Рухтың кейпін тамашалаудағы кирлиан әдісі

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Ғаламдағы тылсым күштер » Рухтың бар екенін айғақтайтын дәлелдер » Рухтың кейпін тамашалаудағы кирлиан әдісі

Қолдарыңыздағы еңбек барысында рухтың бар екені туралы көптеген дәлелдер мен пікірлерге жүгіндік. Жан-жақты айшықтай көрсетуге бағытталған жұмыстың ендігі бір дерегі кирлиан әдісі туралы. Кирлиан әдісі бойынша түсірілген фотосуреттер рухтың тәннен бөлінген жанның әрекет, қимылын айғақтайтын маңызды фактордың бірі.

Кирлиан әдісімен рухтың фотосуретін түсіру тарихы 1939 жылдан бастау алады. Бұл атау осы саламен айналысқан Кеңес одағының ерлі-зайыпты зерттеушілерінің құрметіне берілген. Энергетика саласының білікті инженері С. Кирлиан адамның қолын, жәндіктерді және өсімдік жапырақтарын фотосурет шығаратын әйнек тақтайшаның үстіне қойып, ал әйнек тақтайшаны бір электроттың үстіне орналастырып, кезекпен әлгі денеге жоғары кернеулі электр толқындары мен жоғары амперлі электр тогын жібереді. Осы тәжірибе нәтижесінде денелердің айналасы «аурамен»[1] (елес дене) көмкерілгені анықталады.

Кирлионография әдісі осы салада бұрынырақ жүргізілген еуропалық зерттеушілердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, негізі қаланған тәсіл. Мәселен, адамның бұлшық еттерінің гальваникалық қимыл-қозғалысын ойлап тапқан Гальвани адам бойындағы қандай да бір өмірлік күш-қуат көзі туралы айта келе өз пікірін өмірлік қуат бүкіл тіршілік иелерінде айналып келіп тұратын магниттік электр толқындарға қатысты деп тұжырымдайды.

ХІХ ғасырда жоғары кернеулі катушканы ойлап тапқан Никола Тесла – фотобейнелер тудыру үшін жоғары кернеулі вольтаж қолданған ең алғашқы зерттеуші. Оның еңбектері кейіннен «х» сәулесін ойлап тапқан Вилгельм Рентгенге және адамның аурасын (энергиялық денесі) түрлі-түсті «кильнер экраны» деп аталатын тәсілмен адамзаттың көзбен көруіне мүмкіндік тудырған Вольтер Ж. Кильнер сынды зерттеушілердің өнертабыстық жетістіктерге жетуіне алғышарт жасады. «Кильнер экраны» әдеттегіден өте қысқа келетін энергия толқындарын көзбен көруге мүмкіндік беретіндей етіп жоспарланады, өйткені Кильнер сыртқа тарайтын энергияның ультракүлгін толқыннан пайда болатынына сенген еді.

Бұл теория кейіннен жасалған зерттеулермен де қуатталды. Мұнымен қоса, Кильнер аураның дененің қалыпты болуы мен қалыптан тыс болуына қарай түсі және көлемі жөнінен өзгеріске түсеріне де назар аударғаны мәлім. ХХ ғасырдың ғалымдары адамдардан сыртқа тарайтын қысқа толқынды радиацияның рухтың іс-әрекетін өзгеріске ұшырата алатынын және оған кофейн және табак секілді стимуляторлардың да кері әсер ете алатынын ашты.

Биологтар мен психиатрлар адамның бойындағы магниттік өрісі мен денсаулығының арасында,көңіл-күй мен физикалық жағдайы арасында тығыз байланыс бар екенін анықтады. Сыртқы ортадағы магниттік өріске тәуелді, түрлі өзгеріске ұшырауға бейімді рухтағы белсенділік пен ақаулар әрбір адамның өзіне тиесілі аурасына да әсерін тигізеді екен. Мәселен, Ай мен Күннің қозғалысындағы түрлі фазалар адамдардың іс-қимылына ықпал ете алатын көрінеді.

Адам денесіндегі электромагниттік өріс ауадағы оттегі және азот секілді микроскопиялық газ бөлшектерін ұстап қалатын сүзгі секілді міндет атқарады. Терінің беткі қабатында жайылған ауаның жоғары кернеулі электр өрісімен ток жіберілгенде дереу қызарып, айналаға жарық сәуле шығаратыны мәлім. Бұл – Кирлиан әдісі арқылы анықталған энергиялық толқынның шеңбері. Инженерлер мен металлургтар да металлдағы жарықшаны немесе сынықты анықтау үшін осыған ұқсас әдіс қолданады. Металлдағы жарықшалар мен сынықтар металлды құрайтын микро бөлшектердегі ауытқушылықтар түрінде көрініс табады.

С. Кирлиан мен зайыбы өз зерттеулері барысында ең алдымен өсімдіктердің фотосуретін түсірді. Олар өз әдіс-тәсілдері арқылы қарапайым жапырақтың өзінен адамды қайран қалдыратын өте күрделі реакцияларды көрсететін жаңалықты ашты. Сырттай қарағанда бір-біріне қатты ұқсайтын жапырақтардан екі түрлі сурет шығатын. Ауру жапырақтың энергиялық пішініндегі ауру тұстарында кейбір ақаулар көрініс тапса, сау жапырақта қою және бірегей энергиялық пішін байқалатын.

