Ал хадис саласының саңлақтары: Имам Бұхари, Имам Мүслім, Әбу Даут, Тирмизи, Нәсәи, Ибн Мәжә, Имам Ахмәд ибн Ханбәл, Даракұтни, Байхақи, Дарими секілді ғұламалар. Бәрін қамтып айту мүмкін болмағандықтан, Имам Бұхариды ғана сөз етеміз. Ол бір миллион хадисті жаттаған. Солардың арасынан тек төрт мыңға жуығын ғана «Сахих» кітабына кіргізген. Оның хадис жинаудағы кірпияздығы – өзінше жеке бір дастан. Ғұлама бір хадисті кітабына жазғанға де-йін сан түрлі саралаудан өткізген. Ақыр соңында, бәрі дайын болғанда, сол хадис үшін арнайы дәрет алып, одан кейін екі рәкат намаз оқып, содан кейін ғана жазатын болған. Бірде имам Бұхари бір хадисшіден бір хадис алу үшін бірнеше күн жол жүріп барады. Алайда ол өзі алыстан арнайы іздеп келген хадисші кісінің қашқан атын қолына жем ұстаған боп алдап шақырған қылығын көріп, ләм-мим демей, дереу келген ізімен кері қайтады. Неге олай істедің деп сұрағандарға: «Жануарды алдаған адамның мені де алдамасына кім кепіл», – деп жауап қатады. Өмірін тақуалықпен өткізген, ақ пен қараның ара жігін ажыратуда және басқа да әрекеттерде аса сақтық танытқан қаншама кемеңгер хадисшілер бар. Міне, дініміздің алтын қанатты қорғаушылары да, біздің тұп-тура жолымыз да осы.

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»
Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…








