ӘДЕП – КӨРКЕМДІКТІҢ КӨЗІ

 
«Ғаламның Рахым Нұры – Мұхаммед пайғамбар», «Иман аясында», «Ақырет ақиқатына сенім», «Ғұмыр-лық  өлшемдер» сияқты сүбелі еңбектер жазып, сана қуған озық ойлы жұртшылықтың жүрегіне сара жол таба білген Ислам ғалымы Мұхаммед Фетхуллаһ Гүленнің «Ғасыр тудырған күмәндар» деп аталатын (екінші кітап) бұл туындысы сан-салалы күрделі сауалдарға орнықты әрі жүйелі жауап беруімен ерекшеленеді. Өйткені иман байлығын, ар тазалығын биік өреде сипаттаған бұл кітап бүткіл жер-жаһанды жайлаған адамзат баласын Алла Тағаланың ақ жолымен жүріп, ислами құндылықтарды жете түсініп, оның нұрлы сәулесін бойына түгел сіңіріп, адал еңбек етіп, салауатты өмір сүруге үндейді. Жақсылықтан қол үзбеуге шақырады.

Автор бұл еңбегінде «Әдеп деген не? Әдептіліктің мәнін қалай түсінген жөн?» деген сауал қойып, оған былай жауап береді. «Әдеп – діндегі асыл қағидалардың негізінде адам бойында пайда болатын ізгі қасиет, кеңірек түсіндіргенде, рухтың дінмен астаса отырып, берік болуы». Бұл нені аңғартады? Бұл, сөз жоқ, Ислам дінінің адамды шынайы әдептілікке, ақ жүрек адал-дыққа, кемел кісілікке баулитынын аңғартады. Ал басқа діннің жетегінде кеткендер бұндай асыл мұраттарға жете бермейтінін және ұғындырады. Ислам діні ғибратқа толы болмаса бүткіл жарық әлемді қаламымен жаулаған ұлы суреткер жазушы Лев Толстой қартайған шағында дүбірлі дүниенің тылсым сырларын жүрегімен сезініп, Ислам дінін қабылдар ма еді. Әрине, қабылдамас еді. Ғұмыр бойы іздеген шындығын Алланың сөзі – қасиетті Құраннан тауып, Ислам дінін қабылдаған болатын.

Ф.Гүлен сонымен бірге бұл кітабында Алла Тағала Мұхаммед пайғамбардың әдептілігін, көркем мінезін, жаратылыс-болмысын бүткіл адамзат баласына үлгі етіп жаратқанын жүйелі баяндап, қалың қауымға әсерлі түсіндіреді. Оның сахабалар пайғамбарымыздың жан-жары, барша мүміндердің анасы Айшадан: «Алла елшісінің ахлақы қандай еді?» – деп сұрағанда, сонда Айша анамыз: «Оның мінезі – тұнып тұрған Құран болатын», – деп жауап берді», – деп сипаттауы оқыған кісінің жүрегін тебірендірмей қоймайды. Осыдан кейін иман байлығын, ар тазалығын биік ұстаған кім-кім де Алла Тағала мінсіз етіп жаратқан Мұхаммед пайғамбарға еліктеп, Құран сөзін жаттап, көркем ойын көңілге тоқып, салауатты ғұмыр кешуге тырысады. Құранның асыл құндылықтарын бойына сіңіріп, Хақ Тағаланың ақиқат жолына түсіп, өзін де, өзгені де тәрбиелеп, болашаққа көрікті көш түзейді. Ал ақиқаттың жолынан тайғандардың бәрі де қателікке ұрынып, пұшайман хал кешіп, адасудан көз жазбайды.

Адам баласы анадан қанша пәк боп туса да, сайып келгенде, оның жүрегінде шайтанның қармауына оңай ілігетін қара дақ болатын көрінеді. Ал, пайғамбардың жүрегінде қара дақты сәби шағында періштелер сылып тастаған. Сол себепті адамдарды жайшылықта қайдағы-жайдағыларға бастап, жолынан тайдырып, азғыратын шайтандар Алла Елшісінің маңайына жолай алмайды. Өйткені Алла Тағала Пайғамбарды қай жағынан да мінсіз етіп жаратқан болатын.

