Күнә, тәубе және рухани жаңару (қайта тірілу)

Home » Kazakh (KZ) » Кітаптар » Сынық құмыра » Күнә, тәубе және рухани жаңару (қайта тірілу)

218. Nağme: Alınlarınızdan öpüldü ey mefkûre muhacirleri, isimsiz kahramanlar!..

Сұрақ: «Адам күнәсі үшін шынайы тәубе ететін болса, ол күнәні мүлдем істемегендей болады. Егер Алла тағала қандай да бір құлын жақсы көрсе, ол құлға ешбір күнә зиян келтіре алмайды» деген хадис-шәріптің мағынасын ашып берсеңіз.

Жауап: «Адам жасаған күнәсі үшін шынайы тәубе етсе, сол күнәні істемегендей болады» деген хадистің арабша мәтініндегі «тә’иб» сөзі өмірде қандай да бір қателікке бой алдырып, сүрінген соң қайта тұрып, қателігі үшін қатты өкініп шынайы тәубе еткен, шалыс кеткенін мойындап Хаққа бет бұрған, одан кейін де өз-өзін қайта-қайта жазғырып тәубе етуін тоқтатпаған адамға айтылады. Хадис-шәріп есімдіктен басталып тұр. Ал араб тілінің қағидасы бойынша есімдікпен басталған сөйлем ол нәрсенің тұрақты екенін және үнемі жалғасып тұратынын білдіреді. Демек, хадистен тәубе мен Алла тағаладан кешірім тілеудің үнемі жалғасып тұру керектігін түсінуіміз керек. Яғни кісі өмірде абайсызда күнәнің батпағына батса, еш күдер үзбестен Хақтан кешірім тілеп, күнәсі үшін қынжылып, шынайы тәубе етіп және сол тәубені үнемі қайталап отыруы тиіс. Хадисте «күнә» мағынасын беретін араб тілінің «зәнб» сөзі мен «құйрық» мағынасын беретін «зәнәб» сөздері бір түбірден шығады. Бұл жерден біз күнәнің адам табиғатына мүлдем үйлеспейтін, жаратылысына теріс тағылған бір құйрық іспетті екенін аңғарамыз. Асылында құйрық хайуанға жарасқанмен адамға жараспайды. Сондықтан адам баласы қандай да бір күнә жасап қойған кезінде өзіне жат бір құйрықтың тағылғанын білсін және тез арада тәубе етіп сол құйрықтан құтылсын. Олай істемеген жағдайда адам ол құйрығына тағы құйрықтар жалғап, ақыр аяғында ол құйрығын қия алмайтын болады. Бұндай адамның жағдайы басқа бір хадисте былай деп баяндалады: «Кісі күнә жасаған сәтте жүрегінде бір кішкентай қара дақ пайда болады. Егер дереу тәубе етсе, ол дақ өшіріледі. Ал егер күнә жасауын тоқтатпаса, қара дақ үлкейіп бүтіндей жүрегі қарайып кетеді». Құран кәрімдегі «Алла тағала олардың жүрегіне мөр басты» деген аятта осы ақиқатты меңзеп тұр. Сол үшін біз әрбір күнәнің ішінде күпірлікке бастар бір жол бар екенін білуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) «тә’иб» сөзін келтіру арқылы бізге тәубе етудің қаншалықты маңызды екенін білдіріп, бізді үлкен бір азапқа душар боп қалудан сақтандыруда.

Жүректі кірден арылтатын терең тәубелер

Аталған хадисте тәубе еткен кісінің ешбір күнә жасамағандай болатыны айтылған. Дегенмен сөйлемге тағы бір зер салып қарайтын болсақ, бұл жерде «күнә істемегендей» дегеннің мағынасы «күнә істемеген секілді болады» делінген. Демек, тәубе еткен кісі үнемі үміт пен үрейдің арасында күн кешуі тиіс. Сондықтан бұл жерден «қап, адам ол күнәні істемегенде ғой, жүрегіне қара дақ түспегенде ғой» дегендей мағынаны аңғарамыз. Иә, тәубе мен кешірімнен қол үзбеген ізгі мүмин жүрек дағын тәубемен қанша кетірсе де ол дақтың ізі қалмасына кепіл бола алмайды. Жаратушы Хақ тағала кір шалған рухымыз бен жүрегімізді бірте-бірте тазалайды. Бірақ бұның да дәл осылай болатынына толық сенімді болуға да болмайды.

Кейде базбір адамдар күнәні құмартып істегені соншалықты, сол күнәні жүрегі тағы да істеуді қалап тұратындай хәлге жетеді. Пендені нәпсі қалаулары жеңіп немесе жүрегін бақталастық пен қызғаныш шоқтай қарып, оттай күйдірсе, адам шошырлық күнә жасауы мүмкін. Сондықтан күнә қаншалықты ауыр болса, тәубе мен кешірім тілеу де соншалықты терең болуы керек. Сол кезде ғана ол тәубе күнә дағын кетіре бастайды. Әйтпесе тәубе күнәнің жанында жеңіл тартса, жүректің ластықтан тазаруы мүмкін емес. Сондықтан терең тәубе жасаған пенде күнә кірінен арылып хадисте айтылғандай «күнә істемеген секілді» болады.

