Адамзат сүйіспеншілікке мұқтаж

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Руханият көктемі » Адамзат сүйіспеншілікке мұқтаж

Адамзат уақыт озған сайын жаратылыс негізінен алыстап, адамгершілік қасиеттен қол үзіп барады. Періштелердің өзі тамсана қарайтын таңғажайып тіршілік иесі бүгінгі күні шайтаннан бетер арсыздықтарға бой алдыруда. Сана-сезімін өшпенділік пен қатыгездік жаулап алғандықтан, бір-біріне ойлағаны – тек қастық. Өйткені, махаббат пен сүйіспеншіліктің не екенін ұмытқан. Ақыл-ойын жауыздық пиғыл дендеп алған. Көңіліне жақпағанды қырып-жою, өзіне ұқсамағаны үшін өзгелерге әпербақандық жасау, ой-пікірі бөлек болғаны үшін мүйіздеп, «өзгелер» деп ат қойып, айдар тағып, зорлық-зомбылық көрсету әдепкі әдетке айналды. Адам баласының көпшілігі ақыл-ойымен емес, көрсеқызар көрсоқыр сезімінің жетегінде ғұмыр кешіп жатқаны жасырын емес. Шешімін таппаған талай мәселенің түйінін тарқатудың басқаша жолдарын қарастырып бас қатырғысы келмейді, таптаурын болған үйреншікті жолынан жазбай, талай дүниенің түбіне жетіп, тақырға айналдырудан тайынар емес. Әсіре мүддешілдікке бой ұрған қазіргі дәуірде адамдардың қандай да бір бармақ басты, көз қысты пасық пиғылсыз бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің көңілін табуы ескіліктің сарыны ретінде бағалануы өкінішті…

Адам баласы менмендік пен өзімшілдіктен туған түрлі ой-пікірлер мен мүдделердің қақтығысын бастан өткеруде. Сондықтан болар, өз мүддесі ескерілмесе дереу ақылынан жазып, өзімен келіспегендерге күш көрсету әдетке айналды. Күш көрсете алмаса, қарсыласын қалайда бір тұқыртып қалудың жолын іздеп, аласұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарын қолданып, көңіліне жақпайтындарды жерден алып, көрге салудан, адамдық ар-намысын аяққа таптаудан да тайынбайды.

Әлемнің бүгінгі беталысына қарасаң, бір жақта әлсізге тізесін батырып, өктемдік жүргізгендердің кеудесіне нан піскен кейпін көресің, енді бір жақта бодандықтан бордай тозып, жәбір-жапа шеккендердің жан айқайын естисің. Қаншама жылдан бері адамзаттың едәуір бөлігі әлсіздігінен әділетсіздіктің құрбаны болып, зар илеумен келеді. Мұндай елдерде ақыл-ой мен сана-сезім сал болып, халық өз ұлтының төл құндылықтарынан мүлдем қол үзіп қалған. Қоғам бір-бірін жағадан алып жағаласқандардан көз ашар емес. Зорлық-зомбылық белең алған елдерде түрлі пікірлер мен сенімдегі адамдар арасына іріткі салатын қитұрқы, арандату әрекеттері былайғы жұрттың шырқын бұзып бітті. Қоғамдағы әралуандылықты араздықтың, соғыс-жанжалдың құралына айналдырып алған. Осылайша ұлт тұтастығына сына қағып, сызат түсіріп, халықты жік-жікке бөліп, бір-біріне айдап салуда. Міне, осының салдарынан тағылыққа бара-бар қатыгездік белең алды. Біреулер өзгелерді езіп-жаншып, қан төгіп, әлімжеттік жасаудан қайтар емес, ал енді біреулер қызыл қырғынды қолдан жасап, лаңкестікке салынуда. Барлық жерде адамгершілік аяққа тапталды. Тіптен бұл тұрғыда адам баласы жыртқыш хайуандардан да бетер тағылыққа бой ұруда…