Ф.Гүлен кітаптың бұл тарауында Хақ Тағаланың ақ жолынан таймай, жер бетіне ізгіліктің ұрығын сеуіп өткен Мұхаммед пайғамбардың әлгіндей ұлы қасиетін алға тартып, бүткіл адамзат баласы оның өнегелі өмірін үлгі тұтып, тіршілікте адал еңбек етіп, баянды ғұмыр кешсе екен деп ой толғайды. Тәлім-тәрбие көрмеген әдепсіз кісі қанша оқып, қанша білім алса да, оның ғалым атанып, ғаламат жаңалық ашып, мұратқа жетуі екіталай дейді. Себебі, әдепсіз адам тамырына құрт түскен ағаш секілді көктеп, көгермейді. Ендеше адамзат азғындап, жаппай қару өндіріп жатқан қазіргі қарақшы заманда жүрегіне иман ұялаған ибалы ғалымдарға қарағанда ардан безген залымдардың уақыт өткен сайын көбейіп бара жатқаны, міне, содан шығар, кім біледі?!

Автор осы тарауда Дарвинизм теориясын қолдап, соның сойылын соғып, босқа арамтер болып, аптыққан ғалымдардың ентігін басып, шындыққа жүгінген бойы олардың бет-пердесін ашып, берекесіз іс-әрекетін әшкерелеп, қатты тойтарыс берген. Сөйтіп ақиқат тілінде сөйлеп, шырайлы шындықты ту етіп көтерген.
Рас, Дарвин теориясын жақтап, оның шашпауын көтеріп келгендердің барлығы уағында саналы білім алып, ғылым жолына түскен ғалымдар мен оқу-ағарту саласында қызмет атқарған мұғалімдер болатын. Бірақ бұлар дарвинизмді сәт сайын уағыздап, өскелең жас ұрпақтың санасын улап, жалған теорияны дәріптеп жүргендерін білмеді.

Ф.Гүлен, міне, осы жәйттерді кеңінен саралай келіп, адам маймылдан пайда болмаған, оны Құдай жаратқан деген түбегейлі қорытынды жасайды.
Дарвин адам маймылдан пайда болды дейді. Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ сол маймылдың өзі қайдан пайда болды Құдай жаратпаса? 
Ендеше он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланың құдіретіне шәк келтіруге болмайды. Ол жоқтан бар, бардан жоқ жасай білетін Тәңір. Бұл кітапты оқыған кісі сол ақиқатқа көз жеткізеді.

Автор осы арада Дарвинизмнің шырмауында адасып жүрген пысықай кейбір ғалымдардың он ұйықтасаң түсіңе кірмейтін құйтырқы жалған әрекетке барып, маймыл мен адамның бас сүйектерін жартылай алып, екеуін жігін білдірмей жымдастыра біріктіріп, бір бүтін бас сүйек жасап, адамның маймылдан пайда болғанын дәлелдемек болып, бүткіл әлемге жар салғанын, бірақ арада көп уақыт өтпей оның қолдан құрастырылған бас сүйек екені әшкереленіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария болғанын жүйелі баяндайды.

Бұл нені ұқтырады? Бұл, сөз жоқ, Құдайдан безіп, арды ұмытқан залым ғалымдардың жалған атақ қуып, күн ашықта адасып, қарау қулыққа бой ұрып, сұмырай сұрқиялыққа ойланбай баратынын ұқтырады.

Дарвин жаңалық ашамын деп жеке өз басы ғана адасқан жоқ-ты. Өзімен бірге талай ғалымды, талай жұртты адастырған болатын. Құдай өзіне сенгендерді мұратқа жеткізіп, Дарвинге сенгендерді түзу жолға салған емес. Олардың әлі күнге дейін адасып, жалған теорияның жетегінде жүргені, міне, содан.
Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла Тағаланың құдіретін Ф.Гүлен кітаптың «Алла жалғыз бола тұра барлық жерде» деген тарауында былай түсіндіреді: «Күн материялық дене болса, Алла материядан пәк. Алла – сәуле, радиация яки атом емес. Ол – осылардың барлығын Жаратушы! Сондықтан да Жаратушы жаратылғанға ұқсамайды. Алла Тағала – нұрды жаратушы. Нұрға қуат беретін де Өзі! Оны түрлендіретін де Өзі. Нұрдың қайнар көзі де Өзі. Өйткені нұрды жаратқан – Өзі! Барлық жарық, сәуле, жылу түрлері Оның Өз ықтиярында».

