ҚЫЗҒАНЫШТАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Имани сұхбат - жан азығы (таңдамалы-2) » ҚЫЗҒАНЫШТАН АРЫЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 Қызғаныштан қалай арылуға болады? Мұндай кеселге ұшыраған адам не істеуі керек?

Адам бойында кездесетін мінездердің бірі – қызғаныш. Мұның ең төменгі, ешкімге залалсызы − қызығу болса, ал ең асқынған түрі қызғаныш. Ол – іштарлыққа я көре алмаушылыққа ұласады. Араб тілінде осы екі мағынаны бір ғана «хасад» сөзі білдіреді.

Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Екі адам ғана қызғануға лайықты. Олардың бірі – Аллаһтың берген дәулетін дін жолында жұмсаған адам. Екіншісі – Аллаһтың нәсіп еткен ілімімен амал жасап, білгенін басқаларға да үйреткен кісі», – делінген. Бұл жерде қызғаныштан гөрі қызығу мәселесі меңзелген. «Қызығу» деген сөздің орнына қолданылатын сөздердің бірі – «тәнәфус». Құранның «фәл-иәтәнәфисәл мутәнәфисуун»[1]  деген аятында бұл сөз «жақсылық жолында жарысу» деген мағынада қолданылған. Осы тұрғыдан алғанда ілім, ғылым үйренген адам айналасына пайдалы болып, үйренгенін өзгелерге үйретумен шұғылданса, оны көрген кісі: «Шіркін, пәленше секілді ұшан-теңіз білімім болса, мен де оны басқаларға үйретіп, ақиқатты насихаттар едім» немесе Аллаһ тағала нәсіп еткен байлықты сауап жолында жұмсап жүрген жомарт кісіні көргенде: «Шіркін, осындай байлығым болса, мен де осы кісі сияқты атымтай жомарт болар едім» десе, бұл қатты қызыққандық.

Бақыт ғасырында сахабалардың арасында дәулеті асып-тасқан кісілер болған. Олар байлығын игі жолда жұмсап, үнемі сауап істе бір-бірімен жарысатын. Әсіресе Мәдинадағы бай ансарлардың жомарттығын, сауапты істерге ынтықтығын көргенде, мұхажир болып келген кедей мұсылмандар еріксіз мұңайған. Тіпті, Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Расулаллаһ!  Ансар бауырларымыз бізбен бірге намаз да оқиды, ораза да ұстайды. Дәулетті болғандықтан, дін жолына байлығын қоса жұмсайды. Ал біздің қолымыздың қысқалығы өзіңізге мәлім» деп мұң шаққанда, ардақты елші оларға намаздан соң, тәсбихат дұғаларын оқуға кеңес берген.

Иә, біреуге қызығып қана қараудың ешкімге зияны тимейді. Алайда, ол да өз өлшемінен аспауы тиіс. Әйтпеген жағдайда ушығып кетуі мүмкін. Мысалы, біреу екінші біреуді ғылымдағы жетістіктері үшін, ілімдегі тереңдігі үшін жақсы көруі мүмкін. Алайда, келе-келе: «Неге онда бар білім менде жоқ?» деп ойы бұзылып, қызығуы қызғаныштың ошағына айналғанын аңғармай да қалады. Бұл жерде айтпағым – қызығу мен қызғаныштың арасы бір-ақ тұтам. Сондықтан, бұл мәселеде өте мұқият болғанымыз дұрыс. Мұсылман-дар өзгелердің қызғанышын тудыратын іс-әрекет-терден іргесін аулақ ұстағаны жөн.

Қызғаныш пен көре алмаушылық – Аллаһ сүймейтін мінездердің бірі. Ол үлкен күнәға жатады. Пенденің жеке өміріне, бұл дүниесі мен ақыретіне де үлкен кесірін тигізеді.

Әлсіз хадистердің бірінде: «Құрғақ отынды қас-қағым сәтте оттың жағып жіберетініндей, қызғаныш та адамның барлық жақсы амалдарын лезде жоқ қылады» – делінеді.

Жақсылық жасаған адам қызғаныштан арылмаса, Құдай сақтасын, жиған-терген бар сауабынан бір демде айрылып, құр алақан қалары анық. Біреулердің қызғаншақтығы бетінде тұрады. Енді біреулердікі іштей өзегін өртеп жатады. Мұндайлар құлшылықтан бас алмай, игі амалдарды қаншалықты көп жасаса да, оның ләззаты мен берекетін сезіне алмайды. Мысалы, мұндай пасық ниетті адам тақуа кісіні көрген сайын немесе ол кісі есіне түскен сайын дегбірсізденіп, өз ғибадатынан ешқандай ләззат сезіне алмай, мазасы қашады да тұрады. Мұндай адамдар руханиятын тереңдетіп, Хақ тағалаға жақындаудан да мақұрым қалмақ. Сондықтан, ұдайы беймаза күй кешіп, құты қашады. Бір жағынан Аллаһтың өзгелерге бергендерін жаратпай, тағдырды тілдеп, наразылық білдіреді. Бұл – Жаратқан Ие алдында әдепсіздік. Жаратушы Аллаһ біреуге сұлулық, біреуге мал-дүние, біреуге шен-шекпен т.б. берген. Қызғаншақ адам Жаратушының өзіне бергеніне көңілі толмағандықтан, өзгені, яки өзінде жоқты қызғану арқылы тағдырды тілдейді. Осылайша Аллаһтың ісіне қарсы келеді.

