ОРЫНСЫЗ СҰРАҚ ОРҒА ЖЫҒАДЫ

«Сендерден бұрынғы үмбеттер (орынды-орынсыз) көп сұрақ қоюдың кесірінен опат болды» деген хадисті қалай түсінуге болады?

Халық Пайғамбарымызға (с.а.с.) көп сұрақ қоюға үйір еді. Бұл сауалдардың кейбірі әдептен озатын-дықтан, Аллаһ елшісінің қабағына кірбің ұялайтын. Кейде бай-манаптар қалауын сыбырлап болса да, жеткізуге тырысып бағатын. Пайғамбарымызға бұл да ауыр тиетін. Дегенмен, олардың да бетін қайтармай сыпайылық танытатын.

Міне, осы себепті кейіннен «Ей, иман келтіргендер! Егер Расулаллаһпен оңаша кездескілерің келсе, онымен жүздесу алдында садақа беріңдер»[1] , – деген аят түсіп, Аллаһ расулымен жүздесердің алдында садақа беру мәснун, яғни сүннет болып санала бастады.

Бірқатар ислам ғұламаларының айтуынша, кейінірек бұл аят насх[2]  болған. Негізінде бұл садақа жайындағы бұйрықта өзіне орынсыз келіп жататын сауалдардан мазасызданған Пайғамбарымыздың осы қынжылысын азайту әрі жалпы орынды-орынсыз талап етілетін жүздесулердің алдын алу көзделгені байқалады.

Дінді үйрену мақсатымен халықтан әр түрлі деңгейдегі адамдар келіп, Пайғамбарымызға кез келген мәселеде сұрақ қоятын. Көпшілік болған соң олардың арасында әр түрлі пенденің кездесуі заңды да еді. Дегенмен, Пайғамбарымыздың міндеті адамдарға дұрыс жолды сілтеу болғандықтан, ол бәріне де шыдамдылықпен қарайтын.

Бірде Аллаһ расулы (с.а.с.) мешітте көпшіліктің сауалдарына жауап беріп отырып, орынсыз қойылған бір сұраққа қатты ренжиді де, орнынан тұрған күйі «Бүгін нақ осы жерде не сұрасаңдар да жауап беремін», – дейді. Осыны айтуы мұң-ақ екен отырғандардың бірі: «Мен о дүниеде жаннатқа барам ба, әлде тозаққа ма?», − деп сұрайды. Пайғамбарымыздан «тозаққа» деген жауап естиді. Артынша, Абдуллаһ ибн Хузафа орнынан тұрып: «Менің әкем кім, уа, Расулаллаһ?», − дегенде: «Сенің әкең Хузафа», − деген жауап алады.

Міне, осылайша жұрт ойына не келсе, соны сұрап жатқанда, пайғамбардың көңіл-күйін түсінген қырағы Омар (р.а.) суырылып шығады да, баршаға естіртіп: «Біз Жаратушы Иеміз ретінде Аллаһтан, дін ретінде Исламнан және пайғамбар ретінде Мұхаммед Мұстафадан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разымыз» дейді. Омардың осы мағыналы әрекеті Аллаһ расулының сол сәттегі көңіл күйзелісін жойып, көңілін мейірім шуағына бөлейді.

«Зияратқа шамасы жететін баршаға Бәйтул-лаһты зиярат қылу – Аллаһтың хақысы»[3]  – деген аят түскен кезде көпшіліктен біреу: «Уа, Расулаллаһ! Қажылықты жыл сайын жасауымыз керек пе?» деп сұрайды. Аятта қажылықтың өмірде бір рет парыз болғаны ашық айтылған-тын. Алайда, ол бәлкім, шамасы келген жанның нәпіл ғибадат ретінде де болса, қажылыққа барғанын, Қағбада дүниенің шартарабынан келген мүмин бауырларымен қоян-қолтық араласып бауырластықтың артуына себеп болғанын қалаған-тын. Осы себепті қажылық жайында қысқа қайырып еді. Бірақ, «Қажылық жыл сайын міндетті ме?» деп тықақтап сұрағандарға, «Қажылық өмірде бір-ақ рет» деп, жауап қайтаруға мәжбүр болған-ды. Осы оқиғаның артынша төмендегі аят түскен: «Ей, иман келтіргендер, түсіндірмесін естігенде көңілдерің жаратпайтын мәселелерді сұрамаңдар!»[4].

