Диалогқа деген исламның — әлемдік үндеуі

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Фетхуллаһ Гүлен туралы » Диалог » Диалогқа деген исламның — әлемдік үндеуі

Он төрт ғасыр бұрын ислам бүкіл әлемге: «Әй, Кітап иелері! Сіздер мен біз ортақ сөзге тоқтайық; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге ешкім-ешкімді тәңір тұтпасын» деп айт. Егер олар сонда да бастарын алып қашса, онда: «Куә болыңдар, біз мұсылмандарданбыз» деңдер» деген ұлық бір тарихи үндеу жасады (Әли Имран сүресі, 64-аят).

Ислам дінінің – «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» деген басты тұжырымы бүгінгі дін өкілдерінің арасындағы ішінара болып жатқан тартыстарды тоқтатуға бағытталған. Бұл діндар адамдардың келісіміне лайық өте ауқымды әрі кең түсінікті құрайды. Егер де бұл түсінікке жол бермеген жағдайда, мұсылмандар: «Өз дінің – өзің үшін, өз дінім – өзім үшін» деп жауап берер еді.

Танымал түрік муфассирі (Құран тәпсіршісі) Элмалылы Хамди Языр: «Ұлттың, сананың, діннің, кітаптардың түрлі болуы ортақ санаға бағына алады және ақиқат сөзі арқылы біріге алады. Шынында ислам адамзат әлеміне еркіндік заңын сақтап қалу үшін, анық ақиқат жолды көрсетті. Және бұл араб немесе араб емес елдердің шеңберімен ғана шектелмеген. Діни прогресс тар әрі шектеулі санамен жүзеге аспайды, керісінше ол өте кең әрі жан-жақты ауқымды дамуды талап етеді» дейді.  

Осының барлығын бізге ислам діні нәсіп етті. Исламның осындай кең ауқымдылығына қатысты ой-пікірлерін Саид Нурси былайша түсіндіреді: «Мен аяттағы «біз» деген сөздің мағынасы жайында қатты ойландым: «(Біз) Саған ғана құлшылық қыламыз, Сенен ғана жәрдем тілейміз» (Фатиха сүресі, 5-аят). Сөйттім де өзімнен неге осы «мен» дегеннің орнына «біз» есімдігі қолданылып тұр деп сұрадым. Кенеттен өзіме діни құлшылықтың құпиясы мен қадір-салмағы айқындала түсті. Барлығымыз бір жамағат болып Баязит мешітінде ғибадат жасаған кезде, сол жердегі әрбір пенде мен үшін бір қолдаушымдай сезілді. Сондай-ақ сол жерде Құран оқыған сәтте де барлығы мені жақтап куәгерлік етті. Өзімнің Тәңірлік ұлық сотқа деген түкке тұрмайтын құлшылығымның қауқарсыздығын сезе отырып, жалпы жамағаттың ұлы да ықыласты құлшылығынан қайраттандым.

Осы жерде және бір ақиқат ашыла түсті: барлық Стамбул мешіттері Баязит мешітінің қарамағында болды. Олардың менің игі істерімді қолдап, дұғаларын қосқанын сездім. Осы жер бетіндегі мешітте мен өзімнің қасиетті Қағбаны айналып жүргенімді көрдім. Мен: «Бүкіл әлемдердің Раббысына мадақ. Осыншама қолдаушыларым бар; барлығымыздың сөздеріміз бір және олар маған демеу болады»,— дедім.

Мен бұл ақиқатты саналы түрде ойымда қорытқанда, өзімді Қағбаның алдында ғибадат жасап тұрғандай сезіндім. Сөйттім де Жаратқанға жалбарынып жатқандардың барлығын куәгер ете отырып: «Мен Аллаһтың жалғыз және Мұхаммедтің Оның елшісі екеніне куә келтіремін»,— дедім. Бұл иман куәлігін Қара тасқа (Хажарул-асуад) табыстадым. Осыны жасағаннан кейін және бір тылсым шымылдығының ашылып келе жатқанын сездім. Өзім бір мүшесі болып табылатын діни бауырластықтың үш топқа бөлінетінін түйсіндім.

Бірінші топтағылар діндар мұсылмандар, Аллаһтың бар екеніне және Оның бір екендігіне сенушілер. Екінші топ ұлы құлшылықты дәріптейтін және Жаратқанды тануға шақыратын бүкіл тіршілік атаулыдан тұрады. Мұндағы әрбір топ немесе жекелеген өкілдер Аллаһқа деген қайталанбас ғибадаттарымен әрекет етіп жатты, мен де солардың арасында болдым. Ал үшінші топтағылар болса сырттай кішірек болғанымен, өздерінің ұлық мақсаттары мен ерекшеліктері тұрғысынан алғанда асқар таудай алып таңғажайып бір әлемді паш етті. Сөйтіп, денемдегі атомдардан бастап, сыртқы сезім мүшелеріме дейін, мен Аллаһқа деген құлшылығы мен шексіз алғыстарын білдіріп жатқан діни бауырластықты сездім.

Түйіндей айтқанда, «біз» сөзі осы топтардың құлшылығын білдіреді. Осы тұста Құранның ұлы тәпсіршісі, әрі таратушысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәдинада бүкіл адамзатқа арнап: «Сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар» (Бақара сүресі, 21-аят) дегені ойыма оралды. Және де басқалары тәрізді мен де бұл қасиетті үндеуді жан-дүниеммен сезіндім, мен секілді әлгі үш топтың өкілдері де: «Саған ғана құлшылық қыламыз» деп жауап берді.

 

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message