Истиғфар-2

Fethullah Gülen: İstiğfar

Сұрақ: Иманды жандар үшін арылудың бірегей жолы болып саналатын истиғфардың (кешірім тілеп жалбарынудың) шарты мен әдебін таныстырсаңыз?

Жауап: Кісі Алладан кешірім сұрамас бұрын алдымен Аллаһ тағаланың ұлылығы мен құдіретін еске алып, тәкбір мен тәсбих айтуы керек. Бұл жайлы пайғамбарымыздан көптеген хадис жеткен. Соның бірінде истиғфарды былай бастау керек екені айтылады:

اَللهُ أَكْبَرُ كَبِيرًا وَالْحَمْدُ لِلهِ كَثِيرًا فَسُبْحَانَ اللهِ بُكْرَةً وَأَصِيلًا لَا إِلٰـهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ نَصَرَ عَبْدَهُ وَهَزَمَ الْأَحْزَابَ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ
“Аллаһ ұлы. Барша мақтау мен мадақ ұлылардың Ұлысы Соған тән және ертелі-кеш тәсбих етіп ұлықтау тек Соған ғана лайық. Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ол жалғыз. Ол құлына жәрдем етіп, жалғыз Өзі дұшпан әскерінен үстем түскен. Оның теңі мен теңдесі жоқ”.

Аллаһтың ұлылығын айтқаннан кейін пайғамбарымызға салауат пен сәлем жолдау да истиғфардың қабыл болуы үшін өте маңызды. Өйткені пайғамбарымызға салауат айту Аллаһтың сөзсіз қабыл ететін дұға түрі. Салауат айту арқылы кісі пайғамбарымызбен байланыс құруға мүмкіндік алады. Осы тұрғыдан адам баласы әлі дұғасы мен истиғфарын бастамай жатып пайғамбарымызды өзіне шапағатшы етіп алып Аллаһқа жақындау — кешірім тілеудің озық үлгісі саналады.

Және де қажет намаздарындағыдай истиғфарға кіріспес бұрын Мұхаммед пайғамбардың үмметіне кешірім тілеуі де артықтық етпейді. Таңертең мен кеште,

اَللّٰهُمَّ اغْفِرْ لِأُمَّةِ مُحَمَّدٍ اَللّٰهُمَّ ارْحَمْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
“Уа, Аллаһ, пайғамбарымыздың үмметіне кешірім ете гөр. Пайғамбарымыздың үмметіне мейіріміңді төге гөр.”

деу керек. Осылайша мұсылмандар үмметіне қайырлы дұға етіп, өзіңіздің айтқалы жатқан дұғаңызды қабыл қылудың алғышарттарын қалыптастырасыз. Тіпті өзіңізді ең күнәһар адам санап

اَللّٰهُمَّ اغْفِرْ لِي وَاغْفِرْ لِأُمَّةِ مُحَمَّدٍ اَللّٰهُمَّ ارْحَمْنِي وَارْحَمْ أُمَّةَ مُحَمَّدٍ
«Аллаһ тағалам, мені және пайғамбарымды кешіріп мейіріміңе бөлей гөр»

деп өзіңізді алға шығаруға да болады.

Ең жақсы сөздермен истиғфар ету

Кісі осындай кіріспеден кейін күнәларының кешірілуі үшін Құран кәрімде дұғаның үлгісі ретінде айтылған мына аяттарды оқуына да болады:

لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
“Сенің мінсіздігіңді айтып ұлықтаймыз. Мен өзіме кесір қылдым, кешіріміңді тілеймін. (Әнбия сүресі, 21/87)

أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنْتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ
“Маған үлкен қауіп төніп тұр. Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің” (Әнбия сүресі, 21/83)

رَبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ
“Уа, Раббым жарылқап мейіріміңе бөле. Сенің мейірімің ең қайырлы” (Мүминун сүресі, 23/118)

رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي فَاغْفِرْ لِي
“Уа, Раббым, мен өзіме кесір қылдым, мені кешіре гөр” (Қасас сүресі, 28/16)

رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ
“Уа, Раббым, есеп күні мені, әке-шешемді және барша мұсылмандарды кешіре гөр” (Ибраһим сүресі, 14/41)

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَا وَإِسْرَافَنَا فِي أَمْرِنَا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
“Уа, Раббым, күнә мен білмей істеген астамшылығымызды кешіре гөр. Тура жолда бізді тұрақты ет. Күпірлікке қарсы тұруға бізге көмек бер” (Али Имран сүресі, 3/147)

Құран кәрімдегі осы дұғалармен қоса хадистерде де бірқатар тамаша дұғалардың үлгілері бар. Мысалы, хазірет Әбу Бәкір пайғамбарымыздан намазда қандай дұға оқуға болатынын сұрайды. Пайғамбарымыз оған:

اَللّٰهُمَّ إِنّـِي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا وَلَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
“Аллаһ тағалам, мен өзіме кесір жасадым. Күнәні кешіруші жалғыз Сенсің. Мені күтпеген жерден кешіріміңе бөле. Сен Ғафур әрі Раһимсың” (Бұхари, Дағуат 17; Мүслим, Зікір 48)

Намаздағы әт тәхиятта осы дұғаны оқу истиғфар тұрғысынан таптырмас мүмкіндік болмақ.

