Әлемнің тылсымға толы тағылымдары

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Руханият көктемі » Әлемнің тылсымға толы тағылымдары

Иман, үміт және ақыреттегі мәңгі өмірге деген сенімінің тереңдігімен бұл әлем-нің талай тылсым сырына қаныққан бақытты жандар аз емес. Дегенмен, бұл әлемнің әлі де ашылмаған талай жұмбақтары, сыр сандықтай құлпына қол тимеген қаншама қазыналары бар. Міне, осынау қазыналардың құпиясын ашып, сырына қаныққандар үшін әлемнің айрықша мәні, мағынасы ашыла түспек.

Әуелде дүниетанымы бөлек, өзгеше ойлап, өзге құндылықтардың жаршысы болған базбір жандар кейін келе біздің нұрлы әлемімізді танып, адам танымастай өзгеріп жатады. Иманнан бастау алған барша құндылықтарымыздың тамаша үйлесімділігін көріп, тылсым шұғыласынан рухани байып, мол қазынаның үстінен түсіп, оның дәмін бір алған жанның бар есіл-дерті Исламға, асыл дініміз қанат жайған шығысқа ауып, ғұмырының соңына дейін бұл кәусардан бас алмай өтеді. Әдетте, өзімізге үйреншікті болып кеткендіктен, қадірін біле бермейтін қаншама құндылықтарымыздың өзгелер үшін таңғажайып көрінетіні соншама – өмір бойы зарығып іздеген асылын тапқандай әр сәтін, әрбір бояуын қалт жібермей қадағалап, демін ішіне алып, көз айырмайды. Тіпті кейбірі «хайрет»[1] мәртебесіне көтерілгендей барлық жайдың ақиқатына терең бойлап, рухани ләззатқа батады.
 
Әрине, төл құндылықтарымыздың қадірін өзіміз емес, өзгелер жақсырақ түсінеді деген ойдан аулақпын. Арамызда рухани-танымдық ізденісі арқылы көкірек көзі ашылып, пейіште жүргендей пәк өмірді көріп, сезінген қаншама жан бар. Алайда «қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, талай жанның арамыздағы асылдарымыздың байыбына бара алмай жүргені де жасырын емес. Бұл жайт санамызды сал қылатын, рухани ояздыққа ұрындыратын, ар-ожданымызда Хақты тереңірек тануымызға тұсау болатын рухани індет екенін баса айтқым келеді.

Рухани құндылықтарымыздың кәусар бұлағына енді ғана бас қойып, санасына сарқылмас қазына құйылғандай көңілі шалқып, шабытқа мінген жан-дардың жағдайы айрықша. Сондай-ақ, рухани дүниесін әрдайым жаңалап, жаңғыртып тұрудың жолын тапқан арамыздағы абзал жандардың жөні тіптен бөлек. Мұндай жандар рухани өмірдің әрбір сәтінен сыр аулап, рухани ізденіс арқылы кемелдік шыңына ұмтылады. Жердегі тіршілік атаулы мен көктегі рухани болмыстарды кіршіксіз адал жүрегімен беріле сүйеді. Бірде иманның шуағымен жүрегін үміт пен махаббат кернесе, енді бірде жаратылыстағы ғаламат құдіретті тамашалап, бойын қорқыныш билеп жатады.

Көк пен жердің тігісі білінбей астасқан әсемдігін көңілі тоймай тамашалаудың өзі – Жаратушының бұл дүниеге айрықша ілтипатымен төккен нұры тәрізді жан толқытар құбылыс. Кейде Жаратушының сұлулық сипатын паш ететін көріністердің ернеуінен төгілердей лықсып кеп жүрекке құйылған самала сәтте ақыл-ойымыз бұлыңғыр тартып, жалған дүниенің жарығынан бөлек таңғажайыптарды тамашалайсың. Мұндай сәтте ғажайып түс көріп жатқандай күй кешіп, осы түстен ояна кетсек кереметтің барлығы рухани дүниемізден сынаптай сырғып, құмдай сусып, жоғалатындай қорқып, демімізді ішімізге алатын кездер де болады.

