Түркия премьер-министрі Тайып Ердоған Фетхуллаһ Гүленді отанына оралуға шақырды

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Фетхуллаһ Гүлен туралы » Жаңалық » Түркия премьер-министрі Тайып Ердоған Фетхуллаһ Гүленді отанына оралуға шақырды

Х Түрік тілі олимпиадасының жабылу кешінде Түркия премьер-министрі Тайып Ердоған сөз сөйлеп «Жырақтағы сағыныш қасіретін басатын уақыт жетті» деп Фетхуллаһ Гүленді еліне оралуға шақырды.

Көп өтпей интернеттегі арнайы сайтында Ф.Гүленнің осы өтінішке байланысты жауабы жарық көрді. Онда ғалым әлсін-әлсін көңілі босап, көзіне жас алып отырып былай деді:

«Әуелі мынаны айта кетейін, ол өзіне жарасымды мінез көрсетті. Алайда одан бұрын да мемлекет басшысының тіке айтқаны немесе біреулер арқылы осы өтінішті жеткізгені есімде. Жоғарғы деңгейлі басқа да мемлекеттік қызметкерлер өздеріне тән кісілік мінез танытты. Бүгінге дейін мен қаншама адамнан осы сөзді естідім. Сол кісілерден мені зиярат етіп келгендері де осы өтінішті айтумен болды. «Түркияға қайтатын уақыт әлі болмады ма?» десті. Олар өздеріне жарасымды қадамға барып отыр, олай болса мен де – мен деген сөздің өзі сондай тұрпайы – мен де өз әлетімше маған жарасымды құлығымды көрсете білуім керек. Олардың «келіңіз» деп шақыруы табиғи нәрсе. Халық та олардың шақыруын дұрыс көруі мүмкін. Сірә, кештегі ду қол шапалақтан халық осыны қалап отыр деп ұқса керек құрметті премьер-министр «түсінемін» деп қалды. Яғни өз түсінігін де сездірді. Халық былай да ойлап қалуы мүмкін: «Олар шақырмаса, мен бармаймын, Түркия қауіпті жер, басым бір пәлеге ұшырауы мүмкін» деп. Айтпағым, мен ешқашан жеке басымның бір пәлеге ұшырауын қауіп еткен емеспін. 27 майды көрдім, сөгіс алдым, тіпті өліммен бетпе-бет келдім. Шыға келген бір полиция қызметкері «Тоқта!» деп тоқтатпағанда, мені баспалдақтан төменге лақтырмақшы болған да еді. «Тоқта!» деген бұйрық естілгенде олар тоқтады. Сөйтті де «Сен бұл жерде қайдан жүрсің?» деп, мені ол жерден қуып жіберді. Ол кез әлі әскерге бара қоймаған мешіт имамы болып жүрген кезім еді. Одан кейін 12 Март оқиғасына тап болдым. Сот үш жылға созылды, мен үш жыл бойы бас бостандығымнан айрылдым, бір жыл айдауда жүрдім, айлап қамауда отырдым. Алайда бұған қуана-қуана бардым, ешкімге мұң шақпадым. Мұңымды шақпағанымды өздеріңіз де білесіздер. 12 Қыркүйекте дәл бір қылмыскер іспетті 6 жыл қашып жүргенім ғана бар. Отырып шыққандар «Түрмеге түскендерді оңдырып жатқан жоқ» деді. Әскерден таныс марқұм Жахид мырза отырып шығып, «Лаж болса жолама» деді. Тағдырым оларға бас имеуге шақырғандай маған басқа жол сілтеді. Мен сол жолмен жүріп кете бардым. Өз бетіммен барып берілгім келмеді. Өйткені олар нашар пиғылдылар еді, ойлағандары жамандық болатын. Бұрын да небір жамандық жасауды ойлаған, әлі де қастық жасау ниетінде еді. Кейіннен 28 ақпан, 27 сәуір оқиғалары орын алды. Сол кезеңде де қорқыту-үркітулер болып жатты. Тіпті бір жолы 1997 жылы тағы да Америкада едім. Мемлекет басшысы бір тұста маңызды өзгеріс болғанында маған телефон соғып «Келіңіз, енді бұл жақта қауіп жоқ» деді. Бардым. Сөйттім де емделу мақсатында қайта Майо клиникасына келдім. Содан бері осында қалып қойдым.

Әсілі жеке басымды ойлап ешқашан қауіп еткен емеспін. Дүниеге мені тәуелді ететіндей еш нәрсем жоқ. Әсіре айтқандығым емес. Иелігімде ештеңе жоқ. Отбасым, бала-шағам жоқ. Болашаққа деп жиған да ештеңем жоқ. Мен бұндай нәрселерді өзім шын жүректен берілген, өмірімнің мұраты деп білген ұлы іске, ойға қарама-қайшы нәрсе деп білдім.