Аллаһ расулы қажылық жайында «қажылық өмірде бір рет парыз болғанымен, көңілі қалаған, шамасы жеткендер бірнеше рет қажылыққа бара алады» деп ойлап, мәселені сол күйі қалдырғысы келген. Сұрақтар толастамаған соң: «Егер мен «иә, парыз» десем, онда жыл сайын қажылыққа баруға мәжбүр болып, шамаларыңыз жетпей қиналар едіңіздер», – деп, орға жығар орынсыз сауал қоюдың зиянына қатысты: «Мен сендерге бір мәселенің мәнін ашып айтпасам, сендер мені қыстамаңдар. Өйткені, сендерден бұрын өмір сүрген қауымдар арасында пайғамбарларына көп сауал қойып, өзді-өзі келісімге келе алмағандықтан, құрдымға кеткендер бар. Сондықтан, сендерге «мына нәрсе болмайды десем, неге олай, неліктен бұлай?» деп өздеріңе қиындық тудыруы мүмкін мәселелерді тәптіштеп сұраудан аулақ болыңдар. Ал, «жасау керек» деген бұйрықты қолдарыңнан келгенше орындауға тырысыңдар» деген.

Тағы бір жайт. Кейде Аллаһ расулына тұрмыстық маңызы бар сауалдардың орнына, құдды алдарында астроном-ғалым тұрғандай: «Ай неліктен жіңішкеріп, толып тұрады?» деген сияқты сұрақтар да қойылатын. Бұл сұрақтың артынша: «Сенен жаңа туған ай туралы сұрайды. Сен былай де: ол адамдардың пайдасы үшін, әсіресе қажылықтың уақыт өлшемі»[5]  – деген аят түскен.

Негізінде, бұл олардың сұрақтарының толық жауабы емес еді. Өйткені, айдың белгілі бір уақытта жіңішкеріп, онан соң қайта толуы халыққа тікелей керекті мәселе емес-тін. Аллаһ расулы (с.а.с.) осы сияқты сұрақтардың қойылғанын қаламайтын.

Кейбіреулер Пайғамбарымыздан: «Еркек пен әйел жыныстық қатынасқа түскенде, екеуінен пайда болатын баланың жынысы қалай белгіленеді?» – деген сияқты, тіпті бұдан да ыңғайсыз сауалдарды сұраудан еш қымсынбайтын. Шын мәнінде Пайғамбардан мұндай сауал сұрау әдепсіздік болып есептелетін. Тыйым салынған сұрақтардың дені осы сарында еді.

Сонымен қатар, базбіреулер қисынға келмейтін «Адамда неліктен екі көз бар? Біреу ғана болса жетпей ме? Мұрында неге екі тесік орналасқан? Ақыры екі тесік кеңсірікте қосылса, біреуі артық емес пе? Адамда неге отыз екі тіс бар?..» деген сияқты мәнсіз-мағынасыз сұрақтармен қатар, «Барлық нәрсені Құдай жаратса, Құдайдың өзін кім жаратыпты? Аллаһ ештеңені жаратпай тұрып немен шұғылданған?» дегендей пәтуасыз сұрақтарды қарша борататын. (Мұндай сұрақтарға белгілі бір дәрежеде мағлұматы жоқтардың жауап беруге тырысуы үлкен қателік, сондай-ақ бұл тақырыптарда білімі бола тұра сұрақ қоюшыны толық қанағаттандыратын жауаптар бермеу де дұрыс емес).

Мұндай қисынсыз сұрақтар кейде бір білместікті жойғанымен, енді бірде бірнеше жаңсақтыққа жол ашуы әбден мүмкін. Сондықтан, Аллаһ расулы жоғарыдағы хадисінде: «..Сендерден бұрынғы үмбеттер (орынды-орынсыз) көп сауал қою кесірінен опат болды» – дей отырып, дұрыс жерде, дәл уақытында, дұрыс сауал қоюдың маңызына назар аудартқан.

 


[1]    «Мүжәдала» сүресі, 12-аят.
[2]    Насх – шариғаттың бір бұйрығын тағы да сол шариғаттың әмірімен үкімсіз деп жариялау. Ауд.
[3]    «Ал-и Имран» сүресі, 97-аят.
[4]    «Маида» сүресі, 189-аят.
[5]    «Бақара» сүресі, 189-аят.

 


 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message