзаны өлтірген адам еді. Өзінің де, басқалардың да мұны ұмытуы мүмкін емес. Уахши ақыретте осы бір күнәның есебін бермейтіні анық еді. Өйткені ол қылмыс жасаған күні мұсылман емес-тін. Әрі Исламға кірген соң, барлық күнәлары кешірілген еді[1]. Бұл жағынан алғанда бақытты. Бірақ қалай болғанда да, өлтірген адамы Хамзаның өзі болатын!..

Хамза орманда арыстандардың үрейін ұшырып, батылдығы ел аузында аңызға айналып, атағы дүрілдеп, жер жарып тұрған шағында,  Аллаһ елшісінің алдына келіп, тізерлеп отырып, мұсылман болған адам еді. Тіпті екі әлем Сардарымен бір ананың сүтін тел емгендіктен, ол Аллаһ елшісіне сүт бауыр ағайын еді[2]. Ол Исламға кіргенге дейін мұсылмандарда қорқыныш басым болатын. Хамза мұсылман болған соң, олардың күркіреген зор даусы Араб түбегін жаңғыртып жіберді. Тағылықтың аты ойнақтаған осындай заманда Уахши Хамзаның қанын төкті. Ухудта кесірлі найзасын толғап, Хамзаға қадайды. Ғұмырында «Аллаһтан басқа құдай жоқ» дегеннен басқаға жоқ деп көрмеген Хамза өзіне қадалған найзадан екі бүктетіліп барып «Лә»[3] тәрізді сұлқ ете құлайды. Біраздан соң Аллаһ елшісі оның сау тамтығы қалмай парша-паршасы шыққанын көріп, басында отырып, балаша еңіреп жылайды. Шейіттер жуылмайтын. Бірақ Аллаһ елшісі Хамзаны жуды. Су орнына кәусардан да қымбат көз жастарымен шайғандай еді… Аллаһ елшісі оның басында жұбана алмай көп жылады. Қылмысты жасаған Уахши Аллаһ елшісіне қанды қолын ұсынып, биат етіп жатты. Хақ пайғамбардың қалай тәблиғ еткеніне көз салып қараңызшы. Ол осы қолды қысып тұрып, Уахшиды Исламға кіруімен құттықтады. Негізінде, Уахшиді тікелей өзі шақырған болатын[4].

Уахши иман еткен соң, Аллаһ елшісі оның құлағына: «Мүмкін болса маған көп көрінбеуге тырыс! Өйткені сені көрген сайын Хамза есіме түсіп, саған жылы жүзбен қарай алмаймын. Бұлай етсек, маған да, өзіңе де жеңіл. Әйтпесе, сен өзіңді бақытсыз сезінесің. Мен де өз міндетімді толық орындай алмай қалармын», – деп сыбырлайды.

Уахши сахабаға тән парасатталық танытып, Аллаһ елшісінің осы өтініші мен әміріне қарсы келмеді. Оның көзіне көрінбеуге тырысты. Бірақ сағат санап, сәт санап, Аллаһ елшісі қасына шақырса екен деп күтті. Ол бір тіреудің артында тұрып, Аллаһ елшісінің жанарымен жанарын түйістіруге тырысып, өз-өзіне «шіркін-ай, бір күні маған: «енді көріне берсең болады» – дер ме екен?». Уахши сол күнді күтіп жүргенде, Аллаһ елшісі дүниеден озып кетеді. Қайғылы хабарды естіген кезде Уахши төбесінен жай түскендей есеңгіреп қалады. Аллаһ елшісімен бір тілдессем деген оның үміті де сөнді.

Уахши осыдан кейін күнәсынан арылудың жолын жатпай-тұрмай іздейді. Ақырында іздегенге сұраған, Ямамә соғысы бұрқ ете қалды. Бұл – екі айналып келмейтін мүмкіндік еді. Өйткені Исламның ең үлкен қаһарманын өлтіріп, күнәға кірген-ді.

аншалықты кешірілсе де, Уахшидың ар-ожданы тыныш таппай, іштей оттай күйіп-жанумен болды. Бұл отты сөндіретін мүмкіндік те туды. Ол – өзін пайғамбармын деп жариялаған Исламның ең үлкен дұшпаны – Мусәйләмәні жайрату. Уахши бір кездері Хамзаны түйреген, тот басқан найзасын алып, сахабалармен бірге Ямамә соғысына аттанады. Соғыс бірнеше күнге созылды. Мүсәйләмә мен әскері өліспей беріспей жанталасып жатты. Бір уақытта қамалдан шыға қашқан Мусәйләмәні күзетте тұрған бір сахаба көріп қалады. Ол дереу Уахшиға қарап: «Әне, Аллаһтың дұшпаны кетіп барады», – деп айқай салды. Мұны естіген Уахши дереу тот басқан найзасын қолына алып, оның қыр соңынан қалмай, өкшелей қуып жетіп, Хамзаның бауырына қадағандай Мусәйләмәнің бауырына шаншиды. Ол аттан омақаса жығылған кезде, Уахши дереу сәждеге барады[5]. Жанарынан жас сорғалап, өксігін баса алмай, еңкілдейді. Аллаһ елшісінің рухына: «Енді көрінсем бола ма, Аллаһтың елшісі!» дегендей. Біз Хақ пайғамбардың оған қалай жауап бергенін білмейміз. Кім білсін, сірә, Аллаһ елшісінің рухы да Ямамәда болып, Уахшидің осы бір мұңға толы жанары мен жалбарынуы көңілін босатып әрі оның ерлігіне риза болып, Уахшиді құшақтап тұрып: «Енді көрінсең болады» – деген де болар. Ол жағы біз үшін беймәлім. Бұл – әулие-әнбиелерге ғана тән тылсым. Осы оқиғаны айтудағы негізгі мақсатымыз – Аллаһ елшісінің дінге тартудағы шеберлігі жайында ой қозғау еді.

Әңгімеде байқалғандай, екі әлем Сардары өз бауырындай жақсы көріп, өзіне жақын тартқан Хамзаны өлтірген адам үшін де рақым етіп, мәңгілік бақытты ғұмырына себепкер болды. Ол сансыз тәсіл қолданып, Уахшидай адамның өзін сахабаға айналдырды. Егер дін насихаты табиғатына осыншалықты сіңісті болмаса, Аллаһ елшісі Уахши секілді адамды  Ислам қаһарманына айналдыра алар ма еді? Жоқ. Оның осы бір құштарлығында, тәблиғтың пайғамбарға тән сипаты мен ақиқаты жасырынып жатты. Сол себепті ол басқаша әрекет ете алмайтын еді.

 


[1] “Ислам өзінен бұрынғыны (күпір мен күнәні) түбегейлі жойып жібереді” Муснәд, 4/119.
[2] Ибн Хәжар, Исабә, 1/353; Ибну’л-Әсир, Усду’л-Ғабә, 2/51.
[3] «Жоқ» («лә») сөзі арабша жазылуында құлап бара жатқан адамды елестетеді.
[4] Мәжмау’з-Зәуә’ид, 7/100-101.
[5] Бухари, Мәғази, 24; Ибн Һишам, Сирә, 3/76-77.


 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message