Ақиқат жаршыларына

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Ғұмырлық өлшемдер » Ақиқат жаршыларына

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінде бір-ақ рет қажылыққа барған, бірақ бүкіл саналы ғұмырын ақиқатты уағыздап, адамдарды тура жолға шақырумен өткізген.

Аллаһ Тағаланың берген нығметтеріне сай әрекет жасамағандар өз бұлақтарын бітеп, суалтқан болады.

Көз жасы көптеген жүректердің ақиқатқа ашылуына себепкер болады.

Ұлылықты үлкен істер мен жобалардан емес, Аллаһ Тағаланың разылығын ғана көздейтін адамнан және Аллаһтың «Мен де саған ризамын» деуінен іздеу керек.

Тұқым егуді жиын-терін маусымына қалдырма, әйтпесе екі маусымдағы еңбегің еш кетеді!

Иманды адам иманын іс-әрекетпен ұштастыруы керек. Жүрегіне иман қонған адамның іс-әрекеті де түзу болады. 

Аллаһқа тиесіліні «біздікі» деп қолданғанымыз мемле-кеттің жерін жеке тұлғалардың қолданғаны сияқты.

Кісіні жасаған қателіктері мазалайтын болса, онда ол күнә мен сауапты ажырата біледі деген сөз.

Жетістіктің дұшпаны – молшылық пен ысырапшылдық.

Жұмыртқа мен балапандарыңыз көп болса, барлығын бір кәрзіңкеге салмаңыз!

Сақтық пешенеге жазылғанды өзгертпесе де, адамды тағдырға қарсы шығудан сақтайды.

Кісі жайлы жақсы ойлау бір басқа, жақсы ойлай отырып, сенімсіздік таныту бір басқа… Бұлардың аражігін парасатты-көреген кісі ғана ажырата алады. 

Ақиқатты жеткізуде айтушының сөзі шынайы шығып, жұрттың жүрегіне жол табуы тиіс. Өзіңнен білімді адамға уағыз-насихат айтпау керек, ал солай бола қалған жағдайда, оның кері әсері болуы мүмкін. Әке баласына, шәкірт ұстазына, көмекші ұстаға ақыл үйретпеуі керек. Осы тұрғыдан келсек, Әбу Тәлібтің өз бауыры, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уағыздарына құлақ аспау себебіне үңілу – ойланарлық жайт…

Ата-ананы қандай ауыр күн туса да, қиын жағдайға душар етпеу керек. Алайда, олар «Ислам үшін қызмет қылма» деп, сенің иман үшін атқаратын қызметіңе кедергі жасайтын болса, онда олардың бұл тыйымдарына бас имеу керек. Осы жағдайдан басқа барлық мәселеде әке-шешесіне бағынған адамның өмірі берекелі болмақ.  

Мұсылман – жер бетіндегі сенімділік пен қауіпсіздіктің кепілі.

Кісі өзінікі дұрыс болып тұрса да әкесімен таласпауы керек. Жаратушының Қаһһар (Ашулы, қаһарлы) сипаты әр түрлі дәрежеде барлық адамда болады. Ашулану жақсы қасиет емес. Алайда ол сипат Мұхаммади (Мұхаммедтің үмбетіне тән) тәрбиеге сай тәрбиеленген болса, дұшпанға қарсы айбат, ал мұсылмандар үшін кішіпейілділік түрінде көрініс табады.  

Жамандықтан басқаны көзі көрмейтін қараниеттілерді жақсылық арқылы ғана тоқтатуға болады.  «Кісі – жақсылықтың құлы» екендігін ұмытпау керек…

Қасиетсіз, ұсақ адамдар айналасына үнемі өздері сияқтыларды топтастырады. Олар осылайша кемшіліктерін бүркемелеп, өздерін сенімді сезінгісі келеді. 

Сайтан көбінесе өмірін ақиқат жолына арнамағандарды жолдан тайдырады. Жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыймағандар уахидің (Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хабар) берекесінен мақұрым қалады. Оларда таңғы тәтті ұйқыда жатқан адамды самал боп оятатын Иләһи шабыт болмайды. Олар кітап жаза алады, бірақ жазғандары жеміссіз, берекесіз, қапасқа бастайтын қараңғы ойларға толы. Тек жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйған адамдардан ғана Иләһи шабыттың лебін байқауға болады. Сондықтан біз оқып, ой толғатып, басқаларға да ақиқатты жеткізуге ұмтылғанда ғана өз рухымыздың елгезек қалпын сақтай аламыз. 

Қазіргі таңда ақиқат жаршылары тек Аллаһ Тағаланың разылығын көздеуі тиіс. Ешқандай пенделік ой мен сезім оның осы қасиетті мақсатына қылау түсірмеуі керек.  «Жаһаннамға тап болған күнде де, сол жердің өзінде ақиқатқа бүйрегі бұратын біреуді тауып алып, оған ақиқатты түсіндіруім керек». Міне, қазіргі таңдағы нағыз иман қаһармандары осылай ойлауы тиіс.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message