«ХУСНУЗАН» МЕН «СУИЗАН» (ЖАҚСЫ ОЙДА ЖҮРУ МЕН ЖАМАН ОЙДА БОЛУ)

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Призма (таңдамалы-1) » «ХУСНУЗАН» МЕН «СУИЗАН» (ЖАҚСЫ ОЙДА ЖҮРУ МЕН ЖАМАН ОЙДА БОЛУ)

Жақсы ойлау мен жаман ойлаудың жөн-жосығын білдіріп, жалпы осы екі ұғымды кеңінен түсіндіріп өтсеңіз.

Араб тілінде «хуснузан» – біреу жайлы сыртынан жақсы ойлау, ал, «суизан» жаман ойлау, теріс пікірде болу дегенді білдіреді. Көкірегінде иманы бар, өзін мүмин санаған кез-келген мұсылман өзге бауыры туралы әрдайым жақсы пікірде жүруге міндетті.

Ал біреу жайлы жаман ойға бару – мұсылманға жат қылық. Бәлкім, о бастан дінге жауластығы мәлім адамдар жайлы ғана жаман ойлауға болар.

Кез келген мұсылман қандай да бір діндес бауыры жайлы жаман ойға барса, (әрине, бұған итермелеген бір түрткі болуы кәдік) көп жағдайда қателеседі. Сол сияқты ақиқатқа өш адам туралы жақсы ойда болу да жаңылысуға жиі жол ашады. Бұл жердегі түйткіл, кім жайлы не ойлау керектігін білмеуден шығады. Жақсы пікір (хуснузан) мұсылман кісі жайлы, ал жағымсыз ой (суизан) адамдықтан әбден азғындаған, айуандық қылықтарына шімірікпейтін имансыздар туралы ғана туындауы мүмкін. Осы себепті кез келген мұсылманның хал-харекетін, мінез-құлқын жақсыға жорып, ол жайлы жағымды ой түю – иманды адамның ерекшелігі әрі міндеті… тағы да қайталап айтам, мұсылмандар жайлы әрқашан қолдан келгенше жақсы ойда жүруге тырысқан жөн.

Имам Биргиуидің «Тариқаты Мұхаммадия» атты еңбегіне жазған түсіндірмесінде ғұламалардан марқұм Хадими жоғарыдағы жайтты мынадай мысалмен түсіндіреді:
«Егер иманды кісі бір мұсылманның зина жасап жатқанының үстінен түссе, растығына көзі жетіп тұрған күннің өзінде «Субханаллаһ, мұсылман баласы мұндай істі жасамаса керек-ті. Негізі, бұл өте жақсы кісі, қателікке қалай ұрынды екен?…Уа, Жасаған Ием, сен оны кешіре гөр!» деп, ешкімге көргені-білгені жайлы тіс жармастан, дереу әлгі жерден алыстағаны мақұл».

Мұсылман адамның мұсылман бауырына деген ішкі ойы осындай болуы тиіс. Бұл – иманы беріктіктің белгісі.

Кейде мүмин кісі иманды бауыры жайлы еріксіз нашар ойға баруы да мүмкін. Ондайда кешірім мен мейірімділікті негізге ұстап, Құранда «Бос сөз бен істі көргенде байсалды түрде ол жерден алыстайды»[1] деп айтылғандай, оның нашар қылығын көрсе де көрмегенсіп теріс айналғаны абзал. Өйткені, мұсылман – Құран аятында сипатталғандай, айналасына түсіністікпен қарайтын, кешірімшіл әрі кемшілік-қателерді көрсе де көзге шұқып, бетке баспайтын жан.[2]

Иә, мүмин осы ұстанымнан ажырамауы тиіс.

Тақырыпты нақтылай түсу мақсатында, Пайғам-барымыз өмір сүрген алтын ғасырдағы мына бір оқиғаны еске сала кетуді жөн көрдім.