Күнәдан сақтану және Алланың сүйіктісі атану

Хадистің жалғасында Алла елшісі (с.а.у.): «Алла тағала қандай да бір құлын жақсы көрсе, оған ешбір күнә зиян бере алмайды», – дейді. Бұл жерде біз түсінуіміз керек болған маңызды нәрсе Жаратушы иеміз қандай да бір құлын сүйгенінің белгісі оны күнәлардан сақтауы болмақ. Себебі Алла тағала сүйген құлының жүрегіне күнәнің жаманшылығын сездіреді және оны ойлағанда жүрегі тіксініп қалатындай сезім ұялатады. Егер ол құл қателікке ұрынса, Алла тағала оның жүрегіне өкініш сезімін ұялатып, тәубеге барар жолдарды ашады. Иә, Алла тағаланың қамқорлығының арқасында тіпті сіз күнә жасауға беттеген кезде ерік-жігеріңіз ерекше күшейіп, сол жасағалы тұрған күнәдан кері қайтасыз. Ал алда-жалда бір күнә жасай қалсаңыз, Алла тағала жүрегіңізге өкініш сезімін ұялатқаны соншалықты, сіз ол күнәні құдды бір жиырма жылдың әрбір күнінде істеп жүргендей қынжылумен боласыз. Жасаған ағаттығыңыз ойға оралып, санада жаңғырғанда, сіз ол күнәні тағы істегендей күйге түсесіз. Онан соң «Уа, Жаратушым! Мені кешіре гөр», «Уа, Алла тағалам! Қатемді мойындап өзіңе бет бұрдым» деген секілді истиғфарлар (кешірім тілеу) айтып, сәт сайын Хаққа жалбарынумен боласыз. Жаратушы Хақ тағала да бұл тәубелеріңізді зая кетірмей әрқайсысына сауап жазады. Бұл мәселені мен былай деп түсінемін: «Бәлкім Алла тағала бір рет жасалған тәубе мен бір рет тіленген кешіріммен де құлының күнәсін кешер. Дегенмен жасаған күнәсі үшін шын қынжылып, бүкіл болмысымен бір рет емес мың рет тәубе ету нағыз құлдың ісі және бұл Аллаға жақындаудың шынайы көрінісі болып табылады».

Алла тағаланың сүйікті құлы болудың маңыздылығын хазірет имам Шазили секілді ізгі құлдардың ауыздан тастамай үнемі айтып жүретін мына бір дұғасынан аңғарамыз: «Уа, Аллаһ тағалам! Егер күнәм болса, өзің сүйген құлдарыңның күнәсындай қыла гөр. Өзің сүймеген құлдарыңның сауабындай қыла гөрме».

Себебі Алла тағаланың сүймейтін құлдарының да жақсы іс-әрекеттері бар. Яғни кейбір адамдар мұсылман болмаса да бойларында мұсылмандық сипаттар болады. Бірақ иман сауаптар сарайының алтын кілті болғандықтан имансыз пенде қанша қайырлы іс істегенмен ақыретте оның сауабын ала алмақ емес. Сондықтан Құдай сүйген, иманды құл болу өте маңызды нәрсе. Өйткені Хақ тағала өзі сүйген құлының жүрегін кірлеген күйі қалдырып қоймайды; оған тәубе ету мен кешірім тілеуді жақсы көргіздіріп, жүрегіне күнәнің әсерінен жиіркентіп, одан барынша тез арылуды қалау сезімін ұялатады.

Мысалы, бөбегіне қамқор ана баласының кір-кір күйінде көшеге ел-жұртқа масқара күйде шығаруы мүмкін емес. Баласы көшеден үсті-басын сан мәрте кірлетіп келсе де анасы оны тазалаудан жалықпайды; қолдарын, жүзін, көзін сүртіп, таза күйге келтіріп қайта көшеге жібереді. Ал, Алла тағаланың құлдарына деген махаббаты мен мейірімі ата-ананың мейірімінен мың сан есе артық екені белгілі. Хақ тағала сүйген құлдары үшін күнәға апарар жолдарды бөгеп тастайды. Тіпті дәрежелеріне қарай кейбір құлдарын мүлдем күнә жасай алмайтындай етеді. Иә, Жаратушы Жаббар иеміз құлын күнә жасағалы отырған күйінде қалдырмайды. Сүйген құлының жүрегіне күнәлі іс есіне түскенде үстіне бейне бір тау құлап кететіндей қорқатын сезім дарытып, ол құлының терең тәубесі арқылы өмірге қайта келгендей қылады. Осылайша құл әрбір тәубесі арқылы «ба’су ба’дәл мәутты» (өлгеннен соң қайта тірілу) ақиқатын бастан кешіреді. Осылайша ол өмірге бір рет қана келмейді. Алла тағаланың жәрдемімен, мейірімімен мүмин әрбір тәубесі үшін қайта тірілгендей болып отырады.