Енді осы мәселені дүние тұрғысынан талдап көрелік. Қызғаншақ жан өзгені емес, әуелі өз-өзін айықпас кеселге ұшыратады. Өйткені, басқаға бұйырған жақсылықтарды көрген сайын өзіндегіні қоңылтақсып, пұшайман күй кешеді. Әлдеқандай ауруға тап болып, іштей діңкесі құриды. Қызғаныштан өзегі өртеніп, түнімен дөңбекшиді. Дұрыс ұйықтай алмағандықтан, жүрегі нашарлап, денесі әлсірей түседі. Мәселен, саясатта бәсекелесінен жеңілген қызғаншақ адам өз-өзін билей алмай, әркімге бір тиісіп, көрінгенмен керілдесіп сөзге келіп жатады. Ғылыммен айналысатындар арасында да қызғаншақтық кеселімен ауыратындар баршылық. Ғылымдағы әріптесінің өзінен оқ бойы озып кеткен жетістіктерін көргенде қызғаныштан ішін от қариды. Мұндай күйге ұшыраған адамның ойлану, пікір қорыту, түсіну, түйсіну, қорытып нәтиже шығару қабілеті төмендейді. Біз сөз еткен байлық та қызғаныштың отын маздататын себептердің бірі. Өзгелердің күреп тапқан ақшасын көре алмағандар: «Қап, мұның байлығын қайтіп құртуға болады, қайтіп өзіммен теңестірем?» деп қастық ойлай бастайды. Өзін-өзі іштей жеп, уақыт өте келе өз бойындағы сауда жасау қабілетінен де айрылуы мүмкін.

Қызғаншақтықтан құтылудың жолдары:

1.    Қызғаншақтық дертінен құтылу оңай емес. Өйткені, ол – адам бойындағы нашар мінездердің ішіндегі тамырын тереңге тартқандардың бірі. Бұл ауруға шалдыққан немесе бір табан жақын тұрған адам қызғаншақтықтың жоғарыда аталған рухани һәм материалдық, дүние мен ақыреттік зияндарын ойлап, түйсіне алса ғана бұл дерттен арыла алмақ.

2.    Кез келген адам алдымен Аллаһтың сыйлаған нығметтерінің нәтижесін ойлағаны жөн. Байлық мәңгілік бақытқа себепкер бола алмайды. Өткінші өмірде оны қажетсіз нәрселерге бей-берекет шашу да ақылдылық емес. Сондықтан, басқа біреудің несібесін қызғанбай: «Жаратқанның маған берген сыйлары да аз емес. Біреудің несібесін қызғанып, өмірімді азапқа айналдырғанша, өз қолымдағы нығметтерді дұрыс пайдаланып ақыреттік сауабымнан айрылып қалмауға тырысуым керек» – деп ой түйген жөн.

3.    Біреудің дүниесі үшін сары уайымға салынбастан бұрын сол несібеге қалай қол жеткізгеніне мән беру керек. Өйткені, несібелі болудың өзіндік жолы бар. Сондықтан оны қызғанбай, керісінше адал ақы, маңдай термен табыс табудың жолдарын жан-жақты қарастырған жөн. Ғылым, атақ, шен-шекпенге жету де сол секілді. Иә, әрбір жеңістің, әрбір жетістіктің өзіндік жөн-жоралғысы бар. Олай болса, қиялдағыға еңбекпен жету керектігін ойлау қызғанышты азайтуға себеп болуы мүмкін.

4.    Қамшының сабындай ғана фәни дүниеде өткін-ші байлықты армандап, соған ұмтылу, «өзгелер қоңыз теріп кетсе де өзім таршылық көрмесем екен» деу – көкірегінде иманы бар мүминге мүлде жараспайды. Фәнидің өтпелі екенін бір сәт те есінен шығармай, әр мұсылман Аллаһтың бақи, мәңгілік нығметтеріне қол жеткізуді басты мақсат тұтып, содан кейін ғана нені қызғануды немесе қызғанбауды бағамдағаны жөн.

5.    Сондай-ақ қызғаншақ адам ең болмаса, осы мінезін жасырып, елге білдірмеуге тырысқаны мақұл. Қызғанышын тежей алмай бірден сыртқа білдіріп қоятындардың бұл жағымсыз мінезі байқамаса әдетке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзін-өзі тәрбиелеп, сезімдерін тежей білген адам бірте-бірте қызғаншақтықтан арыла алады.

6.    Әркім өзгенің иелігіндегі дүниені қайдан, қалай алғанын тіміскіленіп іздеуден аулақ тұрғаны жөн. Қызғаншақтық кеселіне шалдыққан адам бұл науқастан құтылу үшін қолынан келгенше өзгенің несібесін көрмегені, көрсе де көрмегенсуге тырысқаны дұрыс. Әйтпесе, өзгенің иелігіндегі әрбір нәрсе қызғаныш отын маздатып, тынышын бұзады. Құранда бұл туралы: «Сендердің мазаларыңды алатын, тынымдарыңды қашыратын жағдайларға тап болмау үшін көп сұрақ қоюдан аулақ болыңдар»[2]  делінген. Негізінде бұл аят тікелей қызғаншақтыққа қатысты емес. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) не болса соны сұрай беруге тыйым салу мақсатында түскен. Алайда, жоғарыдағы мәселе де тұспалдап айтылған.

Қызғаншақтықты түбегейлі жоюдың жолдары жайлы, бәлкім, жеткілікті мағлұмат бере алмаған шығармын. Үлкен конференцияға арқау боларлық мәселе турасында қысқаша ғана айтпағым осы.

 


[1]    «Мутаффифин» сүресі, 26-аят.
[2]    «Мәидә» сүресі, 101-аят.

 


 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message