2. Амр ибн Абәса

Ахмәд ибн Ханбәл жеткізеді: «Амр ибн Абәса Аллаһ елшісіне келді. Бәдәуише дөрекілікке басып: «Сен кімсің?» – дейді. Аллаһ расулы өте қарапайым түрде: – Мен Аллаһ тағаланың пайғамбарымын, – деп жауап қатады. Өзінің дөрекі сөзіне жылы сөзбен жауап қайтарғанына Амр ибн Абәса қайран қалып, тас жүрегі бірден еріп сала береді. Ол   тізе бүгіп: «Уа, Аллаһ тағаланың елшісі! Бұдан кейін мен саған бағыныштымын», – дейді. Бұл жайт Меккеде болған. Ол кезде мұсылман болғандардың саны аз болатын. Мұндай кезеңде тым құрығанда сырттай мықты көріну үшін адам санына деген зәрулік бар еді. Бірақ Аллаһ елшісі кімді қай жерге қойып, қалай пайдаланатындығын өте жақсы біледі. Амр ибн Абәсаға да дәл Әбу Зәррге айтқан сөзін айтып: «Сен әлсізсің. Қазір мұнда қалуға шамаң келмейді. Руыңа орал. Сол жерде дінді жаюға атсалыс. Қай уақытта біздің жеңіске жеткенімізді естісең, сол кезде бізге келіп қосыл!» – дейді.

Амр руына қайтып оралады. Арада жылдар өтеді. Бұл кездері Хақ пайғамбардың жеңістері бірінен соң бірі шартарапқа тарап, Амр ибн Абәса (р.а.) өзінің күткен мезгілінің келгенін ұғады. Дереу жолға шығып, Мәдинаға келеді. Ақиық елші мешітте отырған еді. Мешітке кіріп, Аллаһ расулының жанына барып отырады. Пайғамбар сол сәтте сахабалармен сұхбаттасып отырған болатын. Ол сөзін бітірген кезде, Амр Пайғамбарға қарап: «Пайғамбарым! Мені таныдыңыз ба?» – деп сұрайды.
Екі әлем Сардары кідірместен: «Сен Меккеде маған келген пәленше деген адам емессің бе?» деп жауап қайтарып, алғаш жолыққан кездегі өз араларындағы әңгімені кеше ғана болған жайттай түгелдей айтып береді. «Мен сені кері қайтарып, былай деген едім», – дейді. Амр ибн Абәса осы жолы да оның сөзін растайды[1].

Осы өткен жайтты Амрдың ұмытуы мүмкін емес. Өйткені ол үшін бұл –  өмірінде ең ұмытылмайтын оқиға. Бірақ Аллаһ елшісі үшін басқаша. Ол бұл уақытқа дейін мұндай талай жайтты бастан өткерген. Әрі осы жылдар ішінде көрген қиыншылықтары мен басқа түскен ауыртпалықтары бірнеше жыл бұрын кездескен адамы тұрмақ, өзінің ең жақын достарын да ұмыттырып жіберетіндей қиын соғып еді. Алайда Пайғамбарымыз өзімен жүздескен ешбір адамды ұмытпаған. Бәлкім, Амр яки Әбу Зәрр оған келмегенде, Пайғамбарымыз Меккені алғаннан кейін оларға адам жіберіп шақырып алар еді. Өйткені нағыз жеңіс Меккені алғанда ғана болған…

Иә, ол өзінің қарамағындағы жандарды өз балаларымызды танығаннан әлдеқайда артық танитын. Өйткені, айналасындағы әр адамның Аллаһ елшісінің жүрегінде өз орны бар еді. Сондай-ақ осы тануы олардың қабілеттеріне қарай жауапкершілік беру тұрғысынан да аса маңызды болды.

Енді қараңыз! Әлем тарихында қарамағындағы адамдарын мұншалықты жақын танитын дәл Пайғамбарымыздай адам бар ма? Өз басым бар деп айта алмаймын. Өйткені, Аллаһ елшісі жолбасшы ғана емес, сонымен қатар, Пайғамбар. Задында, біздің негізгі тақырыбымыз да оның пайғамбарлығы жөнінде емес пе?!


[1] Муслим, Мусафирин, 294; Муснәд, 4/112.


 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message