Өркениет және құндылықтарымыздың қазіргі бет-бейнесі

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Руханият көктемі » Өркениет және құндылықтарымыздың қазіргі бет-бейнесі

Ертеректе «өркениет» деп – адамның өз болмысының мәнін ұғып, өмірден саналы ой түйіп, адамгершілік құндылықтар негізінде тату-тәтті бірге өмір сүруді айтатынбыз. Мәдениетті өмір сүруге деген саналы ұмтылыс – адам табиғатына тән ерекшелік. Сондықтан да адамзат тарихында орын алған сан алуан қоғамдық құрылыстардан түрлі деңгейдегі мәдениеттің нышандарын байқауға болады. Десе де, адамның шынайы мәдениетке қол жеткізуі өз бойындағы адами қасиеттердің мәніне терең бойлап, мағынасын түсінген кезеңдерде ғана жүзеге асқан.

Өркениетті ұшқыр уақыттың өзіне шаң қаптырған өнеркәсіптің шарықтап дамуы, ғылыми-технологиялық прогресс, шойын табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақ-тар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен метро-польді қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де баршылық. Ал, осындай материалдық игіліктерге қол жеткізген елдерді өркениет өркешіне шыққан ел ретінде қарастырып жүрміз. Әйтсе де, аталған технологиялық жетістіктер адам тұрмысын жеңілдетіп, жайлы өмір сүруіне дәнекер болғанымен, адамгершілік құндылықтармен бір арнада тоғысып, адам өмірінің материалдық-рухани тамырына бойламайынша өркениеттің негізі бола алмайды.

Ғылым мен технологияның мүмкіндіктерімен өміріміз жеңілдеп, түрленіп-түлегенімен, өркениет-тілікке қол жеткізу мүлдем өзгеше жағдайда жүзеге асады. Өркениет адамдық қадір-қасиет пен қарым-қабілеттің бүршік жарып бой түзеуіне ыңғайлы жағдай туғызады. Ал адам баласы осындай қолайлы жағдайда адамдық қасиеттер мен құндылықтарды меңгеріп, жеміс беретін миуа ағашындай жайқала түседі. Осылайша, адам қоғамда өзіне тиесілі құрметті орнын табады.

Адамдағы өркениеттіліктің нышанын ой-пікір мен сана-сезімнің қазыналы қойнауынан іздеген жөн. Әйтпесе, өркениеттілікті жанға жайлы кең сарайлар мен шалқыған байлық секілді тән құмарлығынан, өндіру мен тұтынуға негізделген нәпсілік көрсеқызарлықтан іздеу бекершілік.

Бүгінге дейін кейбіреулер өркениетті адам өмірінің жайлылық пен молшылыққа кенелуі үшін ғылыми технологиялық құралдардың жетілдірілуі және жаңалануымен байланыстырып келді. Адамзатқа мәдениеттің шыңы ретінде осы бағытты нұсқады. Алайда, қаншама заман өтті, күш-жігерімізді осыған сарп етіп, өмірдің мәнін басқа жақтан іздеппіз. Өткенге ой жүгіртсек, рәсуа болған қаншама өксік өмірді көріп, көңіл құлазиды. Осыншама адасушылықтан кейін әлі де болса өркениеттіліктің адам рухының асыл қазыналарынан бастау алатын рухани құндылықтарда, рухани кемелденуде екендігін ұғына алмауымыз өкінішті-ақ. Өркениет деген – уақыт, мекен және адам секілді үш фактор негізінде рухани кемелденуді қамтамасыз ететін қоғамдық орта, жасампаз ақылға негізделген адам өмірінің рухани-материалдық жағын қоса қамтитын идеалды қоғамдық жүйе болуы қажет еді…

Өркениет пен материалдық қатынастардың даму-жаңаруы – бір-бірінен мүлдем бөлек ұғымдар. Өркениет арқылы адамның ой-санасындағы рухани құндылықтар жаңарып жаңғырмаса, материалдық қатынастардың даму үрдісі рухани құндылықтарға арқа сүйемесе, адам өз балағына өзі сүрініп, тәнін күйттеген жайлы өмірдің күйкі тірлігінен ары аса алмайды.

