Жалғыз қалғандар деп үй-жайы, дос-жарандарынан қол үзіп қалғандарды айтпаймыз. Жалғыз қалған адам – өмір сүріп жатқан қоғамы оны түсіне алмаған кісі. Ол – мұраты биік, шексіз ғайып әлеміне қатысты түсінігі өзгеше, басқалардың бақыты үшін өз бас пайдасын ұмытқан, ерекше қайрат-жігерімен қара бастарының қамын күйттеген топтарға аттандап қарсы шыққан, қоғамда өгей баладай күн кешкен, әр іс-қимылымен ерекшеленген түсініксіз әрі қызық адам.

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»
Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…








