Даналық

Ақылдың жолына жарық шашып, оны жаңа көкжиектерге бастайтын, оның нұрымен бір жылда жететін жолды аз уақытта басып өтуге болатын иләһи шырақ бар, ол – ой. 

Ойдың «міндеті» – ақиқатты табу. Оның Құдайылық ілтипат арқылы жұмыс істейтін зертханасында нағыз ақиқат басқа өң алып кетпес үшін, яғни дұрыстық үшін қайта сарапталатын болады. Ойдың асылдығы да осында.

Пікір ойдан туады. Ойлау қандай да бір нәрсені ой таразысына салмай тұрып оған сену және басқалардың кемшіліктерін тауып, оларды сынаумен асыл өмірді қор қылу дегенді білдірмейді. Ой ақиқатқа бастап апаратын жолын қисын, хикмет пен иләһи шабыттан табатын ізгі құлшыныс болып табылады…  

Ойдың тағы бір қырына ақылдың көрегендігі мен нұрлануы жатады. Ойсыздық – ақылсыздық емес. Ақыл барлық нәрсені жарықта талқыласа, ой көбінесе қараңғы түннің қарашығынан туады. Рух пен ой көбіне оңаша қараңғылықта жақсы жұмыс істейді…

Хикмет немесе ислами философия жарқын әрі ізгілікті ойдың көкорай шалғынында бой көтеріп, дамыған. Ізгі ой үстем болған жерде хикмет дәурен құрса, шалыс әрі бұзық ойға ерік берілген жерде – адамды адастыратын философия кең тараған. 

Олқы соғатын тұстарына қарамастан философияны хикмет дейтін болсақ, философты да хикметке құштарлығы үшін дана деп атауға болады.

Адам санасын адасушылықтан, жанын тағылықтан құтқарып, рухын тазартып, ар-ожданын жарыққа бөлеген және оның нұрымен жаратылыстың сырларын оқытатын маңызды қайнардың бірі – хикмет немесе ислами пәлсафа.  

Ғылым ақыл бағында, ал хикмет гүлі рух бақшасында жайқалып өседі. Ал руханияттың күні ақыл мен рух шеңберінен де тыс рухани әлемде туып, көкке көтеріледі.

Хикметтің түпкі мақсаты – Аллаһқа және рухқа алып баратын жолдарды жарық қылу. Бұл кейде туынды мен туындының иесіне, кейде туындының иесінен туындыға жеткізу жолымен жүзеге асады. Бұл жолдың екеуі де хикмет алауын қолына ұстаған адамның ниеті мен көзқарасының дұрыстығына және тазалығына қарай адамды жақсылық пен шынайы ізгілікке жеткізеді.   

Нағыз ғалым – тек білуші ғана емес, білгендерін ар-ожданымен терең сезіне білген адам. Наданмен салыстырғанда ғалымның дәрежесі қандай болса, ғалыммен салыстыр-ғанда дана мен философтың жағдайы да сондай.

Ғалым жаратылысты көріп-сезу арқылы, яғни физикалық тұрғыдан танып біледі, ал дана адамның көңілі мен ақылы үнемі ғайып әлеміне бағытталған…

Ғалым көзімен көрген, бірақ көкірегімен рухани ләззатын сезіне алмаған сұлулықты жағымсыз деп қабылдауы мүмкін. Ал дана адам кез келген құбылысқа перденің ар жағында бұғып жатқан сырды есепке ала отырып қарайтындықтан, өз ойынан, жалпы ойлау процесінен ғибадат ету кезінде алатын ләззатпен бірдей ерекше шабыт алады.

Бізге ұнамаған нәрсенің барлығы міндетті түрде жаман әрі жағымсыз емес. Бүлдіршіндер оқуды, терең ойлауды, ине салу мен дәрі ішуді жақтырмайды… бірақ отпен ойнауды ерекше жақсы көреді… Ғалым мен дананың ақылы да бір-бірінен осылайша ерекшеленеді.  

Біздің бүгінгі «жаңа философтарымыз» – философияға қатысы шамалы жандар.  Көбінің айналысып жүргені жарым-жартылай аударма ғана. Соның өзін дұрыстап жасай алса ғой..!

Ақыл емес, рух – хикмет өлшемі. Данышпанды данышпан ғана түсіне алмақ. Ал ақыл – хикметтің жауы немесе оның жалған досы.

Ақылдың хикметті «ұнатпауы» көбінесе оны түсіне алмаудан туады. Хикметтің табиғаты соншалықты нәзік болғандықтан, «шабыты» шабан ақылдың оның деңгейіне жетуі тым қиын, тіпті бұл мүмкін емес. 

Ақыл – көздің ағы болса, даналық – ақылдың нұрынан кейін қараңғылықтан туатын оның қарашығы…

Ақыл қарманып, ал хикмет бір көргеннен танып-біледі. Ақыл болмысқа көзілдіріктің ар жағынан үңілсе, даналық оны айшылық алыстан қол созым жерге әкелетін ерекше сезімтал дүрбімен немесе телескоппен бақылайды. 

Ақыл материядан шығандап кете алмайды, ал одан тысқарыны хикмет пен шынайы философия көріп сезе алады. Өкінішке қарай, адамдар даналықтың қуатты әрі айсыз түнде де адастырмайтын дауысына құлақ түрудің орнына, ұйқыға шақыратын немесе өзге дүниені ұмыттырып мас қылатын әндерді тыңдағанды қолай көреді.

Өмірдің қараңғы әрі адастыратын жолдарын нұрландыратын екі қайнар бар: ол – таза ақыл мен хикмет…

Ғылым – ақылдың шырағы, ал даналық – рух көгін жарқыратып нұрға бөлейтін найзағай.

Материалистік философия мен даналықты бір-бірінен ажырата алмаушылық екеуін де дұрыс білмеуден туады. Өкінішке қарай, қазіргі кезде осы екі гәпті шатастыратын надандардың үні үстем боп тұр…!

Болмысы хикметпен біте қайнасып кеткен дана адам өзінің тар бөлмесінен шықпай-ақ бүкіл әлемді шарлай алады. Жер бетін тегіс аралаған саяхатшылар оның көргендерінің мыңнан бірін де көре алмайды.

Философты дүние танушы деп атайды. Ал ақиқат пен Жаратушыны тани алмаған адам нағыз философ бола алмайды.

Кез келген сөз адамның білімі мен рухани мәдениетін көрсетеді. Мұны тек сол деңгейге жеткендер ғана түсінеді. Асыл сөздер мен терең ақиқаттарды түсінбеу немесе олардың қадірін білмеу рухтың надандығынан немесе оның өрескелдігінен емес, оның рухани мәдениетінің таяздығынан…

Тарихта халықтардың хикметсіз дөрекі күштердің қол астында жаншылып езілуі көп кездескен. Тоңмойын күш әлсіз хикметті езіп жаншығанда ақиқат аяққа тапталады…

Асыл тастың қадірін зергерлер, білгірлерді ғалымдар, адамды  кемеңгерлер түсінеді. Асыл тас темір базарында, ғалым надандар арасында, данышпан ар-ождан мен парасаттылық жоқ жерде жетімдіктің кермек дәмін татады.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message