Өкінішке қарай, ойы сан-саққа ауып, қаншама ұрпақ ақ пен қараны ажырата алмай, дүдәмал, дүбәраның күйін кешті. Осылайша, дүниетанымында терең қайшылыққа ұрынып, сең соққандай сенделіп қалғандығынан, діні, тілі, ұлттық дүниетанымы, адамгершілік құндылық-тары мен мәдениетінен жұтап, қайраңдап қалған қайықтай өз табиғатына өзі жат тартып, тоқырауға ұшырады. Ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің арқа-сында әлемде айтулы күшке айналған базбір елдердің сойылын соғатын, сана-сезімі мәңгүрттеніп, төл болмысынан арланып, өзге біреу болып көрінгісі келетін әрбір ұлттың «зиялыларының» өздерін мәдени, халқын бәдәуи[1] санап, мәдениет пен тарих кешірмейтін ауыр күнә істеп жатқаны қандай масқара…

Шынайы мәдениет пен материалдық игіліктерге көбірек қол жеткізуді көздейтін «тұтынушылық мәдениет» – екі бөлек дүние. Сол секілді оқып-тоқу мен зиялы болудың да арасы жер мен көктей. Ауыз толтырып айтарлық білімі болмаса да, нағыз зиялы дегізетін келбетті тұлғалар болатындығы секілді талай оқудың түбін түсіргеніне қарамастан, ұлттық дүниетанымы жұтап, мәңгүрттеніп кеткен «зиялылар» да бар.

Қалың бұқараның біреудің қаңсығын таңсық көріп, санасы сансырап, адасатын кезеңі болады. Және бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ақ пен қараны ажырата алмай, әділдіктің ала жібін аттап, залымның сойылын соғуды құп көргендер болды. Көңілін кір басып, рухани дүниесін тозаң шалғандар жалпақ жұртқа жол көрсетем деп өзеуреп, дес бермеді. Ал халықтың шынайы зиялылары қуғын-сүргіннен көз ашпады. Ендеше, сұңқар қонар тұғырға сұғанақ құс саңғыған, шын зиялысы бұғаудан көз ашпаған елдердің саны тіптен аз болмаса керек.

Қандай қоғам болмасын, сүттің бетіндегі қаймақтай зиялылары арқылы қараңғылықтың түндігін түріп ашып, ой-пікірі мен сана-сезімін бұғаудан босатады. Зиялылықты оқып-тоқумен ғана байланыстыру қате. Әрине, кез келген қоғамда түрлі ілімнің басын ұстап, мәдениет пен өнердің маңдайалды майталманы атанған жандардың бары бесенеден белгілі. Сонымен қатар, жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдарды бес саусағындай меңгеріп, өз саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандардың болғанын ғана қанағат тұтып, торсық арқалағандай тоқмейілсуге болмайды. Адамның әлеуметтік санасының оянуы, ұлтының ұлағатына ден қоюы, заманы түлкі болса тазы боп шалатын, өз таңдауының оң-терісін ар безбеніне тартып, таразылай алатын талдамалы талғамға, сарапшыл санасы бар, парасаттылықпен қоса рухани кемелденудің шыңына шыққан, сана-сезімі мен ерік-жігері арқылы жаратылысының мәніне терең бойлай алатын шынайы зиялылар мен жігерлі тұлғалардың болуына байланысты. Мұндай жандар жан дүниесінің тұңғиық тереңіндегі мөлдір бастаудан келетін иләһи шабыттан арқаланып, рухында кілегейленген қаймақтай асыл құндылықтарын кәдеге жаратып, былайғы жұрттың рухани таным-түсінігін кеңейту үшін күреседі. Осылайша жаңа қоғамның көкжиегін кеңейтіп, ұлттық мәдениетін түрлендіріп-түлетіп, халық рухында өшпес із, сөнбес жалын қалдыра алады. Өркениетті қоғамды таудай биік, тастай мықты ерік-жігер қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде салиқалы ой, хақ сенім және ұлттық мәдениеттің жеңіске бастайтын жемісі болмақ.

