Болмыс тек көзге көрінетін дүниелерден тұрмайды

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Ғаламдағы тылсым күштер » Рухтың бар екенін айғақтайтын дәлелдер » Болмыс тек көзге көрінетін дүниелерден тұрмайды

Еңбектің осы тұсына дейін айтылған оқиғалардың барлығы әлемде материя және физиканың заңдарымен түсіндіруге келмейтін өзгеше бір болмыстың бар екенін айғақтайтын жайттар еді. Осы тұрғыдан барлық нәрсені тәжірибе арқылы лабораторияда анықтаймын деу бос әурешілік, әрі адасушылық. Мұндай түсінікпен ғылымның тек оннан бір бөлігін ғана зерттеп-зерделеуге болады. Адам баласын барлық қырынан қолға алып, зерттейтіндер оның материялық табиғаты және физиономиясымен қоса жан дүниесі мен рухани болмысын да қоса қарастыруы қажет. Міне, сонда ғана адам жөнінде обьективті тұжырым жасалуы мүмкін. Сонда ғана адамның қымтаулы жатқан құпиясы ашылып, тылсым сыры ашылмақ.

Адамды бір ғана қырынан қарастырып, зерттейтіндер ешбір ғылыми тұжырымға қол жеткізбейді, керісінше, Алекс Каррель айтқандай, оны жауабы жоқ жұмбаққа айналдырады. Біздер үшін ақыл жетпес жалғыз ғана күш – Ұлы Жаратушы. Оны танып-білдім деу мүмкін емес. Жаратушыны ұғынудың шырқау шегі – Оны танып-біле алмайтыныңды мойындау. Пайғамбарлардан кейінгі адам баласының ең абзал тұлғасы саналатын хазірет Әбу Бәкір (р.а.): «Сені танып-біле алмайтынын мойындау – Сені ұғынудың нышаны»[1], – деген болатын. Адамзаттың асыл тәжі хазірет Мұхаммед (с.а.с.): «Уа, Раббымыз! Сені Өзіңе лайықты түрде біле алмадық»[2] – деу арқылы мағрифаттың (Аллаһты танып-білу ілімінің атауы) шыңын паш еткен.

Адам баласы Ұлы Жаратушыны ешқашан толықтай танып-біле алмайды. Кез келген мәселені Жаратушының білдіргісі келген мөлшерде деңгейінде ғана танып біледі. Адам болмысының мән-мазмұны Ұлы Жаратушыны түсінуге, тануға, өмірін сол жолға арнауға негізделген, сондықтан адам болмысын танып-білудің бір ғана жолы бар. Ол – адам болмысын барлық қырымен қарастырып, бірегей тұжырым жасау. Таяу болашақта білім ордаларымызда адам болмысын жоғарыда айтқандай біртұтас қарастырып, бірегей тұжырым жасайтын ғалымдар көбейеді. Ғаламдағы барлық құбылыстар мен адам болмысына деген ғылыми көзқарас та қайта қарастырылып, жаңаша тұжырымдалады. Ізгілік жаршылары боп келген жаңа көзқарастағы жандар ғылым мен технологияның сан алуан жаңалықтарын ашып, адамзат игілігіне табыстайтын болады.

Осы орайда мына мәселеге де айрықша тоқтала кеткен жөн. Барлық ғылым саласының өзіне тән белгілі бір салалық өлшемдері мен ұстанымдары бар десек, бұлар өз саласында жаңалықтар ашып, мүмкіндігін көрсетуде обьективті ұстаным болып саналғанымен, ғылымның өзге бағыттарында қолдануға жарамайды. Мәселен, математика, медицина, физика, химия сынды ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай ұқсас ерекшеліктерді айыра алмаған жан медицинаның методологиясын физикаға, керісінше, физиканың заңдылықтарын медицинаға қолданған сәтте мәселені бір-бірімен шатастырып, шиеленістіруі әбден мүмкін.

Дәл осы секілді материялық болмысты зерттеп-зерделейтін методология мен рухани мәселелерді зерттейтін әдіс-тәсіл бір-бірінен мүлдем өзгеше, сондықтан тек материялық өлшем мен логикалық таным тәсілдерін қолдану, басқаша айтқанда, адамның өзінің тәні мен нәпсісінің жетегінде жүріп, рухани танымын тереңдетуі, дамытуы мүмкін емес. Рухани танымдық биіктеуге басқаша бір қарым-қабілет пен тәсіл қажет. Оған материалдық өлшем кепілдікке жарамайды. Рухани танымын биіктетіп, көкірек көзі ашылғандар ғана осы жолдың тарландарына айналады. Руханиятқа қатысты ізгі пікір айтатын, кемел ой таразылайтын танымдық қабілетке ие осындай абзал жандар адамның рухани болмысын, елес денесін немесе біздің терминологиямыздағы «ужуду мәуһибә-хаққани» деп аталатын ерекше қырын байқап,әңгіме ете алады, Рухани танымы тереңдеп, жоғары дәрежеге жете алмаған жандар осы саланың хас мамандары жеткізген тура хабарларға сенім артып, осыны басшылыққа алғаны жөн. Бұл түсінікке қарсы шығу – кертартпалықтың белгісі. Мұндай сыңаржақтық – ғалым деген ардақты атты иеленіп жүргендер үшін үлкен сын.

Адамның түс көруін қалай пайымдаймыз? Қабыл болған дұғалар туралы не айтуға болады? «Алты ай» бойы қабірде жатып өлмей тірі қалған йоганың жағдайын материяның қандай заңдылығымен түсіндіреміз? Руфаи тариқатының (денесіне қанжар, шеге т.б. сұғу арқылы зікір салатын тариқат) мүшелері жасайтын таңғажайыптардың құпиясы неде? Бәрін айт та бірін айт, мұғжизаларды қайда қоямыз? Хазірет Иса Мәсіхтің дем салуымен қайта тірілген өлілерді, хазірет Мұсаның аса таяғы және «йәд-бәйда» (саусағындағы жарқыраған нұр) мұғжизасын, хазірет Ибраһимнің отта жанбай аман қалуын және хазірет Исмайылды бауыздағанда өтпей қалған өткір пышақты, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қол ишаратымен айды екіге жарғанын, саусақтарынан аққан суды, тау мен тасқа, ағаштарға және жан-жануарларға тіл бітіп, өзіне сәлем беруі секілді мыңдаған мұғжизаларды қандай дәлелмен түсіндіріп бере аламыз? Сонда, ақылға қонбайды екен деп, барлық нәрсені жоққа шығарамыз ба? Бұл – түсіне алмау немесе білмеу емес, біле тұра ақиқаттан жалтару. Игі істерге, мәңгілік жақсылықтарға бағыт беретін ізгі дәстүрді көзсіз жоққа шығарушылық қашанға дейін жалғаспақ? Перғауынды жолдан тайдырған осындай қасарысу емес пе еді? Әлде мұндайлардың ақылын «Әбу Жәһил пердесі» тұмшалады ма екен? Мұндайлар ертең-ақ жандары алқымына тығылғанда ақиқатты ап-анық көреді. Бүгін біз айтқан ақиқаттарды күні ертең өз құлақтарымен естиді. Алайда сол кезде барлығы кеш болады, бармақ шайнап қапыда қалады…

[1] Ғаззали, Ихияу улумид-дин 4/252; Ғаззали, әл-Мақсадул-әснә 54 б; Суюти, Шәрху Сүнәни Ибн Мажә 1/103; Мүнауи, Фәйзул-қадир 6/181
[2] Мүнауи, Фәйзул-Қадир, 2/410

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message