Мейірімділік

Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік болмаса, күллі әлем мағынасыз маңып, хаос белең алар еді. Өйткені, ғаламдағы барлық нәрсе мейіріммен жаратылған, мейірім саясында белгілі бір тәртіп пен үйлесім арқылы мән табады.

Ғайыптан келген мейірім шуағы арқылы жер мен көкті жарастырған тәртіп пен жүйе орнады. Алып ғаламнан ұсақ бөлшектерге дейінгі күллі жаратылыс адам ақылы жетпейтін осынау ғажап үйлесімділікке, сағаттың тіліндей мінсіз айналған керемет жүйелілікке мейірім арқылы қауышты.
 
Жаратылыстағы барлық нәрсе ұдайы қозғалысы-мен ұпайын түгендеп, мәңгілік болмысқа қауышуға дайындалып жатқандай ғажап әсер қалдырады. Тұтас тіршілік осы бағытта жанталасып жатыр десе де болады. Әр қозғалыстан алдияр тәртіп пен үйлесімділік байқалса, әрбір ұмтылыстан мейірімділіктің сәукеле киген сәулесі төгіледі.

Тек жел соққанда, тыныс алғанда ғана сезінетін жұтқан ауамыздағы көзге көрінбейтін мейірім мен мың бұрала аққан су сылдырының өзі неге тұрады! Көз алдымызда сайрап жатқан осынау мейірім шуағында қаншама ғибрат бар десеңізші?!

Ақша бұлттар айшықтаған көк аспан төбемізден мейірімін бірде күн шуағы боп төксе, бірде жаңбыр боп, райыс нұрындай құйылып, жер бетінің мейірін қандырады. Аспан төсін айқыш-ұйқыш тілгілеген найзағайдың жарқылы тылсым рақымнан сүйінші хабар жеткізгендей. Тұтас әлем Шексіз Рақым Иесін мадақтап, дастан жырлап жатқандай ғажап күйге бөленеді. О шеті мен бұ шеті айшылық алыс құрлықтар мен теңіздер, өсімдіктер мен жан-жануарлар бір-бірімен біте қайнасып, әрбірі өз тілінде мейірімділік туралы ән шырқап жатқандай әсер береді.

Қарапайым жауынқұртына назар аударып көріңізші. Табан астында тырбаңдаған, мейірімге зар жәндік емес пе? Осы түріне қарамастан, басқа тіршілік иелеріне шарапатын тигізетін талай іс тындырады. Топырақ жауынқұртын мейіріммен бауырына басады, ал жауынқұрты бір уыс топыраққа жүздеген тұқым тастайды. Осы арқылы жер ана нәр алып, құнарлана түседі. Яғни, топырақ жауынқұртына, жауын құрты топыраққа мейірім төгеді. Бүгінде табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, «артық қыламыз деп тыртық қылу» жаппай дендеді. Топырақты тыңайтамыз деген желеумен түрлі өсімдіктер мен олардың тамырын химиямен күйдіріп, сор мен сортаңға айналдырып жатқандарға не айтуға болады? Алысқа көз тіге алмайтын, көз тіккенмен көңіліне түк іле алмайтын, тек бір күндік ырысын ойлағандардың топыраққа да, жер құртына да қиянат жасап отырғанын сезбейтіні, көрсе де көрмегенситіні өкінішті…

Сан алуан гүлдің нәрін жиған бал арасы мен өз-өзін жіппен шандып, қапасқа қамайтын жібек құртына назар аударайықшы. Бұл жәндіктер мейірімділік атты күй төккен оркестрге қосылу үшін нендей ауыртпалық-тарды арқалайтынын ойлап көрдік пе? Олардың адамға балдың дәмін татқызып, жібектен киім кигізетін жанкешті еңбегін елемеуге қалай дәтіміз барады.

Балапанын құтқару үшін басын бәйгеге тігіп, итке қарсы айбат шегетін тауықтың мейірімділігі мен батылдығының бір-бірін қалай толықтырып тұрғандығын еске алыңызшы? Өзі аш бола тұра, аузындағысын жырып, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен баласына жегізетін жан-жануарлардың мәрттігі туралы бір сәт ойланып көрдік пе?