Кейде көктен түскендей тосын нығметтер көңілді шалқытқан сәттерде айналамызды ажыратудан қалып, мына өмір мен арғы дүние біртұтас әлемге айналып, астасып кеткендей болады. Ғажайып сырдан алқа тағып, нұр шашқан рухани ортада ғайыптың ғазалдарына сұғына терең бойлап, ұшқыр сезімінің қанатына мініп, мекеннен табаны ажыраған жан рухани болмыстардың әлеміне қадам басып, миғражда тұрғандай рухани халді сезінеді. Сонымен бірге, арғы әлемнің рухани болмыс-тарымен де тілдесе алады…

Рухани ләззат пен рақаттың сарқылмас сарқы-рамасындай жан-дүниеміздің шөлін қандыратын мұндай таныс та бейтаныс сезімдер ақырет әлеміне көкірек көзі ашылған барша жанда кездесуі әбден мүмкін. Мұндай жандар күллі ғаламды көкірегіне түйіп, көңіліне сыйдыратындай ашылған сайын ашыла түсіп, шексіз Рақым иесінің жарқыраған айнасы тәрізді шуақ шашады. Жер бетін нұрландырған мұндай заңғар тұлғаларға ғарыштағы рухани болмыстардың өзі құрмет көрсетіп, оның қуаныш-шаттығын бөлісуге асығады. Көзі тірісінде ғайыпқа үңілетіндей қабілетке ие болған мұнай жандар осы бір таңғажайып иләһи құбылыстарды тамашалаған сайын адамның ой-қиялы жетпейтін ғажап бір ләззатқа батады. Осылайша, өмірі ұдайы ізденіс үстінде, рухани кемелдену жолында алға ұмтылумен ғұмыр кешеді.

Бір сәт тыным тауып, мына дүниенің қызығына көз қиығын да салмайтын мұндай тынымсыз жандар мекен түндігін түріп ашып, арғы әлемнің таңғажайыптарын тамашалаумен болады. Қай жерге барса да арғы дүниенің інжу-маржандары төбесінен төгілгендей күй кешеді. Мұндай сезім, қылуетте[2] де, үйде де, тіпті жұмыс орнында да анық аңғарылып, көңілді көктем шуағына бөлейді. Ең бастысы – сәт сайын Жаратушының иләһи саясын паналағандай күй кешеді. Жаратушыға асық жүрегін кернеген мөлдір махаббаттың алға жетелер қуаты соншама – фәни дүние немесе материялық әлемнің барша шуағы елеусіз қалып, ой-сезімі тек қана ақыреттің нұрлы сәулесінен нәр алады.

Жүректегі иманымен ғаламға зер салған жан көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстауға келмейтін қан-шама ақиқаттың бар екеніне қаныға түсетіні анық. Бұлар тек сана, ұждан және парасат арқылы ғана сезіледі. Осы көкірек көзімен қарағандарға әлем – бейне бір рухани ләззаттарға тұнған таңғажайып көрме немесе мәңгілік өмірді жырлаған әсем саз, ал енді бірде әр сөйлемі сөре-сөре кітаптың мазмұнын құрайтын ілім дариясы. Бұл ақиқаттар адам жүрегінде әрқалай оянады. Мәселен, базбіреулер ғаламдағы таңғажайыптарды көре-көре көкірек көзі ашылып, жаннатты тамашаласа, енді бірі тыңдай-тыңдай жаннаттағы рухани болмыстардың әсем әуендерін естіп, өзінің де оған қалай қосылып кеткенін байқамай қалады. Ал осыларды дұрыс оқи білгендер қасиетті төрт кітаптың бірауыздан жеткізген ұлы ақиқаттарын көкейге тоқып, көңілі толқиды.