Әрбір мәдениет сүйіспеншілік пен нық сенімнің пәк қайнарларынан бастау алады. Мұндай сүйіспеншілік пен нық сенім болмаса, өркениеттің жұрнағын да таппай қаласыз. Сонымен қатар, нық сенім мен сүйіспеншіліктен ада қоғамда адамдық қадір-қасиеттің айшықталып, дамуына тұсау салатын тоталитарлық қысым еңсе көтертпесе, мұндай жерде ғылым өркендеп, ғаламның басқа бір шетінен жемісін берген күннің өзінде өркениеттілік туралы сөз қозғаудың өзі оғаш. Керек десеңіз, шынайылықтың ізі, кестенің бізі жоқ, ардақты ұғымдардан адыра қалған ортада бой көрсеткен бірен-саран мәдени құндылықтардың өзі түптің түбінде теңізге тамған тамшыдай жұтылып, жойылып, жоғалып кететіндігіне шүбә жоқ.

Иә, имансыздық жайлап, жүйкеңді жүндей түтер жүгенсіздік бел алып, адамдар не үшін өмір сүретінін байыптап бажайлай алмай, мұндай қоғам қазіргі заман түсінігіндегі өркениет жетістіктерімен қайта жарақтанып, жасауын түзегенімен, өмір сүру стандарттары жақсарып, байлыққа батқанымен, бәрібір мұны өркениеттілік деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Өйткені, өркениеттілік деп – салиқалы сана-сезім мен рухани құндылықтар қоғам өмірінің қозғаушы күші болғанда ғана сеніммен айта аламыз. Ғылым мен технология, заманауи техникалар мен еңбек құралдары, машиналар, виллалар – бұлардың ешбірі өркениетпен алты аласы, бес бересі жоқ дүниелер.

Егер осы айтылғандарды өркениеттің іргетасын қалайтын нақты белгілері деп қарастырар болсақ, мұндай жағдайда адамды санаулы уақытта, ал қоғамды бірнеше жылда өркениетті қоғамға айналдырып жіберуге болар еді. Алайда тек материалдық игіліктерді мұрат тұтқан қоғамдар реформаларды бірінен кейін бірін бастан өткеріп, дамығанына қарамастан, адамның рухани дүниесінің кемелденуі тұрғысынан бір қадам да алға баспағаны неткен масқара… Бұл еліктеп-солықтаумен, көзсіз көшірумен өркениетті өмір құрылмайтындығының ащы да болса шындығы.

Бір қызығы, көште қалған «дамушы» елдердің зиялылары гүлі солып, шырағы сөнген, мәнсіз-мағынасыз ой-пікірлерімен жалпақ жұртты адастырумен қоймай, жасықты асыл етіп көрсетіп, жаңашылдық боп көрінген әлдеқандай дүниелерді мәдениет деп дәріптеп, халық санасына алдап-арбаумен сіңіруге тырысқандары белгілі. Мәдени экспансия кесірінен ұлттық санамызды бұғаулаған мұндай сорақылықтар халқымыздың өз төл мәдениетіне беталысын тойтару үшін бір кездері батыстағы «достарымыздың» ойлап тапқан амалы болатын. Дініміз, тіліміз және діліміздің тамырына балта шауып, бұлардың орнына төл дәстүрлерді тірідей жұтып, ұлттық санамызды рухани кемтарлыққа ұрындыратын дүниелерді тықпалады. Әрине, олардың өз білек күштерімен, найзаның ұшымен дегеніне жетуі қиын болатын. Дегенмен, солардың сойылын соғып, шашбауын көтерген, өз мәдениетінен жеріп, іштен шалған опасыздар әлгілердің арам пиғылдарын ұлт наразылығын тудыратындай ашық әрекеттерге бармай аса бір ептілікпен жүзеге асырды. Қатты ағашты құртпай тынбайтын жұмсақ құрттың жымысқылығы секілді жүздеген крест жорығынан әлдеқайда қауіпті олардың бұл әрекеті ұлттық санаға сына қағып, сызат түсіріп кетті.

Әйтсе де, соңғы жылдары халқымыздың ұлттық рухы оянып, төл мәдениетін қайта жаңғырту үшін ең серпінді әрі батыл қадамдарға баруы іштегі және сырттағы мысықтілеу жаудың арам пиғылына тосқауыл қойды. Ендігі жерде тоң боп қатқан жерге жағылған отты ары қарай лаулата түсу үшін жастық жалынымен жарқын болашақтың туын желбіретер қазіргі ұрпақ болаттай берік сенім мен мұқалмас ерік-жігер арқылы өз халқының төл құндылықтарын жанындай қорғауы қажет.


[1] Шөлдегі көшпенді арабтарға берілген атау


 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message