ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ САХАБАЛАРЫН БАҒАЛАУЫ

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Имани сұхбат - жан азығы (таңдамалы-2) » ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ САХАБАЛАРЫН БАҒАЛАУЫ

Пайғамбарымыз сахабаларын қаншалықты жақсы көрген әрі жақсы көруіне не себеп болған? Осы туралы әңгімелеп берсеңіз…

Пайғамбарлар өздеріне қолдау білдіріп, дін ісіне жан-тәнімен жанашырлық танытқан үмбеттеріне ерекше қарап, оларды жақсы көрген. Қиын-қыстау шақтарда жанынан табылып, жалғыз тастамаған адал серіктерін қалай жақсы көрмесін?! Алайда, басқа пайғамбарлардан соңғы елші хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір ерекшелігі бар еді. Өзге пайғамбарлар өмірден озысымен, ізін басатын басқа бір пайғамбар келетін-ді. Ал, Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сабақтаған жібін сахабалар мен мұсылман үмбетінің ғұламалары жалғады. Сол себепті, оның үмбетіне деген ықыласы ерекше еді. Сүйіспеншілігіне селкеу түсірмеу үшін қажет кезінде мынандай ескертулер жасаған: «Артыма екі мұра қалдырдым. Бірі – Құран. Екіншісі – сүннетім. Осы екеуін темірқазық еткендер хақ жолынан таймайды». Кейде Құранмен қоса, өзінің жақын-жұрағаты әһлі бәйтіне көңіл аудартып, осының төңірегіне топтасып, жұдырықтай жұмыла білуге шақырған. Сондықтан, сол дәуірде, тіпті, кейін де, Құран мен сүннетті жақтағандар, әһлі бәйтті қорғауды − дінді қорғау деп қабылдаған. Біздің түсінігімізде де әһлі бәйт Адамзаттың асылына (с.а.с.) етене жақындығымен басқа туыстықтардан жоғары саналады.

Әрине, мұнымен қоса, дін ісін мүлтіксіз жалғастыра білген де сахабалар еді. Сахабалар Хақтың әмірлеріне толық мойынсұнып, Ақиық елшіні ешқашан жалғызсыратпаған. Барлығы да пайғамбарлық нұрды өз көздерімен көріп, тәлімін алған. Осы жайтты ескерсек, олардың бізден мүлдем бөлек екенін аңғарамыз. Олар Пайғамбарымызды көрген, әр іс-қимылын жіті бақылаған, көктен нөсерлеткендей құйылған уахиды тамашалаған жандар. Әрине, олардың бізге ұқсамасы анық. Осындай қасиеттері үшін Пайғамбарымыз оларға көңіл бөліп, «Сахабаларымды сөккендер біздің қатарымызда бола алмайды» деп қадірлеген. Әрі қияметке дейінгі үмбетіне, дін үшін еңбек етуді мұра еткен. Арпалысты күндерді бастан кешкендерді көкке көтере ардақтау керектігін меңзеген.

Иә, Пайғамбарымыз достыққа өте адал жан еді. Өзі мұрындық болған істі аяқтауға тер төккендерге үнемі қол ұшын созатын. Тіпті, олармен қоян-қолтық араласып, қатты бауыр басып кететін-ді. Раббысына қайтатын кез келіп, (бұл оның аңсары еді), сахабаларымен айрылысатынын білгенде, егіліп: «Жуырда сіздерден мен туралы сұрайды» деумен шектелген. Опа дегеннің не екенін біз пайғамбардан үйрендік. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) опасы пенделермен ғана шектелмеген. Өзі туып-өскен жердің тауын да, тасын да құрмет тұтып, қадірлей білген.

