13. Тіл бәлесі және ар-ұят

Имам Бухаридің «Сахих» атты кітабында риуаят еткен бір хадисте Аллаһ расулы: «Кімде–кім маған екі ұртының арасындағыға (тіл) мен екі шап ортасындағыға (ұятты жері) ие бола алатындығы жайлы серт беріп, сөзінде тұрса, мен де оған жәннат үшін кепілдік берер едім»,  – дейді[1].

Бұл сөзді айтқан – Аллаһтың Хақ пайғамбары. Ол адамның қандай нәрсеге кепіл болатынын яки, бола алмайтынын бәрінен жақсы біледі. Жәннатқа кепіл болатынын айтса, сөзсіз айтқанында тұрады. Өйткені Осман ибн Мазун өмірден озғанда бір әйел жоқтап: «Жәннаттың құсы болып ұшып кеттің» дегенде: «Мен Аллаһтың елшісі болсам да, біле алмаймын, сен оның жәннаттық екенін қайдан білдің?»[2] – деген болатын.

Демек, тілі мен екі шап арасына ие болатынына сөз берген және сол сөзінде тұрған жанға Аллаһ елшісі жәннатқа кепіл болатынын айтса, Пайғамбарымыз мұны ойынан шығарып отырған жоқ. Сөзсіз, Аллаһ бұл туралы осылайша уәде еткен.
Негізінде, ол ешқашан өз бетінше сөйлемейтін. Мұндай нәрседен ол әрқашан да пәк. Демек, айтқандары айқын ақиқат және уәде еткендері де уақыты келгенде, сөзсіз орындалады.

Егер сіз екі ұрт арасындағы мен екі шап арасындағыны тыйып ұстап, ардан аттамай өмір сүре алсаңыз, онда сізге мынаны ойланбай, бөгелмей, толық айта аламын. Егер ақыретте зәбанилер, яғни жәһәннамның күзетші періштелері, сіздің аяқ-қолыңызды байлап, жәһәннамға сүйрелеген кезде бар дауысыңызбен айқайлап, Аллаһ елшісінің сізге кепіл болғанын айтсаңыз, сізге сол мезетте хазірет Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) шапағаты тиеді.

Сөйлесу де берекет
Негізінде, тіл – айтып жеткізу үшін, сөйлеу үшін берілген қасиеті ерекше ағза. Оны да өз орнымен қолданбаса, адамды құрдымға құлататын құралға айналып, бақытсыздыққа душар етеді. Тілдің өзгешелігі сол – адам сол арқылы Аллаһты еске алып, мадақ айтады. Тілмен адамды жақсылыққа да шақыруға болады, жамандықтан тыюға да болады. Адам аузымен әлем кітабын және оның мәңгі «аудармасы» Құранды оқи алады. Сол оқыған аяттарын басқаларға түсіндіреді. Кейде сенбеген  адамды сөздің құдіреті арқылы иманға келтіреді. Осылайша жақсылыққа қызмет етеді. Сондай-ақ адам тілімен адамзаттың көгіне шығып, турашылдардың шырқау шыңына өз тағын орнатады.

Алайда дәл осы тіл адамның ауыр қасіретке ұшырауына да себеп. Барлық күпір мен кәпірлікке арқау болатын да – осы тіл. Мысалы, Аллаһқа және Оның ұлы Пайғамбарына тіл тигізсең, күнәға батасың. Адам жалған сөйлеп, біреуді сыртынан ғайбаттап, жала жауып, Мусәйламаның[3] кебін құшады.

Хақ пайғамбар бір ауыз сөзбен осы ағзаға назар аудартады. Осы бір сөздің өзінде басқа да көптеген айтылмаған ақиқат бар. «Тілді өз орнында қолданыңдар, сонда мен де сендерге жәннатқа кепілдік етейін», – дейді.

Бұл «дымдарыңды шығармай, бір шетте отырыңдар» дегенді емес, керісінше, сөзді өз орнымен, белгілі бір шектен шықпай пайдаланыңдар дегенді білдіреді.

Екі шап арасы
Кім кімнің әкесі? Кім кімге мирасын қалдырады? Кім кімнен ақысын сұрай алады? Отбасы қалай сақталып, ұлт қалай ұлт боп қала алады? Адам осы тектес барлық сұрақтардың дұрыс жауабын зина жасап күнәға батпай, ар-ұятын сақтап, салауатты өмір сүргенде ғана таба алады. Ар-иманы бар адамдардан құралған қоғам өмір сүру үрдісін қияметке дейін жалғастыруға шамасы келіп жатса, ал зинақорлықтың батпағына батқан ұлттар бірер ұрпақ жалғасқан соң, ілгеріге аяқ баса алмайды.

Задында, жыныстық құштарлықты қанағаттандыру үшін ерлі-зайыптылардың ақ неке аясы жеткілікті. Харамға кірудің қажеті жоқ.

Екі әлем Сардары: «Үйленіңдер, көбейіңдер. Өйткені сендердің көптіктерің арқылы мен өзімді басқа үмбеттердің алдында мақтан тұтамын»[4], – деген болатын.

Яғни, Аллаһ елшісі басқа үмбеттерге өз үмбетінің көптігін мақтаныш етеді. Оның үмбеті көп болғаны соншалық – басқа үмбеттер оның қасында көрінбей, көлеңкеде қалып қояды. Міне, үмбетінің көбеюі сол екі шап арасындағы ұятты жерді қалай ұстағанға байланысты.

