Ессіз уақыттар және дін атын жамылып жасалған қылмыстар

Home » Kazakh (KZ) » Жаңалықтар » Ессіз уақыттар және дін атын жамылып жасалған қылмыстар

Ессіз уақыттар және дін атын жамылып жасалған қылмыстар

Құрметті Фетхуллаһ Гүлен кезекті жаңа сұқбатында адамзаттың түрлі кезеңдерде керітартпа жағдайларға куә болғанын, сол кезеңдерде орын алған ессіздіктердің астары мен көлеңкелі тұстарын сөз етті. Мейлі кім, қандай мақсатта жасаса да барлық террорлық әрекеттің көпқырлы қылмыс екенін айтқан ол әсіресе мына тұстарға ерекше тоқталды:

  • Аллаһ тағала бір аятта былай деген: «Аллаһ қандай да бір аймақты сол аймақта түзетушілер бар кезде жоймайды» (Хұд сүресі, 11/117). Бұл аятта «муслихун» сөзі арқылы түзеу, оңалту ниетіндегі адамдар меңзеліп, олардың бәле-жаланың бетін қайтаратындығы айтылған. «Муслихун» есімдікпен басталған сөйлем. Бұндай сөйлем араб тілінде жалғасатын істі, орнықтылықты білдіреді. Демек, «муслихун» жатқанда да, тұрғанда да үнемі «Қатты бүлінген мына адамзаттың жағдайы қайтсе түзеледі?» деген оймен адамзаттың адами келбетін дұрыстауға тырысып, сол бағытта жобалар құрып, оны жүзеге асырған, бұдан өзге қайғысы болмағандар деген сөз. Егер осындай ниетпен жүрген жандар болса, Аллаһ ол елді жамандыққа ұшыратпайды. Ендеше, осы аятқа сүйене отырып мынаны айтуға болады: «Бар қайғысы Құран болып, адамзаттың түзелуін ойлаған, осыны өмірлік мақсат деп біліп, әйел-еркегімен барлығы осы мақсатта жұмыла іс жасап жүрген көпшілік болса, Аллаһ ол мемлекетке көк пен жердің жамандығын болдырмайды». Түркиядағы бір айтулы ғалым Измир мен Ерзинжанда орын алған жер сілкінісін түсіндіргенде «Не ол жерлерде қызмет етіп жүрген ешкім болмаған, не олардың саны тым аз, жеңіліс тапқан жағдайда болған» деген.
  • Өз дәуіріндегі түрлі қиындықтардың себептері сұралғанда, Нәжмеддин Кубра хазірет «Біз түзу жолмен жүре алмағандықтан сондай жағдайларға душар болдық. Біз бір-бірімізбен өштесіп, дүниеқоңызданып кеткендіктен Аллаһ сондай залымдарды бізге қарсы қойды. Бізге жазамызды тартқызғаннан кейін Аллаһ ол залымдарды да жазасыз қалдырмайды» деп түсіндірген.
  • Мұхаммед үмбеті (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жазаға лайық жағдайға тап болғанда, Аллаһ тағала оларды жөнге салу үшін залымдарға тап келтіреді. Иә, залым – Аллаһтың қылышы. Алдымен сол арқылы өш алады, кейіннен оның өзінен де өш алады. Яғни, зұлымдық жасаған залым да жазасыз қалмайды. Аллаһ алдымен залымдар арқылы мұсылмандарды қинайды, кейіннен ол залымдардың да көзін жояды.
  • Шариғатқа сай әрі шынайы мақсатқа жету үшін сол жолда қолданылатын тәсілдер де шариғат шеңберінен шықпауы тиіс. Ислами шеңбердегілер үшін де әр істегі жоғарғы мақсаттардың шариғат шеңберінде болуы шарт болса, сол мақсатқа жетудегі сүйенетін құралдардың да шариғатқа сай болуы міндетті. Ықылас пен шынайы берілгендік болмаса Аллаһқа қауышу, Аллаһтың разылығына бөленуге қол жеткізу қиын. Дәл осы секілді Исламға қызмет пен мұсылмандарды шынайы мақсатына бағыттау да ешқашан шайтани жолдармен жүзеге аспайды. Өзгелер жабайы іс-әрекетке барса да, мүминдер дұрыстықтан қияс кетпейді, кетпеуі тиіс те.
  • Әсіресе қандай да бір қылмыс қасиеттілікке баланып, діннің атынан жасалса, бұл өте-мөте қауіпті. Егер түрлі дәрі-дәрмекпен, еріктен тыс ми басқарулар арқылы жасамаған болса, ақыретте бұл істеріне ешқандай да ақтау айта алмайды. Беліне бомба байлап, сол істі дін үшін жасаса да, тіпті «лә иләха иллаллаһты» айтып барып ажал аузына қойып кетсе де, алдымен өздері бірінші болып тозаққа түседі. Неге десеңіз, Ислам дінінде мейлі бітім жағдайында, мейлі соғыс кезінде жасалуы тиіс істер белгілі бір ережелер мен тәртіпке негізделген. Бітім жағдайында ешкім өздігінен соғыс ашып, адам өлтіруге шешім қабылдай алмағаны тәрізді соғыстың ең бір қызған шағында да қарсы жақтағы жас бала, әйел, кәрі кісілерді өлтіруге құқы жоқ. Осы себепті қай қырынан қолға алынса да, жанкештілік актілер, денеге таңылған бомбалар, осыған ұқсас террорлық әрекеттерді мұсылмандықпен байланыстыру әсте мүмкін емес.
  • Бір соғыста хазірет Үсама ибн Зәйд жау жағынан біреуді енді өлтіре бергенде, ол куәлік сөзін (кәлима шахада) айтып қалады. Алайда хазірет Үсама бұл сөзді шын ниетпен емес, ажалдан қорыққандықтан айтқан шығар деп оны өлтіреді. Хазірет Үсама секілді алып сахаба эмоцияға беріліп біреуді өлтірді деу қиын. Сірә, мәселенің түпкі мәнін аңғармаған болар. Өйткені ол дәуірде барлық нәрсе таза күйінде білдіріліп, сахаба сол мезет оны жүзеге асыратын. Аллаһ елшісі (алайһис салату уә сәлләм) айтпаса, қайдан білсін?! Бұл жағдайды хабарлап айтқанда Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) қатты тұнжырап «Сен оның жүрегін жарып қарап па ең?» деп хазірет Үсамаға ұрысқаны соншалық, Үсама ибн Зәйд «Қап, осы оқиғадан кейін мұсылман болып, Пайғамбарымыздан бұндай ауыр сөз естімесем болар еді» деп өкінген.
  • Ақырзаман да – бүліктер көп кездесетін ессіз кезең. Бұндай кезеңде есі дұрыс әрі Аллаһқа шынайы сенген адамдар өздері құрған тепе-теңдік пен аталмыш жағдайларды салыстыра қарап «Бұндай зорлықшыл күш қолдануды қалай болдырмасақ, жаңаша тепе-теңдік қалай құрсақ?» деуі тиіс әрі осы бағытта жұмыстар жасауы керек.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message