Меккені аңсағанда жиі-жиі Ұхыдқа барып, алғаш ат басын тіреген Құбаға соғатын. Өйткені, Құба Меккеден шалғай кеткенде, құшағын айқара ашқан құтты мекен еді. Ақиық елші әр сенбі сайын: «Сен мені құдайы қонақ етіп едің» дегендей, міндетті түрде Құбаға баруға тырысатын. Көбіне «Біз Ұхыдты жақсы көреміз, ол да бізді жақсы көреді» дейтін. Әркез Мәдинадағы Бақи мазарын да зиярат етуді ұмытпайтын. Астапыралла, оны мазар деуге аузымыз бармайды. Өйткені, Бақи мазары саңлақ сахабаларымыздың ақырет есебін бермек үшін жайланған нұрлы мекені еді. Әз елшінің өмірінен опалылық қасиеті жайлы осындай көптеген мысал келтіруге болады.

Осы тақырып төңірегінде жіті зерттеу жүргізген дос-дұшпанның бәрі де «Хазірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бауыр басқан мұсылман үмбетіндей үмбет, өз жамағатына ерекше құрметпен қараған хазірет Мұхаммедтей (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көшбасшыны табу мүмкін емес. Бұл бұрын-соңды болмаған құбылыс» деуде. Иә, мұндай көшбасшыға арнайы жамағаттың еруі табиғи үйлесім емес пе?!

Сахабалар құлшылықтың, дін үшін қажыр-қайрат жұмсап, күресудің баспалдақтарына қадам жасағаннан кейін ғана зор қадір-құрметке ие болған. Адамзаттың беткеұстар мақтанышы Сардар елшімізге (с.а.с.) келсек, ол дүние есігін ашқан сәттен-ақ пайғамбар еді. Өйткені, оның балалық шағы, пайғамбарлыққа дейінгі кезеңі болашақ елшілігін толық қуаттаған. Айталық, ар, ұят, абырой, намыстан жұрдай жахилия кезінде де хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің қасиетін сақтаған. «Арлы кісі» кім дегенде жұрт дереу Соны еске алатын. Өйткені, ешқашан арына қылаудай болса да дақ түсірмейтін пәк кісі еді. Аманатқа қиянат қылмайтындықтан ел ішінде «адал, сенімді адам» (әл-әмин) деп аталған. Өмірінде ешкімнің ала жібін аттамаған, өтірік айтпаған. Ешкімді алдамаған. Осы айтылғандардың барлығы да оның болашақта пайғамбар болатынын көрсететін. Пайғамбарлықтың іргетасы осы негіздерге орнықтырылған-ды. Алғашында Меккелік пұтқа табынушылар оған әр түрлі жала жауып, «сиқыршы», «ақылынан алжасқан», «сәуегей» десе де, ешқашан өтірікші я ұятсыз демеген. Әсіресе, «аманатқа қиянат жасайтын еді», «берген уәдесінде тұрмайтын еді» деген секілді уәж айта алмаған. Бар наздары ешкімді иландырмайтын «сиқыршы», «ақын», «сәуегей» деген сынды ғайбат сөздер еді. Сірә, бұл жалаға іштей өздері де сенбеген шығар. Иә, хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәк күйінде дүниеге келді, пәк күйінде өмір сүрді, пәк күйінде өмірден озып, жүрек төріне орнықты.

Пайғамбарымыз – Аллаһтың арнайы жіберген тұлғасы. Қол ұшын беру, үмбет болу, достық жасау ниетімен маңайына жиналған кісілер де арнайы жаратылған жандар. Бұл айтылған сөз мынаны да меңзейді. Сіздер ендігі жерде Әбу Бәкірді (р.а.) іздесеңіздер, таппайсыздар. Омар, Осман, Әлилермен де (р.а.) жолыға алмайсыздар. Алайда, саңлақтардың жаққан жалынын маздатып, олардың көктеп-көгерткен дініне қызмет ететін басқа Әбу Бәкір, Омар, Османдар мен Әлилер ақыретке дейін келе бермек.

