Ойрандалған табиғат

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Руханият көктемі » Ойрандалған табиғат

Табиғат – адам баласына тарту етілген, көркіне көз тоймас «көрме» десе болғандай. Десек те, табиғатты көрікті көрмеге теңеуден гөрі сыр мен жыр тұнған «кітапқа» теңеген әлдеқайда орынды секілді. Өйткені, сыр мен жырға малынған ғаламат кітаптың сұлу бейнесін оймен оқып, оның тереңіне бойлау, бар ғаламның жылуы мен сұлуын бір бойына жиып, қиюы келіскен қилы-қилы әсемдік иірімдерін тамашалап, таңдай қақпасқа болмайды. Арайлап атқан әрбір таңда ұзатылар қыздың жасауындай көз жауын алып құлпыра түскен табиғат тұтас тіршілікке нәр беретін өмір ағашының өзегі тәрізді көңілімізді көктемгі күннің шуағына бөлейді.

Табиғаттың кереметі сондай – шалықтаған түсі-мізге сыймастай көрінетін жүйрік қиялымыздың өзін асаудай құрықтап, тұсау салатын кездері болады. Мұндай қалпында дәл бір ертегідегідей махаббат пен ғашықтықтың бал-суымен толқыған алып мұхитқа желкен ашқан кеменің түн қараңғылығын мың-сан шамымен нұрға бөлеп, сәуле шашқан сиқырлы сұлбасын тамашалағандай боласың. Жер мен көкті қабыстырып, көкке шаншыла қадалған асқар таулардың айбыны, жайыла төселген құрақ көрпе секілді сәнмен бой түзеген ой мен қырлар, шатқалдар, жоталар, талай тіршіліктің тірлігіне ұйытқы болған сыңсыған орман-тоғайлар, ойыңды самғатып, бойыңды балбыратар жайқалған бау-бақшалар, қорықтар, құстардың жаныңды елжіретер тамылжыған үні, жан-жануарлардың сәнмен жосылған тіршілігі, көктен берекет боп құйылған жауын, міне, мұның барлығын тамашалап, Жаратушыға деген шексіз алғыс, мың шүкірмен адам құдды мәңгілік әлемінің іргетасын қалап жатқандай тамаша әсерге бөленеді.

Иә, жаратылыстың таңғажайып тылсымына құмартқан сезімтал жүректер табиғаттың бауырынан буырқана атқылаған Шексіз Құдіреттің шарапатын сезініп, құлақ құрышын қандыратын рухани саз бен назға еліп, дәл осы ләззатты жан дүниесінде тереңірек сезінуге талпынады. Талпынған сайын ғажайып болмыстың тылсым сырларына тамсана түсетіні және бар. Тамсана-тамсана көкейде таусылмас дас-тан, түгесілмес жыр туындайды. Осылайша тереңнен толғап, тебіреніске түскен пәк көңілді жандар табиғатқа зерделі назар салған сайын жүректері сілкініп салғандай мәңгілік әлемге қатысты терең тебіреніске түседі.

Мәселен, қандай да бір қолөнер туындысына қарап, туындыдағы талғампаздық пен эстетикалық терең-діктен ұстаның шеберлігіне қайран қаламыз. Сол секілді табиғат тәрізді туынды да барша жаратылыстың тамаша тәртібі мен ғажайып үйлесімінің қайнар бастауынан, тұтас тіршілікке өмір сыйлаушыдан, ешбір жан санасымен ұғынып, парасатымен пайымдай алмайтын Жаратқанның Ұлықтығынан сыр шертеді.

Табиғаттың көрінісіне қарап, көк аспанмен қам-шының өріміндей біте қайнасқанын көруге болады. Мәселен, аспанмен таласқан, көкке қарай ынтыға ұм-тылған асқар тауларды көк аспанның аймалай құшуы құштарлықтың неткен жарасымды көрінісі десеңізші! Дәл осы тәрізді адамның аңсаған арман-қиялы да гүл аралап бал жиған араның тоят таппас ізденімпаздығы тәрізді, жаратылыстың сәні мен мәнін терең толғаған сайын сағым қуып, көкжиекте көрінген армандарына қарай сапар шегіп, самғай түседі. Аңсаған арманына жеттім дегенде рухани ләззатпен шалықтаған киелі сапарының мұнымен бітпейтінін, бұл жолдың шексіз-шетсіз мәңгілікке қарай созыла түскенін аңғарғандай болады. Мұндай күйге жеткенде рухының терең қатпарларындағы мәңгілік әлемге қатысты сырлы саз бен әсем наз тыңдағандай ғажайып күйге бөленеді. Сезімдік танымының жүйріктігі саясында осынау ғажап әлемнің құтты қонағы болудың жолын тапқандар, құштарлық пен махаббаттың жалынына шарпылып, аңсап жеткен сүйіктісімен қауышып, осынау тәтті түстің аяқталғанын әсте қаламас еді.

Жүрек пен рухты, ар-ожданды мың-сан ләззатқа бөлейтін рухани танымның терең де қазыналы ілімін бойына дарытып, көңіл көкжиегінде киелі саяхатқа шығуға белді бекем буған жандар табиғат-тың көңіл көкжиегін кеңейтетін тартуы тәрізді түрлі ғажайыптарынан мейлінше рақат тауып, ләззат алмақ. Мұндайда тау-тас, сыңсыған орман, жылан бел, күміс-тей мөлдіреген бұлақтар, «уахдат» «уахдат»[1] деп наздана ағып, теңізге құйылатын өзен-сулар, әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде табиғаттың мың құбылып-түрленген ғажайып көрмесі тәрізді көркем көрінісі қиял әлемінде қыдыртқандай күйге бөлейді.