Жаратушы Құдірет адам баласы үшін жер бетін талқұрақ, ғажап бір тұрақ еткен. Осы тұрғыдан алғанда, бұл әлем – сүйіспеншілікке тұнған, мағынасы терең тағылымды дүние. Бейне бір жанды тіршілік иесі тәрізді маусым сайын сан құбылып, құлпыра түсетіні нет-кен ғажап десеңізші?! Оның сай-саласында сарқырап жатқан өзен-сулардың тылсым гүрілінің астарындағы «әбәд», «әбәд»[3] деп мәңгілік әлем туралы шырқалған сазды әуен қандай тамаша! Қиялымызға қан жүгіртіп, қанат бітіріп, көңілді көктемге айналдыратын көк аспанның тұңғиық жүзі, тылсым құпиялары неткен ғажап! Ананың алақанындай аялы жер бетінің адам баласы үшін ең қолайлы мекен болуы не деген керемет! Міне, осының баршасы – көңілдегі асыл арманмен ұштасқан жүректің қалауы, жанның рақаты, рухани өмірдің ләззаты.

Осынау тылсым дүниеден көрген-білгендеріміздің өзі талай таңырқатып, таңдай қақтырған қиял-ғажайып әлемі десе де болғандай. Қарасаң көз тоймайтын жаннатты еске салады. Міне, дүниеге осылайша зер салған базбір жандар фәни өмірін мәңгілік өмірдің бастау бұлағындай бағамдап, шектеулі ғұмырының өлшеулі ләззаттарын мәңгілікке айналдырады. Сонда ғана жан дүниесінде арғы дүниенің шексіз ләззатын шым-шым сезіп, дәм-тұзын тата бастағандай өмірінің әрбір сәтін жылдарға бергісіз терең мәнмен ұштастырып отырады. Иә, мұны оның рухани дүниесінің күншуақта бойы балқыған қарияның бейкүнә қуанышындай нұрға бөленген сәттері десе болады. Адам бойындағы мұндай ілуде бір кездесетін қабілет толық ашылған жағдайда рухтың нұрға бөленген сәттері арқылы «бәқа биллаһ»[4] арқылы мәңгілікпен табысқандай, ондағы нығметтердің ішінде жүзіп жүргендей жаны рақат табады.

Мұндай ғажап сәттердің тағы бір ерекшелігі – мәңгіліктің түгесілмейтін сырынан түк тартқан барша тіршіліктің тілі күрмелсе, үнсіз мүлгісе немесе тіл қатқанның өзінде біз жарытып ештеме түсінбесек, көңіл көкжиегін көркейткен сол бір ай сәулесіндей құйылған нұрлы сәттер біздің жолымызды жарқыратар шамшырағымыз тәрізді рухани ізденісімізге серпін бермек. Мұндайда көзімізді алыс көкжиекке тігіп, сол бір нұрлы сәттерді іштей аңсаумен, іздеумен өткіземіз. Көңіл шіркін бірде жолы даңғыл ақиқаттан, енді бірде жалғызаяқ соқпақты қуалаған үміттен қуат алып, қашанда жалындаған күйі жарық шашып тұрады!…


[1] «Хайрет» мәртебесі – тасаууыф (сопылық) ілімінде қолданылатын ұғым. Адам бірқатар діни-психологиялық тәжірибелер мен рухани-танымдық ізденістер арқылы ақиқатқа көкірек көзі ашылған сәттегі таңырқау, таң қалу, таң-тамаша болу халі. 
[2] «Қылует» – көпшіліктен жырақ оңаша қалу арқылы Жаратушы туралы терең ойланып, ғибадат ететін мекендердің атауы. (Ауд).
[3] «Әбәд» – «мәңгілік» деген мағынаны білдіретін арабша сөз. (Ауд).
[4] «Бәқа-биллаһ» – сөздік мағынасы тұрғысынан «тұрақтылық, әрдайым белгілі бір рухани халде болу» дегенге келеді.  Адамның өз болмысымен қоса тұтас жаратылысты заттық әрі рухани тұрғыдан мүлдем жоқ деп есептеп, жанды-жансыз барлық нәрсені Аллаһ тағаланың «Ужуд» және «Ілім» сипаттарының шағылының көлеңкесі екендігін рухани танымы арқылы сезіп білу дәрежесіне тасаууыф (сопылық) ілімінде «бәқа-биллаһ» деп атайды. Қараңыз: Фетхуллаһ Гүлен, «Калбин зүмрүт тепелери», Ніл Йайынлары, Стамбул, 2006, 162 бет. (Ауд).


 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message