Кішігірім бір мысал келтірейік. Сахаба Халид ибн Уәлид (р.а.) Мута соғысына барған кезде мұсылмандықты қабылдағанына небәрі екі-ақ ай өткен еді. Қолбасшылық жасайтындардың қатарында аты аталмаған болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдті, Жағфарды, Абдуллаһ ибн Рауаханы (р.а.) қолбасшылыққа тағайындаған соң: «Бұлардың бәрі шейіт болса, қолбасшылық Аллаһтың алмас қылыштарының бірінің қолына өтеді» деген-ді. Тарихшылардың айтуынша, бұл соғыста дұшпандардың саны әр мұсылманға отыз кісіден келетін-ді. Мұсылмандардың саны 3000, Византия әскерінің саны 100 000 еді. Алты күн қиян-кескі соғыс жүріп, жетінші күні Аллаһтың қалауымен аталған үш қолбасшы ажал құшады. Майданның көрігі қызған сәтте құлай жаздаған туды қолына алған сахаба жарақатымен әлсіреп: «Байрақты ұстауға лайықты батырды енді таптым, мынаны ал» деп Халидке (р.а.) дауыстады. Халид бұл мәртебеге өзін лайықты санамай тартынса да, еріксіз туды көтеруге мәжбүр болды. Сол сәттен бастап сол түн Халидке арналғандай шұғыл әсер берген еді. Дереу түрлі айла-тәсілдерді қолға алып, оң жақ қанаттың әскерін сол жақ қанатқа ысырып, сол қанаттың әскерін оң жақ қанатпен ауыстырды. Ортаңғы күшке де өзгерістер енгізді де, сырнай-кернейлетіп, дабыл қақтырып, Мәдинадан тың күш келіп қосылғандай түрлі айла-әрекеттерге көшті. Мақсаты − византиялық әскерлерді үрейлендіріп, қорқыту еді. Ойлағаны іске асты. Таңға дейін тарсыл-гүрсілмен арт жақтан мұсылмандарға жәрдемге қалың қол келіп жатқандай қимыл жасады. Таңға жуық мұсылмандар жайыла көп найза, көп ту ұстап, дұшпанға бет түзеді. Дұшпандар мұны көріп, Мәдинадан көмек келгеніне толық иланып қалды. Іле өзара әбігерленіп, мазасыздана бастады. Дұшпандар таң арайлап атқанда, бірнеше күннен бері өздерімен найзаласқан әскерлерден өзге кейіпке енген білекті сарбаздарды көріп, қатты таңырқады. Дәл осы сәтте сахабалар рухы жасыған дұшпан әскерінің негізгі күшіне қайта-қайта шабуылды үдетті. Бұл аяқ астында тұрған жеңілістің жеңіске ұласуының алғашқы белгілері еді. Ал, енді Құдай үшін айтыңызшы… Небәрі екі-ақ ай ішінде Халид (р.а.) мұндай деңгейге қалай қол жеткізді? Әліпті таяқ деп білмейтін пенделер екі айда Құранды толық үйрене алмай жатады емес пе? Осы шайқаста Халид мұсылман әскерінің мұртын бұзбастан Мәдинаға аман-есен алып қайтты. Византиялықтардың жүрегі мұсылмандарды өкшелей қууға дауаламаған. Төрелігін өзіңіз айтыңыз… Арнайы келген Нәбидің жанындағы серіктері де ерекше қасиеттің иелері емес пе?! Иә, олар Исламға шын жүрегімен, адалдығымен, жан-тәнімен берілгендіктен, Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігі мен махаббатына бөленген еді. Иншаллаһ, біздің ұрпағымыз да осы мұрагерліктен таймай, жалықпастан, шаршамастан, сол жолдағы аз қиындықтарға мойымастан, Ислам дінін көркейтуге, гүлдендіруге атсалысса, сахабалар тәрізді олар да Пайғамбарымыздың ыстық ықыласына бөленері даусыз. Раббым, бәрімізді осы қасиетті жолымыздан адастырмай, ықыласымызды арттыра берсін! Әумин.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message