Ендеше замандардан заманға ауысқан сайын өмір өзгеріп, жаңғырып, жаңарып отыратыны, адамдардың өркениетке ұмтылып, ғаламат жаңалық ашып, ғылым саласында зор жетістіктерге жететіні… міне, осының бәрі Алла Тағаланың арқасында жүзеге асып жатады. Оған шәк келтіруге әсте болмайды. Өйткені Алла Тағала өзі жаратқан адамдарды түзу жолға салып, бағыт-бағдар беріп, тіршіліктің әр саласында сынап, сырттай бақылап, мұқтаждарына көмектеседі. Алланың нұры түскен жандар қатарынан озып, көп жетістіктерге жетіп, салауатты ғұмыр кешеді. «Құдайдан сұраған құстай ұшады, адамнан сұраған мұрттай ұшады» деген, міне, осы.
Сондықтан бұл тарауды оқыған кісі Алла Тағаланың барлық жерде және адамдардың жүрегінде болатынына көзі жетеді.

Кітаптың «Қазіргі заманда фәни дүниені қалай бағамдауымыз керек?» деген тарауында адамзат баласы бұл өмірге қонақ екені, талқаны таусылған күні ана дүниеге – мәңгілік мекеніне аттанып кете баратыны сипатталған. Автордың ойынша, адам баласы жарық дүниеге келіп, есейген соң өз ырзығын теріп жеп, саналы өмір сүрсе де, сайып келгенде, ақырет қамын осы бастан жасап, дайындала бастағаны жөн секілді. Ол бұл ойының дұрыстығын сүйікті пайғамбарымыздың түнде ұйықтағанда астына ши төсеп, сонда жатып жүрген қарапайымдылығымен түсіндіреді. «Осы жағдай сахаба Омар жанына қатты батып, көңілі босайды. Алла Елшісі неге жылағанын сұрағанда: «Византия мен Иран патшалары құс төсекте жатқанда, сен Хақ Тағаланың елшісі бола тұра шидің үстінде жатырсың. Мен осыған жылаймын», – деп жауап қатады. Сол кезде Пайғамбарымыз: «Ей, Омар! Дүние солардікі, ал ақырет біздікі болуын қаламас па едің?» – деп, хикметке толы өшпес сөзін қалдырады», – деп жазады ғалым.

Бұл жолдар адам баласын өз-өзін танып, дәулет-байлыққа қызыға бермей барды қанағат етіп, баянды өмір кешіп, ана дүниеге барғанда жағдайы қалай болатынын көбірек ойлауға үндеп тұрған жоқ па.

Тіршілікте Құдайға ғана табынып, құлшылық етіп, ақыретті ойлаған кісі қандай жағдайда да ала жіп аттамай, ұрлық қылмай, адам баласына жамандық тілемей өмірден таза күйінде өтеді. Ендеше оның ақыретте азап шегуі мүмкін емес.

Ф.Гүленнің «Ғасыр тудырған күмәндар» деген бұл кітабы қайшылығы көп қазіргі қилы заманда небір күрделі сұрақтарға жүйелі жауап беріп, иман байлығын бойға жиып, ар тазалығын биік ұстаған адамзат баласына үлкен ой салып, қиялын тербетіп, көкірегін күмбірлеген күйге толтырып, жан-дүниесін нұрға бөлеп, жаратылыстың тылсым сырларына үңілдіреді. Ғұламаның осы туындысы міне, осындай имани құндылықтарды тереңнен қозғап, жан-жақты сипаттап, шынайы шындықты барынша ажарлы ашып көрсетіп, қалың қауымға айқын түсіндіріп беруімен ерекше. Ендеше ғалымның бұл туындысы да оқушы жүрегіне сара жол тауып, олардың сүйіп оқитын кітабына айналады деп сенем.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message