ІЛІМ МЕН АМАЛДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Призма (таңдамалы-1) » ІЛІМ МЕН АМАЛДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Кемел (толық) адам мәртебесіне қол жеткізу жолында ілім мен амал, білмекке құмарлық пен білгеніңді жүзеге асыру сияқты заңдылықты жоққа шығара алмаймыз. Осы мәселеге қатысты  Құранда өлшем бар ма?

Тарих тағылымы бойынша, бұл мәселе төңірегінде ұзақ жылдар бойы зерттеулер жасалып, көптеген кітаптар жазылғандығы белгілі. Мұндай кең тынысты тақырыпты қысқа сұхбаттың көлеміне сыйдыру мүмкін емес. Дегенмен, Құран Кәрімдегі:
«Өздеріне Тәурат жүктелген соң оны көтеріп жүре алмағандардың (бұйрықтарға қарсылық білдіріп, үдесінен шыға алмағандардың) халі кітап тиелген есектің халіне ұқсайды. Аллаһтың аятына қарсы дау айтқандардың халі мүшкіл. Аллаһ залымдар қауымын дұрыс жолға салмайды»[1] және «…Оның халі қарсы тұрсаң да, бос жіберсең де тілін салақтатып ырсылдай дем алған иттің халіне ұқсайды. Аяттарымызды мойындамаушылардың жағдайы да дәл осындай. Осы қиссаны оларға баянда, бәлкім ойланып, (ғибрат алар)»[2] деп келетін екі аятты негізге ала отырып, жауап беруге тырысайын.

Алғашқы аятта баяндалған жайттың мән-мағынасына үңілер болсақ, оқығанын көңілге тоқымайтын, өмірде пайдаланбайтын адамдарды «кітап тиелген есекке» ұқсатуы тегін емес. Бұл, сірә, олардың кейпін дөп басып суреттегендей. Өйткені адам білгенін қажетіне жаратып, күнделікті тұрмыста және қоғамдық өмірде қолданып, өзгелерге де насихаттап отырмаса, пайдасы жоқ мұндай білім арқаға таңылған зілбатпан жүкті елестетеді.

Ал екінші аятта жаратылысынан адам баласының ақиқатты сезініп-түйсінуге бейім жаратылғандықтан, ақиқаттан ажырағанда итке ұқсап кететіні баяндалған. Аяттағы адамның халі ит кейпіне теңелуіне кеңінен тоқталған жөн. Ит шаршағанда тілін салақтатып, ырсылдап жатып, ыстығын басуға тырысады. Ал ызаланғанда тісін ақситып ырылдайды. Демек, ақиқаттан бейхабар адамның жайы да дәл осы кейіпті елестетеді. Бұл мысалдар адамзатты кәміл (толық) адамдыққа үндейді. Мәселен, намаздағы қиямның, рукуғдың, сәжденің қалай жасалатыны жөніндегі ескертулер хайуани әрекеттерден алыстатып кісіні адамилыққа біртабан жақындатудан туған. Намазда имамнан бұрын рукуғ пен сәждеге барған жанның бет-әлпетінің есекке ұқсап кететіндігі, сәждеге жығылғанда қол-аяқты ит секілді ебедейсіз созып жібермеу керектігі, сәжде аралығында жем шоқыған тауықша асығыстыққа жол бермеу жайы және отырған сәтте де ит тәрізді шоқиып отырмау қажеттігі жайындағы ескертулер осының айғағы. Себебі әуел баста жаратылыстың тәжі саналатын адам баласы қимыл әрекетімен болсын хайуанға еш ұқсамай, керісінше адамзаттық мүддеге талпынып, ақыретте жаннат төрінен орын алуға ұмтылуы тиіс.

Жоғарыдағы келтірілген Құран аяттарында Тәурат кітабын жатқа оқығанымен, білгенін өмірде жүзеге асырмайтын жамағат жайы баяндалған. Аятта Тәурат жамағаты жайлы айтылғанымен мәселенің мұсылмандарға да қатысы жоқ емес. Бұл мысал Аллаһтың әмірлерінен хабардар бола тұра, соған сай әрекет жасамайтын, Құрандағы құндылықтарды селқос тыңдап қана қоятын жандарға да арналған деуге толық негіз бар. Яғни, олар Құран жамағаты аталғанмен жоғарыда баяндалған есекке ұқсас Тәурат жамағатынан айырмасы жоқ. Өйткені Құранды тыңдап, үйреніп, өзгелерге үйретіп жүрсе де, өз жүрегіне оны терең сіңіріп, соған орай ізгілікке бейімделе алмаған адамның халін бұдан артық қалай суреттеуге болады?

Сірә, аятта меңзелген адамдар адамгершілік тұрғысынан жіктелетін болса кейбіреуінде есектің, енді біреулерінде иттің мінезі бары анықталар ма еді. Мысалы, білімді бола тұра мағрифат (Аллаһты тану) пен сүйіспеншіліктен жұрдай жанның іс-әрекетін тұтас алып қарағанда есек кейпін елестетуі мүмкін. Ал білімімен тәкәппарланып өзгелерге зорлық көрсеткісі келгендердің күнделікті қылығы жан-жақты зерттелсе оның да иттен айырмасы жоқтығы көрінер еді.

Шын мәнісінде бұл өмірдегі ең маңызды іс – адам бола білу. Аллаһ бізді адам етіп жаратқандықтан, іс-әрекет және мінез-құлқымызбен осы мәртебелі атқа кір келтірмеуді міндеттеген. Өйткені адам деген ардақты атқа лайық өмір сүру арғы дүниеде «адам» күйінде қайта тірілудің басты шарты деуге болады.

Адам баласы – тәулігіне мың рет құбылып, жүз рет өзгеруге бейім жаратылыс. Ол күн сайын көңіл көкжиегін барынша кеңейтіп, өзінің де, өзгелердің де жақсы-жаман тұстарын анағұрлым жақыннан байқатады. Мысалы, айналасындағыларды дұшпан санайтын адам өзін әбжыландар арасында қалып кеткендей сезінуі мүмкін. Кісінің осындай сезім шырғалаңына тап болуы, рухани дүниесінің жұтай бастағандығын, сонымен қатар, құлқы бұзылып, қу нәпсінің ығына жығылғанын аңғартады. Кісі, өзін мінсіз санағандықтан, өзгелерді жыланның, иттің, шаянның сұрқында көріп, кемшілікті өзгелерден іздеумен әлектенеді. Бірақ, кемшіліктің өз нәпсісінде екендігін сезбейді. Ал шындығында, «Сенің ең үлкен дұшпаның – өз нәпсің» деген хадиске сәйкес кемшілікті ол өз нәпсісінен іздегені жөн.

“Aллаһуммә әнтә Рабби, лә иләһа иллә әнтә халақтана уә әнә абдукә… Уа, Аллаһ! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа Құдай жоқ, мені Сен жараттың, мен Сенің құлыңмын» деген ақиқатты мойындаған әрбір құл, жамандық пен кесір атаулыға өзін жазғырып, өзгелердің қате-кемшіліктерін жасыруға тырысса құба-құп. Кездескен келеңсіздіктерге әрбір адам өзін себепкер деп біліп, өзгелерді жақсылықтың жаршысы деп санағаны мақұл. Қиюы қашқан барлық мәселенің шешімі осы түсініктен бастау алады. Тәрбиенің негізгі мәні де осында.


[1] «Жұма», 5-аят.
[2] «Ағраф», 176-аят.


Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message