САНА СӘУЛЕТШІСІ

Сонау бағзы замандардан бастау алатын түркі халықтары – адамзаттың бір бөлшегі. Ұлан-ғайыр, байтақ мекенді қоныс еткен түркілердің әлемдік өркениетке, әлемдік мәдениетке, өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қасиетіңнен айналайын, Тоныкөк бабамыз, Күлтегін тас жазбаларынан бастап, Қорқыт Ата, Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сияқты ата-бабаларымыздың еңбегі түбі бір түркі жұртының игілігінен асып, күллі әлем ғылымының жауһарларына қосылды.

Тереңінен толғаған ойларымен рухымызды көтеріп, әдеби кеңістігімізді өсіріп, көкжиегімізді кеңейткен, қазақтың қоржынына көп олжа салған Асан қайғы, Доспамбет, Қазтуған, Шалкиіз, Жиенбет, Марқасқа, Ақтанберді, Үмбетей, Бұқардай жыраулар көне ғасырлардан жалғасып келе жатқан дәстүрді сабақтастырып, мәдениетіміз бен өркениетіміздің дамуына айрықша үлес қосты.

Доспамбет жыраудың Азау қаласында дүниеге келіп, бүкіл Дешті Қыпшақты білгенін, Ыстамбұл мен Бақшасарайда да болғанын, даламен қоса ежелгі шаһарларды да аралағанын, соны жырға қосқанын білеміз.

ХІХ ғасырда Шоқан мен Абай бастаған ағарту-шылық ағым халқымыздың жаңа биікке шығуына әсер етті. Халық рухының кемелденуін аңсаған Абай тек білім мен ғылымды, табиғат пен махаббатты жырлап, қағазға түсіруді мақсат етпеген. Хәкім Абай ақындықты өзек етіп, қазаққа таныс әдіспен, даналық ойларын алға тартып халқын тәрбиеледі. Абай жолы деген осы…

Кешегі қылышынан қан тамып тұрған қызыл империяның өзінде Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқай секілді Алаш ардақтылары түркі жұртының тұтастығын ойлаған жоқ па? Ең бастысы, олар қандай қоғамдық қызметте жүрсе де, ізгілік пен иманды-лықты ту етіп, адамдық асыл қасиеттерді жетілдіріп, дамытып отырды.
Осы ретте, адамзаттың ынтымағы мен қоғамның үйлесімділігін үндестіре білген гуманист, ойшыл Фетхуллаһ Гүленнің де өзіндік көзқарастары, идеялары көңіл аударарлық. Әлемдегі барлық елдердің ортақ сұранысын, діндердің ымырашылдығы мен түсінушілігін, адамдар арасындағы бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырудағы оның еңбегі ерекше екені байқалады.

Түрік дүниесінен шыққан ойшылдың құнды көзқарастары, өзінің идеясымен жүзеге асып отырған білім беру сатылары Ұлы Жаратушыға сенген, байтақ даласына құт қонған, жігерлі де қайратты халқымызға жат емес.

Қолыма Фетхуллаһ Гүленнің «Баян» атты кітабы тиді. Зор ықыласпен оқып шықтым. Кітаптағы «Әдебиеттің құдіреті» атты толғауда: «Назым мен қарасөз арқылы түрлі күй-жайға байланысты айтылған, яки, жазылған көркем өлшемді, ырғақ пен тілдік ережелерге сай сөздер не осы сөздерді зерттеп саралайтын ілім – әдебиет. Әдебиеттің мәні – негізінен тәрбие, ізет, көркемдік арқылы нәзіктікке сүйеніп, бір қалыпқа жетуге саятын «әдеп» түбірінен тарайды», – деп жазыпты. Көкейге қонымды пікір. Әдебиет – адамды ізгілікке, жақсылыққа, адамгершілікке баулитын, қоғамға әсер ететін күш. Бұл – барлығына аян. Ойшылдың әдебиет жайындағы айтқанын ары қарай келтірейік. «Баян – адамзат тарихынан бері ой сүзгісінен өтіп, сөз шеберлерінің қолында иленіп, тағдырдың жазғанындай кемелдене түсті және күндердің бір күнінде «әдебиет» атты ұлы рухани әлем қалыптасты. Сондықтан, әдебиеттің бүгінгісі кешегі күннен жарқын болады, яки, болу керек». Бұл сөздер адамды болашаққа ұмтылдырады, жаңа, тың заман сұранысына сай әдебиет жасауға талпындырады. Өмір ешқашан бір орында тұрмайды. Сол сияқты, әдебиет те қоғаммен, адамның ой-санасымен бірге дамып, жетіліп отырады. Әдебиеттегі ізденістер мен жаңалықтар да соған сай жүреді.