Табиғаттың талай жырға арқау болған сән-салтанаты, пейіштің лебіндей нұрлы, шуақты, қуатты сұлбасындағы өзгеше сұлулық, сұлулықты сұңғыла еткен жарасым, жарастықты жайлауға айналдырған үйлесім, міне, осы көріністердің астарында табиғат: «Менен асқан шеберліктің үлгісін тауып көр, қане…» деп, наздана жымиғандай болады. Міне, осынау сұңғыла сұлулықты жан-жүрегімен сезінгендер табиғаттың тылсым шұғыласына шарпылып, қымтаулы құпиясына құмарта түседі. Табиғат тамашасынан бақыттың шәрбатын ішердей рухани сезімдік танымы терең тылсымдарға ашылған кәміл жандар тұтас тіршіліктің ынтызарлықпен «Һу-Һу-Һу»[2] деп Жаратушыға жалын атып, жалбарынуын, зікір салуын көкірек көзімен тамашалайды. Мұндайда жібектей есілген, көздің жауын алатын әрбір гүл өздеріне тән әсем лебіздерімен Ұлы Жаратушыны бір-бірімен жарыса мадақтап жатқанын көруге болады. Рухани сезімдік танымның мұншалықты тереңіне бойлаған жан осындай сәттерде уақыттың шектеулі кеңістігінің түндігін түріп, ықылым заманнан келе жатқан сұлулық атаулыны бірден, бір сәтте сезініп, бастан өткергені үшін қиял жетпес қиядағы ләззаттың шексіз мұхитына қарай желкен ашады.

Тіпті, кейбір өлкелер жыл он екі ай еш өзгермейтін алабөтен ерекшеліктерімен баурап, таусылып бітпей-тін лек-лек сезімдердің жүрекке құйылуына арқау болмақ. Мұндайда адам сұлулық пен ләззаттың шыңырау түбіне бойлағандай сезініп, бейне бір осы дүние мен мәңгілік әлем бірігіп, біте қайнасып кеткенін көреді. Бұл тұста тек қана пейіштің әсем саздарын әндетіп, өзен-сулардан жаннат бұлақтарының сылдырай аққан сиқырлы әуенін естімек. Ал ағаштардың аймалай ескен самалмен еркелей толқуынан фирдәус жаннатындағы бақшалардың сыбдырын тыңдай түседі… Сайып келгенде, барша сұлулықтың жүректе жібектей естірген ғажайып сезімдерінің жетегінде мәңгілік сұлулық сырларының табалдырығын аттап, ілгері қарай ұмтыла түседі. Алайда ілгерілеген сайын фәни өмірде мұншалықты ләззаттың барлығын сезініп, тамашалауға қабілеті жетпейтінін ұғынып, мәңгілік өмірге деген ынтызарлықтан жүрек жалын атып, сағынышпен сарғаяды. Соңында осынау жалын шашқан сағынышына қауыштыруға құдіреті жететін жалғыз күшке – Жаратушысына мұңы мен сырын ашады.

Иә, адам баласы тамашалап, тағылым алуы үшін жаратылған аяулы табиғат қазіргі таңда қараусыз қалып, күл-қоқысқа айналуда. Көзіміздің қарашығындай қорғауға тиісті табиғатты қуарған шөлге айналдырып, көресіні көрсетіп жатқанымыз қандай қасірет десеңізші…

Иләһи әмірдің және құдіреттің ғарышпен ұштасқан тамаша нышаны болып табылатын ауа бүгінгі таңда әбден ластанып, дүниені бірде сел боп сергелдеңге салса, бірде құйын боп құтын қашырып, қаһарлы мінезін көрсететін болды. Жаратушының тіршілікке тірліктің бастауы ретінде тарту еткен судың әбден ласталғаны сонша – кейде өзен-суларды адуынды ашумен арнасынан тасырса, енді бірде табаны кепкен тандырдай татымы болмай тіршілікке зәрін шашуда. Ұлы Жаратушының дарқандығы мен кеңшілігінің шағылы тәрізді топырақтың лықыған берекеті тарының қауызындай тарылып, эррозияға ұшыраудың салдарынан құс ұшпас құлан жартас тақыр шөлге айналып барады.

Иә, адам баласына аманат етіп табысталған тамаша табиғатқа да қиянат жасадық. Тақыр шөлге айналған топырақ, ластанып біткен өзен-теңіз сулары, өкпені қапқан ауа, өртенген яки оталған ормандар, өндірістік мақсатта аяусыз айдалған баулар мен қорықтар қолымызбен жасаған қиянатты мойнымызға қоятын айдай айғақтар емес пе? Пейіштің сәулесі тәрізді аяулы дүниемізді «қан қақсатумен» өз-өзімізге қиянат еткеніміз өкінішті-ақ!…

Түптеп келгенде, адам баласы белден басып, беталды бүлдірген жер бетін қайта қалпына келтіріп, бұрынғы сәні мен салтанатына қайта қауыштырмаса, Нұх қауымының басына келгендей қасіреттер[3]  біздің де басымызға төнерін ұмытпайық!


[1] Аллаһ тағаланың жалғыз, дара екендігін білдіретін сөз
[2] Бір Аллаһ «Ол», «Ол».
[3] Құран Кәрімдегі мағлұматтар бойынша, Нұх пайғамбар кезеңінде жер бетін (қайсыбір көзқарастар Құран Кәрімде айтылған оқиғаның Таяу Шығыс елдерінде болғанын алға тартады) тұтас топан су басып, Нұх пайғамбардың кемесіне мінгендер ғана аман қалып, басқа барлық тіршілік иелері жойылып кеткен.


 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message