Бүгінде шын мәнісіндегі ислам әлемі жоқ

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Қазақстандық баспасөз беттерінде » Zaman » Бүгінде шын мәнісіндегі ислам әлемі жоқ

 Егер бұл ислам рухына қайшы болса, ислам әлемінде осындай жағдайлар  неліктен орын алады?

Меніңше, бүгінгі күні шын  мәнісіндегі ислам әлемі жоқ. Мұсылмандар өмір  сүретін  аймақтар ғана бар. Кей  жерде олар  көп, кей жерлерде аз. Иә, бұл да мұсылман  мәдениеті. Өз пайым  деңгейіне сәйкес, исламды жаңадан жаңғыртып жатқандар да жоқ емес. Мен бұның  астарында  радикализмді  меңзеп  тұрған  жоқпын. Пенде бар жан-дүниесімен сенген  нәрсесіне адал болу керек әрі сол сеніміне қарай дұрыс іс әрекет  жасауы керек. Мұсылмандықтың қамын  ойлау  керек. Мұсылман  әлемі  деп  аталып жүрген   аймақтарда  осы  мәселе  жөнінде  ауызбіршілік бар  деп  айтуға  келмейді. Егер  бар  десек, онда  ол  мұсылмандыққа  таңылған жала. Ал егер мұсылмандық жоқ дейтін болсақ, онда ол  адамдарға  тағылған жала  болар еді. 
Қазіргі уақытта мен  мұсылмандардан әлемдегі  тепе-теңдікке үлес қоса қоярлықтай мүмкіндіктерді  көріп  тұрған  жоқпын. Басшылардан да сондай бір қисынды  байқамаймын. Бұл мәселеде қандай да бір ілгерілеушілік бар болғанымен, үлкен есеппен алғанда ислам әлемі  қараңғылықта. Сіз мұны қажылық кезінде  байқай аласыз. Сіз мұны конференциялар мен дөңгелек үстелдерден, теледидар мен парламенттен де көре аласыз. Әңгіме қажетті деңгейдің жоқтығы турасында болып тұр. Олар әлемдік  мәселелерді  шешуге  қауқарсыз. Мүмкін бұл болашақта жүзеге асар.

Яғни, сіз «ислам  әлемі» деген ұғымды қолдану  артық  дегенді  айтқыңыз  келе  ме?

Ондай  әлем  жоқ. Жеке  мұсылмандық  деген ғана бар. Әлемнің  түрлі  аймақтарында жеке  мұсылмандар бар. Олар бөлек-бөлек, бір-бірінен алшақтаған. Мен өз  басым Құран мен хадистің анықтамасына сай нағыз мұсылмандарды  көріп  отырған  жоқпын. Өзгелермен бірлік  құра  алатын, мәселелерін  бірге  шешетін, ғалам  туралы ой-пікір өрбітіп, онда  да  Құранды басшылыққа алатын, артықшылығын дөп басып, болашақ  үшін  жоба  жасай  алатын, ондағы  өз  орнын  анықтай  білетін  мұсылмандар болмайынша, мен  мұсылман  әлемі  бар  деп айта  алмаймын. Яғни, ислам  әлемі  жоқ  болғандықтан, әрбір  адам  өз  деңгейіне  сай  әрекет жасайды. Тек өздерінің  жөн деп тапқандарын жалпы мұсылмандық  тұрғыдан   дұрыс  деп бағалайтын  мұсылмандар  да  кездеседі. Мұсылман  дін ғалымдарының бір ауыздан келісіп мақұлдаған оқымыстылардың сан рет сараптаудан өтіп, Құранның  таза  мағынасына  сүйеніп, ортақ  бітімге  келген  ислами  түсінікті де бар  деп  айтуға  болмайды. Сондықтан әзірге мұсылмандықты  жалпы  мәдениет  мағынасында ғана айтуға болады.

 Әрдайым осылай болған да шығар. Мүмкін бұл ақырзаманға  дейін де жалғаса берер?   
 
  Хижра жыл санауы (мұсылман  есебі бойынша – ред. ескерт.) бойынша  бесінші  ғасырдан  бастап – бұл  осылай. Бұл абассидтердің  немесе селжүктердің  пайда  болған  кезеңінен  басталады. Стамбулды  алғаннан  кейін  бұл  жағдай  одан  әрі  ушыға  түсті. Бұл  кезең  бізге  тағдырдың жазмышы болды. Келесі  кезеңдерде  жаңа  тәпсірлеулерге  жол  берілмеді. Ой  көкжиектерінің  аясы   тарыла  бастады. Ислам  рухына  қатысты  ауқым  өзгере  бастады. Ислам  әлемінде  ар-намысынан  арылған, өз-өзін  ұстай  білмейтін, өзгелерді  жанына  жуытпайтын, қабағы қату, тұйықмінезді  адамдар  пайда  бола бастады. Ондай  адамдар  өздерінің  ұйымдарын өз  мақсаттарынан  жоғары  қойды. Мұндай  тар  ойлаушылық  дәруіштер мекенінде, монахтар  тұратын  жеке  бөлмелерде, өкінішке қарай  медреселерде  де  болды. Негізі бұның  бәрі әрбір аймақтағы  беделді  адамдар  арқылы  өзгертіліп,  жаңартылуы  керек  еді.


   Фетхуллаһ  Гүлен  денсаулығына  байланысты қатты қиналысты бастан кешуде. Журналист Нури Акманның  сауалдарына  жауап  бере  отырып, ауруы  бірнеше  рет  ұстап  маза  бермеді. Оның  жан-күйзелісін   бет-жүзінен  анық  көруге  болады. Ол қан  қысымы көтеріліп, қызуы жоғарылағанда сұхбат үзіліп қалды. Гүлен  туған  жеріне  деген ыстық сағынышын, Түркияның 50-ге  жуық  жерінен  алынған  топырақтарға  қарап  басады. Ал   Отанына  оралуды әлі   ойлап  отырған  жоқ. 

 

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message