Өмірде «қарапайымнан – күрделіге» деген философиялық өсу заңдылығы бар. Қазақта «Отан өз отбасыңнан басталады», – деген нақыл көп нәрсені аңғартады. Бүгінде Әлемдік деңгейде ойлай алатын кемеңгерлер ең алдымен өз ұлтының, өз елінің, өз халқының тұрғысында ойлай білген. Бұл ретте Фетхуллаһ Гүлен: «Әр ел әуелі өзінің ұлттық және діни қайнар көздерін негізге алып, әрдайым соларға назар аударуы керек. Өзіндік ұлттық сана мен рух өзегін алға тартып, оны негізгі құрамдастай қабылдауы керек. Тіпті, бұлар әдеби сезімдерін және көркем ой қабылдауларын суреттеуде мызғымас арқау болуы керек деп ойлаймын. Сол кезде, өз әдебиетінің рухына ешқандай зиян тимейді және өз сезімдерін, ойларын, шабыттарын үндестіргенде жат амалдарға да зәру болмайды. Міне, дәл осылайша өзінің мәдени құндылықтарын арқау қылған соң, өз заманына сай анықтау, яки, талдау жасауы оның кеңеюіне, тереңдеуіне және әлемдік деңгейге қарай қадам басуына ешқандай қолайсыздық пен ыңғайсыздық болмаса керек», – деп ой қорытады.

Ізденіс пен шабыт – ақынның не қаламгердің ең басты серігі. Ізденіссіз, шабытсыз толыққанды шығарма туылуы да екіталай. Шабыт – адам жанына күш беруші жігер, қайрат. Ізденіс – шығармашылық адамын жаңа белестерге, тың асуларға жетелейтін қозғалыс немесе нақты қадам. Жаңа шығармасына қаламгер қандай ізденістермен келеді? – Бұл ең басты мәселе. Жаңа ізденіс жоқ жерде ой нысанаға дөп тимейді. Өмірдің өзі – ағын, оны тежеуге болмайды. Осы ретте Ф.Гүлен: «Дұрысын айтқанда, тоқырауға ұшыраған адам – өмір сүру белсенділігінен айырылады. Дамуға ынталанбаған қаңсып, кеуіп уақытпен бірге ерте құлайды… жеміс бермеген өледі. Бұл ой-пікір, тек әдебиетке ғана қатысты емес, діннен ой-санаға, өнерден пәлсафаға дейін жалғасатын әр тақырыптың ең басты мәселесі», – дейді. Бұл – өмір заңдылығы.

Адам қай уақытта ізденеді? – Көкірегінде сенім, үміт болған кезде. Ал үміт оты сөнген кезде адам да қураған ағаштай, өзегінен нәр кетеді. Сондықтан әр адам Ұлы Жаратушыға, яғни, Бір Хаққа сенсе, одан үміт етсе, Алланың да сүйген құлдарына сансыз нығметтері даяр. Алланы тануға ұмтылған жанда құлазу, өмірден түңілу, үрей, қорқыныш сияқты жағымсыз сезімдер болмайды. Ол үнемі алға ұмтылады, тоқтамай, ылғи да ізденіс үстінде болады әрі болашақтан үміт етеді.

Фетхуллаһ Гүленнің: «Әдебиетші әр жерде күнделікті туған ішкі сезімдері арқылы ойын жеткізгісі келген жай адамға қарағанда, ерекше ойлайды, өзгеше бағалайды, басқаша талдайды және үнемі кемелдікке қарай ұмтылып, келешек ұрпаққа сүйіп қабылдайтын және үлкен құрметке бөленетін өлмес мирас қалдырып кетеді. Міне, осы тұрғыдан келгенде ол үнемі ұстаз, ал өзгелері шәкірт; ол сәулетші, өзгелері қарапайым жұмысшы болмақ», – деген құнды ойын мақұлдау керек. Қаламгер не әдебиетші оқырманын имандылыққа, кішіпейілдікке, адамгершілікке, ізеттілік пен сыпайылыққа тәрбиелеу үшін ең алдымен өзі сондай болуы тиіс. Жазушы мен ғалымның жүрегінде иман, бойында жақсы қасиеттер болса, оқырманы да ізгі болатыны бесенеден белгілі. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, халқымыздың жазба әдебиетінің көшбасшысы Абай осы айтылған мәселеде де үлгі; ол өзінің қарасөзінде: «Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман – парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат – парыз» деген екен. – Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады?», – деген Абай тағы бірде: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Біз Рақымдылық, мейірбандық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі», – деп біз жоғарыда айтқан ойларды сабақтайды.