Осы тәсіл арқылы жиналған деректерді және тәжірибені қолданып, Кирлиан әдісін бау-бақша өндірісінде, өсімдіктерде туындайтын аурудың алдын алу және өсімдік ауруларына дәл анықтама қою мақсатында қолдануға мүмкіндік туғанын атап өту қажет. АҚШ-та тереңдетіліп жүргізілген осы тәрізді өзге де зерттеулер өсімдіктерде байқалатын күтпеген ауытқулар мен өзгерістерді дәл анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, Кирлиан фотосуретінде жапырақтың бетіне инемен сызылған сызық қызыл дақ болып көрінеді екен.

Нейропсихиатрия институтында қызмет атқаратын доктор Тельма Мосс – Кирлиан әдісін зерттеу үшін Кеңес Одағына барған ең алғашқы батыстық зерттеушілердің бірі. Ол – адамдағы электромагнитті өрістің өсімдіктерге әсер ететінін анықтап, адамдардың қолын ауру жапырақтардың үстінен өткізу арқылы ем жасауға қатысты тәжірибе де жүргізеді.

Кеңірек түсіндіре баяндасақ, Кирлиан фотосуретінде зақымдалған тұстағы дақ, кейінгі суреттерде із-түссіз жоғалып кететін. Енді бір адамдарда мұның әсері мүлдем басқаша түрде көрінетін. Мұндай жандар қолдарын зақымдалған жапырақтардың үстінен өткізгенде әлгі өсімдік өліп қалатын еді. Бір-біріне мүлдем кереғар осы екі фактор «Green Thumb» (жан бітіретін жанасу) және «Brown Thumb» (сөндіретін жанасу) деп аталды.

Елес (fantom) жапырақ болса, Кирлиан әдісі арқылы ашылған тың жаңалық. Осы ғылыми тәжірибені жүргізген зерттеуші жапырақтың бір бөлігін қырқып тастап сәлден кейін жапырақтың қалған бөлігінің фотосуретін түсірген. Осындай 200-300 шамасындағы тәжірибенің барлығында жапырақ қырқылмаған бүтін күйінде Кирлиан фотосуретінде көрініс табады.

Кирлиан әдісін дененің сыртқы бетіндегі және кейіннен белгілі болған дененің ішкі құрылымындағы электр толқындары мен өрісін анықтау үшін қолдануға болады. Румыниялық доктор Йон Думитреску Кирлиан әдісін денедегі электромагниттік өрістерде пайда болатын өзгерістерді электрографиялық тұрғыдан жазып беретін және электронография деп аталатын қалыпқа түсіруге қол жеткізді.

Тельма Мосстың зерттеулері Кирлиан әдісімен анықталған ауытқушылықтар мен аурулардың себептері адамдар мен рухтар арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты екенін дәлелдеп берді. Мәселен, кез келген адамның рухани күйзелісті еңсеріп, бойын байсалдылық жеңе бастаған рухани халіндегі өзгерістер Кирлиан фотосуретінде анық көрінеді. Екі адамның фотосуреттеріне қарап, сезімдері мен іс-әрекеттерін көрсететін бойларындағы түрлі сырқаттарын бір-бірімен салыстыра отырып, олардың мінез-құлқы мен сезімдерін анықтауға болатыны да анықталады.

Адамның психологиялық ахуалы және өзге адамдармен арадағы қарым-қатынасы Кирлиан фотосуреттерінде дәлме-дәл көрініс табады. Мәселен, екі адам бір-бірлеріне шынайы сезіммен жылышырай танытқанда, бұлардан шыққан толқындар бір-біріне қарай жақындай түсіп, кейде бір ғана сурет кейпінде бір-бірімен астасып, астарласып кетеді. Керісінше, бір-біріне жауласқан екі адамның жағдайында толқындардың бір-бірімен астасуы күрт үзіліп, олардың қолдарының арасында бос кеңістік пайда болатын көрінеді. Бұл бос кеңістіктің айқын көрінетіні соншама – «haircut effect» (шаш қысқарту эффектісі) деген атпен танымал болған.

Кісі ашуланған кездерде ақшыл-көгілдір «коронаның» (Кирлиан фотосуретін түсіруде қолданылатын құрал) ішінде қызыл түсті дақтың пайда болатындығы байқалған. Өлім аузында жатқан денелерде сыртқа қарай алаулаған жалын шашатыны, ал дәл өлім алдында бұлардың барлығы тынышталып, саябырситыны және белгілі бір уақыттан кейін мүлдем жоғалатыны да Кирлиан фотосуреттері арқылы белгілі болды. Осы орайда айта кетерлік бір жайт, адам жүніп болған жағдайда «корона» қатайып, түр-түсі әдеттегіден тыс өзгеріп кетеді. Ислам дініндегі ғұсыл дәретін алғандағы секілді тұтас денені сумен жуғанда аталған оғаш ауытқушылықтың із-түссіз жоғалып, коронаның қалыпты жағдайына қайта оралатындығы да кісіні таңқалдырмай қоймайды.

[1] «Аура» – рухтың көлеңкесі, энергия толқындарынан құралған дене, кейбір жандардың көзімен көріп сипаттауына сүйенсек, денені көмкеріп тұратын мөлдір елес дене деген мағынаға келеді. Аура сөзін бұл жерде рухтың елес денесі деген мағынада қолдандық.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message