Дәл осы тұста ұяла отырып тағы бір нәрсені айта кетейін. Әскерлігімді өтеп жүрген тұста ата-анам көкемді және басқа да сыйлы үлкендерді араға салу арқылы маған «үйлен, өміріңді өзгерт» деді. Өте тартымды ұсыныс айтқан әрі өзім ізінен ерген көкеме «Мен сіздің дінді ұстануыңыздан күмәнданам» дедім. «Дініміз күн сайын тұралап бара жатқан тұста мен бар ынта-ықыласымды соған салдым, ал енді сендер аяғыма тұсау салмақ болсаңдар, мен омақаса құлармын. Мен ондай нәрселерді еш ойлаған емеспін, ойға алған да емеспін» дедім. Өзім қатты жақсы көретін Яшар ұстаз Измирге келгенімде мойнымнан құшақтап, Кестанепазарының ауласында «Қашанғы жүресің.. пәлен-түген» деді. «Ұстаз, – дедім, – мен ондай нәрсені еш ойлаған емеспін, өзімді осы жолға арнадым. Басқа нәрсені ойлауды өзіме харам деп білем. Бұндай ұстаным елдің бәріне тән объективті емес. Мен әлсіз адаммын… Екі нәрсені бірдей көтеріп жүре алмаймын. Біреуін алып жүрсем де жетер…». Мойнымнан құшақтап «Мені сен де тыңдамасаң, басқа кім тыңдайды?» деді. Сол өкпелеткен күйі ол кісіні қалдырып жүре бердім.

Дүниелік еш нәрсеге құмартпадым, дүниелік еш нәрсеге байланған да емеспін. Нәпсіге ұнамды ұсыныстар жасалған уақыттарда «Осыны бір көрейін» демедім, олай ойламадым. Ардақты пайғамбарым Мұхаммедтің құрметті есімін төрткүл дүниеге паш етуді ғана қаладым. Алайда ол туралы айтылатын нәрселерді дұрыс айта алмадым… араға нәпсімді араластырдым… үнімді дұрыс шығара алмадым…

Жеке басымды ешқашан уайымдаған емеспін. Тіпті «44 жасымда мені дарға асатын шығар» деп ойлағанмын. «44 те аспады, бәлкім 55 жасымда асар, бір мүшел қосып дедім»… «Мүмкін 66 жасымда асатын шығар» дедім. Аспады. Осы нәрсе ойымнан еш шыққан емес. Бұған Раббым куә, жүрегімді біледі ғой. Алайда егер сіздің ғұмырлық мұратыңыз болса, ой тереңдігіңіз болса.. жүз де бір ықтималдылықпен қауіп-қатер төнетін болса, Түркияда жаңа келеңсіздіктер туындамауы үшін, кикілжіңдер орын алмауы үшін, осы күнге дейін жеткен жетістіктерден, Құдай сақтасын, айрылып қалмау үшін жеке басымды ойлағаннан емес, осы мақсатта бармағанды жөн көрем. Егер осы уайымым сейілсе, онда пақырдың білетіні… Пақырдың білетіні… «Менің білетінім» деуден менмендіктің жағымсыз иісі шығады, «Менің білетінім» демеймін, пақырдың білетіні… барған кезімде біреулер кек алу мақсатында кейбір мекемелерге зиян тигізіп басшылықты қиын жағдайға душар ететін болса, қатер жүзден бір ықтималдылықта тұрса да, Түркиядағы оң өзгерістерді тежейтін болса, мен қалған ғұмырымның жеткенінше осында болуды жөн көрем. Еліме, ұлтыма, мемлекетімде болып жатқан сол нәрселерге кесірі тимеуі үшін даауссыла деп туған елімді аңсап, кофе ішкен орындарды есіме алып, ол жерлерден мейлінше алыстап, жүрегім сыздаған сәттерде де одан мейлінше алыстап, осында қалып, осында өмір сүре берем…

Бүкіл қауіп сейілгенде жақын достарыммен, тағдырлас серіктеріммен отырып, мәселені егжей-тегжейлі ақылдасамын, содан кейін барып… Қалауым, осында өлсем, осында көмілгенді қаламаймын. Өз еліме, өз топырағыма көмілуді қалаймын. Келе жатқанда осында өліп кетермін деген оймен достарыма «Ақшаларыңа бір жер сатып алыңдар, біздікі болсын, түрік ұлтыныкі болсын, сол жерге көміңдер» дегенмін. Алайда кейін бұл ойымнан қайттым. Жұртыма деген сағынышым олай ойлауыма мүмкіндік бермеді.

Өз елімде өлуді және мүбәрак анамның аяғының қасына жерленуді қалаймын. Бұны менің өсиетім деп қабылдарсыздар. Алайда жасаған істерімде, ойларымда, жоспарларымда, ұлтыма, еліме зәредей де зиян тиюіне қарсымын. Жүзден бір ықтимал болса да қарсымын.

Менің елге қайтуымды өтінген достарымыз, мемлекет басшылары айыпқа бұйырмасын… Өтініштері олардың өздеріне жарасымды мәрт мінез, алайда менің бұл мәселеде осындай ойда болуым да оларды құрметтегендік әрі олардың істеген істерін құрметтегендіктің белгісі…

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message