Тура жолдағы қаламгердің қашанда оқырманы көп, оның шығармалары сұранысқа ие. Себебі, ол шығармалары арқылы адамзатты алға сүйреп отырады.
Фетхуллаһ Гүлен бұл туралы: «Сөз патшалары – әдебиетшілерге белгілі топтар сенім білдіріп, олардың талпыныстарын көріп, қошеметтеп, еңбектерін бағалады. Көп ретте оларды пір тұтып, құрметтегенін байқауға болады. Олай болса, әдебиетшілер сөз сөйлеу шеберліктерін және көркем өнер қабілеттерін үнемі хақ пен жақсылықтың әміріне бағындырып, шәкірттері болып саналатын бұқараны дұрыс жолдан адастырмай, жалғандықтан бойын аулақ ұстау керек. Ел-жұрттың кіршіксіз ойын лас қиялдармен былғамай, нәпсіқұмарлықты суреттеп, Алланың құлдарын еш уақытта тән құмарлығынан құтыла алмас, азаттыққа жете алмас «тәннің құлдары» болуға ынталандырмауы керек», – дейді…

Бүгінгі Қазақстан – жер шарындағы 200-ден аса елдің қатарына қосылған Егемен мемлекет. Дейтұрғанмен, ол әлі жас. Жиырма жыл уақыт буыны бекіп, бұғанасы қатып, кемелденуіне аздық етеді. Ғасырлардың қойнауына көз жіберер болсақ, біздің осынау ұланғайыр даламызда бабаларымыз, малын баққан, егінін еккен, керек десеңіз, қаласын да салып, керуенін де жүргізген. Өкінішке орай, айналадағы анталаған қызылкөз бәлелердің сан мәрте жасаған шабуылы, бұлап-талауының кесірінен ұйыған тірліктің ұйқы-тұйқысы шығып отырған кездер көп болған. Бабаларымыз: «Қала жау шақырады», – деген екен. Оған куә – ежелгі Тараз, төбеге айналған Отырар, сырын ішіне бүккен Түркістан… ондай дәлелдер аз емес. Көтерген туы қолдан түспеген ерлердің де шарасы таусылып, қаласы шағылған, өрісі өртеніп, даласы қоңырсыған кездері болды. Болғаны сол емес пе, жат-жұрттың зеңбіректерінің үні күндей күркіреп, жусанына киіктің ернінен өзге ештеңе тимеген даламыздың кеудесін темір табан етігі таптады. Өлкеміздің белін басып, бауырлас халықтардың қамалын құлатып, аруын жылатып, елдің еңсесін түсірді. Ал жоңғар жортуылшыларының аттары Шуды жағалап, Таласты сағалады. Көңілді мұң басты, көзді қан жапты… Алла Тағалаға тәубе дейік! Бұл күндері әркім өз қотырын өзі қасуда. Ата-баба арманы орындалып, Елдіктің санатына қосылдық. Сөйте тұра, арқаны кеңге салып керіліп жататын кез емес. Шығысымызда азуы алты қарыс Аждаһа күн өткен сайын күш алып келеді. Мал өссе – өріс керек, ауыз көбейсе – жеміс керек. Сақтанбай болмайды.

Ал орманның Аюы да ұйқыдан оянды. Шектеулі шекарасына, қусырылған аумағына ауырсына қарайды. Тәңіртауындағы Таңқурай дәмін, Алтай орманындағы Балқарағайды сағынады. Бізге қайткенде де байыпты, сергек, отаншыл болған рауа!

Шегініс жасап, сыр шертуімнің өзіндік мәні бар. Руханиятымыз жазылмаған қағаз секілді әппақ, сенім-нанымнан айырылған халқымызды әлдекімдер өз ырқына көндіріп, танымын таңып, ақ қағаздай санаға таңбаларын тізіп, ұрпақты тартып әкетуі мүмкін. Кіммен достасу, кіммен үндесу мәселесі аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ұлтымызды ұясынан үркітетін, ұйып отырған дәстүрлерін ірітетін ағымдардың бізге керегі жоқ.

Қолымдағы «Баяннан» байқағаным, түбі бір қарындас, діні бір бауырлас Ф.Гүленнің ойлары, пікірлері, гуманистік пайымдары – Абаймен, Арыстарымызбен үндес. Бірін-бірі толықтайды екен. Ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарайтын, кісіліктің келбетін сомдауға қызмет ететін толғау-мақалалары менің діттеген жерімнен шықты. Әсіресе, замандасымның қағаз бетіндегі идеялары әлемнің түкпір-түкпірінде іске асып, өз жемісін беруі үлкен нәтиже. Бұл – сөзі мен амалы сәйкесетін, айтқанын іс жүзінде атқаратын ақжүрек азаматтың жанқиярлығы.

Ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен журналистер – ұлт зиялылары. Ендеше, олар ой мен сана сәулетшілері. Сәулетші қалай жоспарласа, құрылысшылар солай еңбек етеді. Олар осы жауапкершілікті сезіне білсе екен.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message