Ғаламдағы барлық нәрсе айналасына шашу шашқан мейірімділіктің жырын жырлап, әнін шырқайды. Әрбірі мейірімділікті өзінше паш етеді. Осы тұрғыдан жаратылысты мейірімділікті әніне қосқан симфониялық оркестр десе болғандай. Олардың барлығы мейірім-ділікті мекен еткен үйлесімділіктің үлгісін паш етеді. Осының барлығын ой елегінен өткізгенде, тәнті етіп, таңдай қақтырған мейірімділікті паш ететін түрлі құбылыстардың астарындағы осынау үйлесімділіктің егесін, күллі әлемді тұтас қамтып, баурап алатын шексіз рақымдылықты жан дүниемізбен сезінбеу мүмкін емес. Әттең-ай, мұның парқына да бармайтындардың жағдайы қандай өкінішті!
Ендеше, осының барлығын көріп-біліп, ерік-жігері-мен, түйсігімен, сана-сезімімен түпкі мәніне бойлап, байыбына барған адам баласы да мейірімділіктің осынау ғажап симфониясына өз үнін қосуға міндетті.

Әрі-беріден соң айналасына, адамзатқа, барша жаратылысқа мейірім шуағын шашуы адамның ардақты борышы болып табылады. Мейірімді болған сайын адамдық абыройы асқақтайды. Жауыздыққа, ынсапсыздыққа бой ұрған сайын кісілігін кір шалып, адамгершіліктен алшақтайды.

Адамзаттың ең тура сөзді тұлғасының баяндарына зер салайық: бірде күнәһар әйел шөлден қаталап, титықтаған итке мейірімі түсіп, құдықтан су алып бергені үшін жаннатқа қанат қағады, енді бірі қарауындағы мысықты аштан өлтіргені үшін тозаққа түседі.
 
Мейірімді болсаңыз ғана мейірімге бөленесіз. Кез келген жаратылысқа мейірімділік танытып, меселін қайтармаған жан мәңгілік әлемінен сол сәтте қарша бораған мыңдаған сүйіншінің астында қалады. 

Міне, осы сырды жақсы түсінген ата-бабаларымыз табаны тиген барлық жерде мейірімділіктің түтінін түтетіп, ошақтарын орнатты. Адамды былай қойғанда, жан-жануарлардың өзін қорғап, пана болу үшін түрлі қоғамдық қорлар құрды. Ата-бабаларымыздың бойындағы терең мейірімділіктің олардың адамгер-шілігімен ұштасқанының жарқын көрінісін осыдан-ақ көруге болар.

Құс екеш құстардың мүшкіл жағдайы да олардың қағылез назарынан тыс қалмағанын аңғаруға болады. Үйірінен адасқан құстар үшін баспана жасап, қамқорлыққа алуы неткен ізгілік! Олардың бойындағы осынау ізгі қасиет қалай қалыптасты?

Әттең, ата-бабаларымыздың жан-жануарларға деген мейірімін адамдарға көрсете білсек қой! Бір-бірімізге мейірімді болуды былай қойғанда, болашақ ұрпақтарды да тасбауыр етіп, ессіздіктің құрбанына айналдырдық. Қазіргі қоғамдық өмірімізден көріп жүргеніміздей, бір-бірімізді жағадан алып, жардан құлату секілді жаман әдеттердің жаппай белең алуы – өз қателіктеріміздің нәтижесі болса керек…

Осы орайда айта кетер бір жайт: орынсыз, жөнсіз мейірімділік даңғойлыққа, дарақылыққа даңғыл жол ашумен қоса, тұнық суды лайлағанмен бірдей өрескел әрекетке бастауда.
 
Шынайы мейірім шырын тіршіліктің нәрі яки абылхаят болса, орынсыз мейірім таныту зәрлі умен тең. Осынау тепе-теңдікті теңгермешілдікпен шатастырмай, дұрыс түсіне білген жөн. Мәселен, оттегі мен сутегі бірігіп, белгілі бір түзілісті құрап, жаңа элементтің пайда болуына жол ашады. Алайда түзіліс бұзылса немесе бір-бірінен бөлініп, ажыратылса, айналаға қатер төндіріп, қауіп тудыруы да мүмкін. Міне, дәл сол секілді мейірімді болуда да тепе-теңдікті ұстанудың, қандай мөлшерде және кімдерге мейірім көрсетудің маңызы зор. Жауыздыққа бой ұрған, жақсылықты білмейтін жандарға мейірім көрсету оның талқандауды ғана білетін тағылығына қолдау білдіріп, қолпаштағанмен бірдей өрескелдік. Улы жыландай көрінгенге зәрін шашатындарға мейірім танытуға болмайды. Мұндай мейірімділік жауыздардың қолына қару ұстатқанмен бірдей, «қолынан келсе, қонышынан басуына» жағдай тудырады.

Сол себепті, қандықол қанішерлерге көрсетілген мейірімің – жәбір-жапа шеккендерге танытқан ең үлкен қатыгездігің болмақ. Бұл – қасқырдың қамын ойлап, қозыларды қараусыз қалдырғанмен тең сұмпайылық. Әлгі қылығың қасқырды риза еткенімен, шеңгеліндегі зар илегендердің наразылығы мен наласына қаларың анық.

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message