Хадистің соңында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шүбәсіз Алла тағала тәубе етушілер мен тазаланушыларды жақсы көреді» деген аятты оқиды. Бұл аятта пенде өзін дүниелік һәм рухани кірлерден тазарту арқылы Алланың сүйген құлы бола алатындығы айтылған. Аяттағы «терең әрі көп тәубе ету» мағынасын беретін «тәууәбин» сөзінің астарында терең мағына бар. Яғни, шынайы тәубе етушілер өз-өздерін қоярға жер таппай, шын жүрегімен өкініп, көз жасына ерік беріп Хаққа жалбарынады, күнәлары еске түскен сайын жандары күйзеліп, сан мәрте тәубе жасайды және сол арқылы әуелгі таза күйіне қайта оралады.

Сұрақ: Жанымыздағы адамға күнәнің жаман екенін түсіндіріп, оны тәубе етуге қызықтырып, бойындағы үмітсіздіктен арылту үшін не істеу керектігіне тоқтала кетсеңіз.

Жауап: Меніңше, бұл тақырыпты жастар мен үлкендерге бөлек-бөлек түсіндіру керек. Мәселен, жастарға осы мәселені түсіндіргенде, оларды қызықтыру мен сүйіншілеу әдісін басты назарға алу шарт. Күнәлі істердің қаншалықты ауыр азап алып келетіндігі мен жақсы істердің ақыреттегі сауабын тілге тиек етуіміз керек. Сонымен қатар оларға Алла мен елшісіне (с.а.у.) деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын және сол үшін ақыреттегі сыйдың қаншалықты үлкен болатындығын түсіндіру ләзім. Осылайша жастармен сұхбат оларды жақсы іс-әрекеттерге қызықтыру, ақыреттегі сыймен сүйіншілеу, сүйіспеншілікті ояту негізінде өрбу керек.

Ал, үлкендермен бұл тақырып төңірегінде сөз қозғауда да өте ыждаһаттылық танытуымыз керек. Олармен әңгімелескенде қорқыту мен қызықтырудың алтын діңгегін ұстап отыру маңызды. Бір жағынан олардың үмітсіздікке салынып кетулерінен сақтандыру әрі күнәлі іске де жеңіл қарап кетулеріне жол бермеу керек. Адам харам-халал мәселесіне атүсті қарап, күнәлардан қатты сақтанбай, жақсы мұсылман болу қиынның қиыны болған кезде күнәлар арқылы оның бойында жамандық пен пасықтық пайда болады. Ал ол жамандық өз кезегінде адамның жүрегіндегі рухани тамырларды өлтіріп тынады. Негізінде бұл рухани тамырлар адамға Алла тағаланың ұлықтығын сезіндіретін нәрселер еді. Сол себепті адамдарға «қысқа әрі жалған өмірдің арзан ләззаттары үшін мәңгілік өмірге лайық жаратылған жүректерді күнәлармен өлтіру ақылға қона ма?» деу арқылы осы мәселені жеріне жеткізе, жүректен өткізе түсіндіру керек. Себебі жүректегі күнәнің әсерімен өлген рухани тамырларды тәубемен, Алладан қайта-қайта жәрдем, кешірім тілеумен тірілту мүмкін болса да кейбір рухани тамырларды тірілту мүмкін емес екенін де ескеру керек. Ал егер адам жоғарыдағы айтылған мәселелерді түсіне отыра, күнәға саналы түрде баратын болса, онда бұл өз алдына өте қауіпті мәселе.

Негізінде біз Алла тағаланың кешірімі мен мейірімін ел-жұртқа тарататын қалтадағы тәттідей көрмеуіміз керек. Керісінше Алланың кешірімі мен мейірімі біздің жасаған жақсылықтарымыз, құлшылықтарымыз және бойұсынушылықтарымыздың қарымтасы деп білуіміз лазым. Әйтпесе, Алла тағала жомарт, мейірімді деп үздіксіз айта беріп құдды бір Оның бұл ұлы сипаттарын өзіміз иеленіп алғандай боп көріну Жаратушы Жаббар иемізге құрметсіздік болып есептеледі.

Адамдардың харам мен халалдың парқына жете білуі өте маңызды. Мысалы, бір адам үкімет мүлкіне қол салғанда күнәһар атанып, Алланың жазасына душар болатынын ескеруі керек. Сол үшін де адамдардың күнә мен қатенің қаупін және олардың жақсы нәрселерді жоқ қылатынын білуі өте маңызды. Егер бұл тақырып өз дәрежесінде түсіндірілмесе, пенде Алла тарапынан берілетін ерекше, иләһи сыйдан мақұрым қалуы мүмкін екендігі де әңгімеге арқау болуы тиіс.

Асылында тәубе жайында сөз қозғалғанда Алла тағаланың мейірімін айтып, адамдарға үміт сыйлау керек және күнәлар себепті өлген жүректегі рухани тамырлардың қайта қалпына келуі қиын екені ойға келуі керек. Себебі біз осы мәселені біріншіден өз-өзімізге одан кейін бір-бірімізге үнемі айтып отыруға мұқтажбыз.

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message