Әулиелік шыңы
Әсіресе, осы жерде ең маңызды бір мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын. Хақ пайғамбар екі жақ және екі шап немесе екі бұт арасы жайлы сөз бергенге жәннатты уәде етуде. Көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген ерекше жандардың аты-жөні мәлім. Демек, олардан басқа адамдар да қол жеткізген мәртебелері мен Аллаһқа жақын болу арқылы осындай жетістікке қол жеткізе алады. Ауыз бен екі шап ортасына ие болу адам үшін ауыр сынақтардың бірі. Өйткені құмарлық бойыңды билеген сәтте ой-санаң тұманданып, өз-өзіңе ие бола алмай қалуың мүмкін. Адам осындай сәтте Аллаһ үшін өзінің асау сезімін жүгендей алса, оның бұл ерлігі ескерусіз қалмайды. Мұндай ерлік – адамның бірден шыңдарға шығуына себеп болады. Ал, жан тазалығы мен ар тазалығына ие адам, әлбетте, Аллаһ елшісінің шапағатына ие болып жәннатқа кіреді.

Қайталап айтайын: нәпсінің дауыл ұрған теңіздей асып-тасуына тосқауыл қойып, сабыр сақтап күнәға батпаған, өзіне тоқтау салған адам басқалардың жылдар бойы аңсаған ғажайып сезіміне бір-ақ сәтте қарғып, қол жеткізе алады. Және басқа біреудің әр түні сәждеден бас алмай оқыған мың бас намазынан да артық сауапқа кенеледі. Осылайша көкке тік көтеріліп, әулиелік шыңнан бір-ақ шығады. Мұны жұрт нәпіл намаз бен нәпіл оразаны жеңіл санап отыр деп ойламасын. Олар, әлбетте, қашан да өз биіктерін сақтап қалатын аса маңызды ғибадаттар. Біз  бұл жерде адамды адамзат шыңына шығаратын себептің біреуін еске сала кетуді жөн көрдік.

Аллаһтан былай деп тілейік: бізге бес-он адамның қуатын берсін де адамды адамдықтың шыңына шығаратын мол қасиеттер дарытсын, бірақ оны әр түрлі жаман жолға қолданудан да сақтасын! Ал күнә жасап қою о бастан адам табиғатына тән, соған қарамастан, көңіл аздыратын күнәлі істерге тап келгенде өз-өзін тежей білуі ерлік.

Иә, «шығысына қарай кірісі» дегендей, тартқан қиыншылықтары қандай болса, мәртебелер де сондай жоғары. Қиын қыстау сәттердің өзінде мойныңызға үлкен жауапкершілік алып ізгі іс жасай алсаңыз,  алатын сыйыңыз да соншалықты болады. 

Түсінікті болу үшін кеңірек тоқталайық: Мысалы, Аллаһ сіздің болмысыңызға ашу-ыза, өшпенділік, жиіркену әрі құмарлық секілді жаман әдеттердің де ұрығын тастаған. Бірақ бұлардың ешқайсысына еш уақытта сізді билеп-төстеуіне жол бермеңіз. Сіз керісінше оларды өз ырқыңызға бағындырсаңыз, ерікті де парасатты адам болып, байыпты өмір сүре аласыз. Осылайша, сіз оларды өз ырқыңызға көндіру арқылы парыз бен сүннетті орындайсыз. Жүрек пен рухты алдымен ойлап, жәһәннам жолының адамның көзін арбап, көңіліне құрт түсіретін сиқырына бөгеліп қалмай, жәннат жолының ауыртпалықтарына төзіп, раббанилықты сақтауға, яғни, Рабқа шексіз мойынсұнуға тырысасыз. Сонда сіз күндердің бір күнінде өзіңіздің пайғамбарлармен, турашылдармен және шейіттермен бірге жүргеніңізді байқайсыз. Сірә, ақырзаманға таяған кезеңде, сансыз бүлік ішінде жүріп-ақ, дін дағуасы үшін жанын салған жамағатқа хазірет Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) ерекше сүйіспеншілікпен қарауында осы сыр жатса керек… Ғұмырдың қара құйыны ұйтқып, жолында кезіккенді өзіне үйіре тартып жатқанда, өз бойын таза сақтап, барлық ауыртпалыққа төзе білгендер, шындығында, сахабалардың қатарына жатуы мүмкін. Сахабалар – Аллаһ елшісінің достары, бұлар да оның бауырлары. Өйткені ол көп ғасырдан кейін келетін осы адамдарға өз дәуірінде сағынышын білдіріп: «Бауырларыма сәлем!» – деген болатын[5].

Иә, бейне Аллаһ елшісі осы ғасырдың адамына «Екі жақ арасы (тіл) мен екі шап арасына ие болатындығына уәде берсе, мен оған жәннат үшін кепіл боламын» деуде.

Бұл сөз – жәннатқа баруға жаны құштар және Хақ пайғамбармен кездесуге де көңілі құлаған жандарға қарата айтылған сөз. Олар – Аллаһ елшісінің сүйіншіге толы сөздеріне сәйкес әрекет етіп, діттеген межесіне жетуге бел байлаған жандар.
Міне, ақиық елші Ахмет (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) жәннатқа баратын жолдарды осылай көрсеткен. Осы қанатты, өнегелі сөзбен кәміл адам мен ізгі қоғамның көрінісін бейнелеген. Мұншалықты ауқымды ақиқатты мұншалықты қысқа сөзге сыйдыру Ағзам Фәтәнат иесінен басқа кімнің қолынан келеді дейсіз?! Иә, пайғамбарымыз – Сөз зергері. «Жәуәмиул-кәлим» деп те соның сөздеріне ғана айтылады.


[1] Бухари, Рикақ, 23.
[2] Тирмизи, Бирр, 40.
[3] Жалған пайғамбар (ауд).
[4] Мунауи, Фәйду’л-Қадир, 3/269; Кәнзу’л-уммал, 16/276.
[5] Кәнзу’л-Уммал, 12/183.


 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message