Пайғамбарымыздан жеткен сәидул-истиғфар деген атпен танымал мына дұға да ертелі-кеш оқылуы керек:

اَللّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ
“Аллаһ тағалам, Сен менің Раббымсың. Ғибадат етуге лайық Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен Сенің құлыңмын. Әу баста Саған берген уәдемде тұруға шамамның келгенінше тырысып жатырмын. Жасаған қателіктерімнің кесірі тимесін деп Саған сиынамын. Маған берген нығметтеріңе алғыс пен шүкір айтып, күнәларымды мойындап тәубе етемін. Мені кешір. Күмәнсіз, тек Сен ғана күнәларды кешірушісің”. Осы дұға жайлы пайғамбарымыздың өзі былай дейді: “Кімде-кім сауабы мен артықшылығына шын сеніп осы дұғаны күндіз оқып кешке дейін қайтыс болса, жұмаққа барады. Егер осылай кешке оқып күндізге дейін қайтыс болса, тағы жұмаққа барады”. (Бұхари, Дағуат 2).

Арылғаныңды сезінгенше жалбарын

Кісі әбден шаршағанша, қатерден құтылғанын іштей сезініп, күнәдан арылғанын сезінгенше

يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ أَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ وَلَا تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ
“Иә, Хаий (өмір беруші), иә, Қайююм (болмысты ұстап тұрған) рахымыңның құрметіңе Сенен жәрдем тілеймін. Әр хәлімді жақсартып, қас қағым сәтке де нәпсіге ергізбе”

деу керек. Тіпті қас қағым сәтке емес, одан да аз уақытқа да нәпсінің жетегіне еріп кетпеуді сұрап жалбарыну керек. Пайғамбарымыздың ұйқыдан оянған кезде оқыған мына дұғасын да тастамау керек:

سُبْحَانَكَ اللّٰهُمَّ أَسْتَغْفِرُكَ لِذَنْبِي وَأَسْأَلُكَ رَحْمَتَكَ، اَللّٰهُمَّ زِدْنِي عِلْمًا وَلَا تُزِغْ قَلْبِي بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنِي وَهَبْ لِي مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ
“Сен пәксің Аллаһ. Сен ұлысың Аллаһ. Барлық күнәларыма кешірім тілеймін. Мейіріміңді тілеймін. Білімді арттыра гөр, Раббым. Маған берген хидаятыңнан адастыра көрме. Маған Өзіңнің рақымыңды төк. Қарымтасын жақсы етіп беретін тек қана Өзіңсің” (Бұхари, Дағуат 7-8; Мүслим, Зікір 59).

Екінші жағынан әркім өзінің жағдайы мен жасаған күнәсіне қарай күніне мыңдап «Астағфираллаһ» пен «Субханаллаһ» деп тәспі тартуы керек. Мысалы, Әбу Хұрайраның күніне он екі мың «Субханаллаһ» дегені риуаят етіледі. Оған әлдекімдер «Мынауың көп емес пе?» дегенде ол кісі: «Күнәм қаншалықты болса, Аллаһты да соншалықты ұлықтаймын» деген екен. (Ибн Шәйба, әл Мусаннаф 5/345).

Дәуістен келіп Суфа сахабаларының қатарына қосылған, ұзақ уақыт пайғамбарымыздың жанында жүріп ең көп хадис жеткізген осындай тақуа кісінің ондай шамада күнә жасады деп мен ойламаймын. Алайда ол сахаба өзінің дәрежесіне қарай осыншама көп зікір етуді қажетсінген. Олай болса күнәдан көз ашпаған мына біздің күніне отыз мың рет истиғфар етуіміздің өзі аз болар.

Сонымен қатар үлкен әулие кісілердің айтқан истиғфарларын да оқуға болады. Айталық, хазірет Хасан Басри руханияты өте күшті, Аллаһқа өзіндік жақындығы бар әулие кісі болатын. Мүмкіндік болса ол кісінің оқыған истиғфарларын бізге де оқуға болады. Ол алдымен салауат айтып, кейін өз күнәларын санамалай келе, қайтадан салауат оқып истиғфар ететін. Негізінде оның өмір сүрген ортасы соншалықты күнә жасайтындай лас қоғам емес еді. Онымен қоса өзін Аллаһқа арнап, құлшылыққа берілген адамның ондай күнә жасауы да қиын. Соған қарамастан ол кісі, мүмкін, ойына алған, санасына енген күнәлардан да Аллаһқа сиынатын. Біз дінді ұстануымыз Хасан Басридан озық емес, қателікте де одан кейін қалмаймыз. Сол үшін оның бір кеште оқыған дұғасын біз екі реттен оқуымыз керек.

Кісі истиғфарда күнәларына кешірім тілегеннен кейін басында, соңында пайғамбарымызға салауат пен сәлем жолдауы керек. Пайғамбарымыз қабыл болатын екі дұғаның арасында жасалған дұғаның да қабыл етілетінін айтқан. Демек, қабыл болатын екі салауат арасында біздің истиғфарымыз қабыл болуы үшін кешірім тілеп жалбарынғанда басын салауатпен бастап, соңын да салауатпен аяқтау керек.

Истиғфарда айтылған әр сөз шынайы іштен шығып, тәубеде шын өкініш етілуі керек. Өйткені атүсті айтыла салған сөз Аллаһ тағалаға деген құрметсіздік. Және ол истиғфар шынайы шықпағандықтан өтірік айтыла салған болу қаупі де жоқ емес. Сол үшін айтылған сөз бен тіленген кешірім жүректен шығып тиген жерін тіліп түсердей артына із қалдыруы керек. Истиғфар етіп етегіміз жасқа толып, толқудан жүрегіміз тоқтап қалардай болса қанекей!

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message