Адам баласының қазіргі беталысына қарасаң, адамдық ар-намыстың нышанын да таба алмай, қабырғаң қайысады. Ар-ұжданның үні аяусыз тұншықтырылды. Адамдардың еркі жауыздықтың құрығына іліккен. Рухани танымның тұғыры болып табылатын сана лас ойлармен, пасық пиғылмен уланған. Сүйіспеншіліктің мөлдір бастауы болып табылатын сезімдер жыланның ордасындай жан түршігерлік күйде. Хақ нұрының айнасындай болған көңіл қарау ниет, қорқау ойдың қапасына айналған. Жат идеологиялар адам баласының жаратылу мақсатын ұмыттырып, жадылап алған.

Өткенге көз салсақ, тарихи үрдістердің белгілі бір жүйемен қайталанып отыратынын және қай заманда болмасын келеңсіздіктер орын алып отырғанын көруге болады. Алайда, дәл қазіргідей жамандықтың ауа жайылып, жүгенсіз кетуі, адам баласының ғасырлар бойғы ізгі құндылықтарының жаппай мансұқталуы, жаһандану мен ақпараттық-технологиялық дамудың әсерімен тарихта бұрын-соңды болмаған ауқымда жүзеге асуда. Күн сайын теледидардан, интернеттен, газет-журналдардан айтуға ауыз бармайтын неше түрлі азғындықтың куәсі болудамыз. Мұндай оқиғалардың қарадай қаптап, қара аспандай төнгені сонша – көзімізді жұмып, құлағымызды жауып, назарымызды алып қашсақ та, бәрібір жүрекке жебедей қадалатын теріс ықпалынан құтыла алмай келеміз. Сана-сезімді улап, рухани дүниемізге жазылмайтын жаралар салуда. Адамгершіліктің аяққа тапталуы салдарынан базбір жандардың қан жылағанын көріп, қосыла жылап, жермен-жексен болған рухани құндылықтарды ойлап қасіреттен қан жұтасың.

Адамдардың қурап төгілген күзгі жапырақтай адамгершіліктен айрылып, рухани құлдырауға ұшыра-ғанын көріп қабырғаң қайысады. Қайда барсаң, көңілді қарадай құлазытатын осындай келеңсіздіктерді Мехмет Акиф Ерсой: «Ел-жұрт рухани жұтқа ұшырады. Отбасының шаңырағы шайқалды. Үмбеттің алға бастар көсемдері қалмады. Көпірлер жермен-жексен болды. Өзен-судың табаны кеуіп, суалды. Жолаушысы жоқ жолдар қаптады. Надандар Аллаһ үшін деп діндес бауырларын қыра бастады. Елді мекендер көшіп кеткен жұрттың, жайпап кеткен жұттың орнындай құлазыған қу медиенге айналып, ауылдар қаңырап, адамдар аңырап қалды. Үйлер үйіндігі айналды. Еңбексіз, бейнетсіз, ішіп-жегеніне мәз тоғышарлардың айы оңынан туып тұр. Ымырт түсе ошақ басында ойға қозғау салып, рухқа азық болатын салиқалы әңгімелер айтылмайтын болды» деп көкейіндегі қайғы-мұңын, зар-запыранын төккен болатын. Иә, біздің де қабырғамызды қайыстырған осынау ащы запыран жан айқайымызға айналып, қолдың қысқалығына қамығып, қасірет шегумен ғана шектелгеніміз өкінішті-ақ!..