Деректерге қарағанда, Нуайман – Бәдір шайқасына қатысқан сахабалардың бірі. Ішкілікке тыйым салған үкім түскеннен кейін де Нуайман мас қылатын жеміс шарабын ішуден тыйылмайды. Бірнеше рет мас күйінде Пайғамбарымыздың алдына әкелінгеніне қарамастан, ішуін тоқтатпайды. Тағы бірде осы жағдай қайталанғанда, сахабалар Нуайманға: «Аллаһ жазаңды бергір, ұяттан жұрдай не деген адамсың?! Осымен нешінші рет пайғамбардың алдында сүмірейіп тұрсың, бір мезгіл ойлансаң қайтеді?!» деп ұрса бастайды. Бұны естігенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бауырыңызды жабыла сөгумен шайтанға жақтаспаңыздар. Уаллаһи, Нуайманның Аллаһты да, елшісін де жақсы көретініне шүбәм жоқ», – деп, оларды ақылға шақырады.

Кез келген мұсылман туралы Пайғамбарымыздың ішкі ойы осындай еді. Сол уақыттарда осы тәріздес оқиғалар жиі ұшырасқанына қарамастан, Аллаһ расулы әр адамның қателігіне үлкен кешіріммен қараудан жалықпаған. Кең пейіл, мол мейірбандық таныту арқылы әрбірінің жүрегіне жылу ұялатуға тырысқан. Бұған куә болғандар жақсылыққа өздері-ақ тез бетбұрыс жасайтын.

Осындай өнегелі істерден сабақ алып, мұсылмандар бір-бірінің жақсысын асырып, жаманын жасыруы керек. Мысалы, достарымыздың біреуін көшеде бөтен бір әйелмен кетіп бара жатқанын көрсек те, лезде жаман ойға бармауымыз керек. Аллаһтың өзі ешкімді бір ғана қателігі үшін дереу жазаламайды. Егер адамзатты бір ғана кемшілігі үшін жойып жіберген болса, бүгінде жер бетінде бірде бір пенде қалмас еді. Керісінше Ұлы Жаратушымыз қателіктеріміздің көптігіне қарамастан, ризығымызды үзбей, қамқорлығын аямауда. Сондықтан, иманды адам Ислам тәрбиесін бойға сіңіріп, мүмин бауырлары хақында қолынан келгенше жақсы ойлап, жағымды пікір түюге тырысқаны жөн.

Мұсылмандар жайлы жаман ойлау тәрбиедегі кемшілікті аңғартады. Өйткені, ол жүректің ластануынан туады. Бұдан құтылудың жолы әркімнің өз күнәларын талқыға салып, түзетуі. Рухын кір шалған адам барлық нәрсені бұлдыр көреді. «Таза нәрсені ал, күмәнді көрінгенді таста» дейтін ұстанымға сәйкес мұсылман жан көп тікеннің арасындағы жалғыз гүлді көріп сүйсініп, жұпар иісіне рахаттануы тиіс. Рухы дертті жан болса, гүл алқабындағы гүлдердің әдемілігін көріп, жұпарымен рахатқа кенелудің орнына, саусағына батқан бір түйір тікенге ашуланып «Бүйткен гүлі құрсын!» деп теріс айналуы мүмкін. Бұл – рухани дүниенің жұтаңдануының көрінісі. Мұндай адам ең әдемі, ең көркем жайттардан да тіксініп, адуындыққа салынуы ғажап емес.

Қорыта айтқанда, залалынан сақтану мақсатында имансыздар жайлы ғана суизан жасауға болар. Ал хуснузан – мұсылманның кез келген иманды бауыры жайлы жақсы ойлауы дегенді білдіреді. Бұл – мұсылмандар арасындағы ауызбіршілікті арттыратын маңызды жайттардың бірі.


[1] «Фурқан» сүресі, 72-аят.
[2] «Тәғабун» сүресі, 14-аят.


Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message