Адамзат осынау құрдымға тықсырған тығырықтан шығу үшін ізгілік жаршыларына үлкен үміт артып отыр. Алайда, көп жағдайда өзгелердің қайғы-қасіретін сейілтуге қауқарсыздығымызды, шарасыздығымызды, қолдың қысқалығы мен жігерсіздігімізді ойлап өзегіміз өртенеді. Осыны ойлап, шығар жол іздеген жандар аз да болса арамызда бар. Алайда, олардың өзінің «жал-құйрығы күзеліп», өлмесе де өлімші халде әрі мүмкіндіктері де шектеулі. Бұл шарасыздық Сузидің[1] : «Жаңбыр жаумайтын, жауқазындар жайқалмайтын болды, жағдайымыз дәл осы бейшара күйде қала бере ме? Рақым дариясынан келетін самал мен сәт сайын есетін желдің өзі қасірет шегуде» деген сөзіндегі терең қайғы-мұңымен үндесіп жатқандай…

Замана зарын ойлаған сайын көкейді тескен сан алуан сауалдар мазалай бастайды. Адамзат дәл осылай бір-бірінің бетін тіліп, етін жеумен кете бермек пе? Ел мен елдің, адам мен адамның жағадан алып, жұлқысуы қашанғы жалғаса бермек? Адам баласының бір-бірін шын көңілден жақсы көріп, жүрекпен түсінісуі келмеске кеткені ме? Жәбір-жапа шеккендерге қол ұшын беріп, сүйеніш болу мүлдем ұмытылмақ па? Адамзат бір-біріне құшағын айқара ашқан күндер көзден бұлбұл ұшқаны ма? Қауіпсіз, бейбіт өмір келмеске кетті ме? Дүниенің тағдыры осылайша қандыбалақ қанішерлердің қанжығасында кете бермек пе? Тирандардың дәуірі қашанғы жүрмек? Міне, осындай сұрақтар көңілді күпті етіп, май ішкендей мазамызды алғанда, ішкі дүниеміздің жан айқайын естігендей боламыз: «Жоқ! Бұлай кете беруі мүмкін емес! Бұл дегенің адамзат пен адамгершіліктің ақыры болмақ…».

Ендеше, келіңіздер, жол айрығында тұрған осы бір сәтте тағы да Жүніс Әміре[2] , Мәулана[3] ұстанған жалпы адамзаттық иләһи үндеулерге құлақ асуға, шынайы көңілден «сүйіспеншілік пен бауырластық» жаршысы болуға шақырамын! Адам деген ардақты атқа лайықты болудың қалай болатынын жер-жаһанға үлгі етіп көрсетуге үндеу тастаймын! Өшпенділік пен дұшпандықтан қажыған дүниеде ағымыздан ақтарылып, шынайы түсіністікке қол жеткізу үшін жалған намысты тастауға шақырамын! Жаратушының шексіз рақымдылығын үлгі тұтып, дарқан көңілмен құшағымызды баршаға айқара ашайық! «Көп түкірсе, көл болады» демекші, бірігіп, тізе қосуға шақырамын! Баршамыз Адам атаның балаларымыз. Тамырымызда Адам атаның қаны, рухымызда Ахмедтің[4] ақиқаты бар. Ендеше, шайтанның азғыруына ермей, Жаратушының жер бетіне халифа еткендігін әрі рухани кемелдіктің шыңына шыға алатынымызды паш етіп, жер-жаһанды жаңғыртатын ұран тастайық! Адамдық абыройымызды асқақ ұстайтынымызды періштелерге жар салайық! Келіңіздер, жүрген жолымызды даңғылға айналдырып, бас қосып, қол ұстасып Жаратушыға бет бұрайық!


[1] Сузи (1879-1944) – шын аты Али Өзкан. Түркияның Токат аймағында өмір сүрген белгілі түрік ақыны. Бекташи тариқатының көрнекті өкілдерінің бірі. (Ауд).
[2] Жүніс Әміре (1240-1321) – Түркияда өмір сүрген әйгілі түрік ақыны, тасаууыф (сопылық) ілімінің көрнекті өкілі.
[3] Мәулана Жәләладдин Руми (1207-1273) – танымал мұсылман ғұламасы, ойшыл әрі тасаууыф (сопылық) ілімінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Мәулана қазіргі Ауғанстанның Бәлх қаласында туған. Кейін келе қазіргі Түркияның Кония қаласына қоныстанып, сол жерде көз жұмған. (Ауд).
[4] Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.)


Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message