«Ганди-Кинг-Икеда» жүлдесі Гүленге берілді

Home » Kazakh (KZ) » Өмірі » Қазақстандық баспасөз беттерінде » «Ганди-Кинг-Икеда» жүлдесі Гүленге берілді

Fethullah Gülen awarded 2015 Gandhi King Ikeda Peace Award

Fethullah Gülen awarded 2015 Gandhi King Ikeda Peace Award

«Ганди-Кинг-Икеда» атындағы әлемдік ең ірі жүлде биыл түрік ойшылы Фетуллаһ Гүленге табыс етілді. Бұл туралы түркиялық танымал «Заман» басылымы хабарлайды.

Дәстүрлі жүлдені табыстауға арналған салтанатты жиын Морхаус университеті, Мартин Лютер Кинг орталығында жүздеген танымал академик пен тағы да басқа көптеген сыйлы қонақтардың қатысуымен өтті. Бұдан бұрын Десмонд Туту, Михаил Горбачев және Нельсон Мандела секілді әлемге танымал тұлғалар ие болған жүлде мінекей, бауырлас түрік халқының данышпанына айналған Фетуллаһ Гүленге табысталды.

АҚШ-тың Атланта қаласында болған аталған жүлдені табыстау салтанатында сөз алған Мартин Лютер Кинг орталығының деканы профессор Лауренс Картер, Фетуллаһ Гүленнің бейбітшілік жаршысы деген атқа лайық екенін және сондай жүлде табыс етілетінін айтты. «Бүгін бұл жүлдені дәстүрлі ислам дінінің әлемге бейбіт түрде таралуына және 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына жасалған лаңкестік әрекет соңыынан «Washington Post» басылымына берген хабары арқылы әлемдік бейбітшіліктің орнауына зор үлес қосқан Фетуллаһ Гүленге табыстау — біз үшін үлкен мақтаныш. Иә, осы жүлдені Фетуллаһ Гүленге табыс ету — біз үшін теңдессіз мақтаныш. Себебі өз-өзін жарып, «шәһит» болғандарға, өз-өзін өлтіргендерге бейкүнә адамдардың қанын төгу ешқандай да жиһад бола алмайтынын айтып, үн қатқаны үшін… Мақтаныш етеміз, себебі адами құндылық пен әдептің әрбір адамға тән ортақ құндылық екенін тілге тиек еткені үшін… Мақтаныш етеміз, себебі нәсілдік, ұлттық, этникалық және жыныстық ерекшеліктердің адамдар арасында олардың бөлінулеріне емес, керісінше, осы табиғи айырмашылықтарына қарамастан, адамдарды рухани тұрғыдан біріктіргеніңіз үшін… Мақтаныш етеміз, себебі діни сеніміңіз бен оған зарар беретін, айналаңызда болып жатқан сан алуан қолайсыз өзгерістерге қарсы тұруды әлемдік деңгейде жүргізіп отырғандығыңыз үшін… Мақтаныш етеміз, себебі адамдарға берілетін ең жоғары білімнің тек қана оқу-сызумен емес, жаратылыстың болмысына тереңнен үңілу арқылы, екіжақты тепе-теңдікте берілетініне үндегеніңіз үшін… Рухани-имани сеніміңізді адамзатқа жол көрсетуге арнағаныңыз, осы жолдағы ізденісіңіз үшін… Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг және Дайсаку Икедалар сияқты ұлы данышпандарға тән ұқсастықтарды сіздің бойыңыздан да көру — мен үшін үлкен қуаныш. Сізді шын жүректен құттықтаймын!»

Ф.Гүленнің атынан аталған сыйлықты алған И.Асландоган, Фетуллаһ Гүленнің осы шараға, яғни өзіне табысталған аталған сыйлыққа орай жазған хатын оқып берді. Ф.Гүлен хат арқылы төмендегідей лебізін жолдаған: «Морхаус университеті, Мартин Лютер Кинг халықаралық орталығы басшылығы тарапынан «Ганди-Кинг-Икеда – 2015» сыйлығына лайық деп танылыппын. Бұл сыйлықты тек маған ғана емес, ешқандай да өтеусіз, өзін барша адамзатқа қызмет етуге арнаған ізгі ниетті жандарға (өзінің ізбасарларына) жасалған сый-құрмет деп есептеймін. Ізгі ниетті ағартушылар – өз отанынан мыңдаған шақырым ұзақтықта 50ºС аязға қарамастан, парызын орындағандар, Солтүстік Иракта ИШИМ-нен төнген қауіпке қарамастан, мектептерінде оқуды жалғастырғандар, Нигерия мен Ауғанстанда қыз балаларға білім алу мүмкіндігін берген оқытушылар, Сомали мен Суданда қиындыққа мойымай қызмет етіп жүрген дәрігерлер, медбикелер, өздері материалдық тұрғыдан қиыншылық көрсе де игі істер мен жобаларды басқара білген кәсіпкерлер. Маған табысталған бұл жүлде, негізінде діні, ұлты, нәсілі бөлек бола тұра, жұдырықтай жұмылып, адамзатқа қызмет еткен жоғарыдағы жандарға берілген сый деп қабылдаймын. Олар – өз бақыттарын басқаларының бақыттарынан іздеген ізгі жандар. Оларды Азияда, Америкада және Америка Құрама Штаттарында жалпы төрткүл дүниежүзінде біріктірген — адам құқықтарын жоғары қойған құндылық, олардың әрбір жанның бақытты болуы үшін өздерін құрбан етіп, өз өмірлерін осыған арнаулары. Әрбір жанды адам ретінде көтермелеу, олардың Жаратқанға деген құрметтерінің белгісі. Әр уақытта Ұлы Иемізге мені де осы бақытты жандардың арасында етуін тілеумен болдым. Өзімді ешқашан ешкімнен артық көрмедім. Сіздер, олардың жанқиярлық ерліктері мен еңбектеріне өте көркем түрде баға бердіңіздер. Денсаулығым сіздермен осындай қайырлы күнде бірге болуыма мүмкіндік бермеді. Алайда уақыт пен орын айырмашылығы рухани тұрғыдан бірге болуға кедергі бола алмас. Осы сыйлықпен марапатталған жамағаттың бір мүшесі болу үмітімен ұйым басшылығына алғысымды білдіремін» делінген.

Салтанатты жиында сөз алған профессор Скот Александр, Ф.Гүленнің бүгінгі күннің Мәуланасы екендігін айтты. Оның ақиқатты іздеу мен әлемдік деңгейде білім беру ісінде тек бейбітшілікті, толеранттылықты ұсынғанын еске алған С.Александр, «Қызмет қозғалысының негізгі ұстанымдарының бірі — Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ізгі қасиеттерінің бірі болған кешірімділік қасиеті. Наразылық сезімінің жүректің уы екендігін айтқан Гүлен, ислам дініне тән болмаған бұл сезімнен жамағат мүшелерін да алыстатуға тырысқан» деді.

Айта кету керек, биылғы жыл осымен 13-рет ұйымдастырылып отырған «Ганди-Кинг-Икеда» Бейбітшілік сыйлығы, КСРО-ның бұрынғы басшысы М.Горбачев, Оңтүстік Африка лидері Нельсон Мандела, Десмонд Туту, дк. Михаил Нобель мен Нобель сыйлығының иегерлері Бетти Ульямс пен Йон Хума сиықты тұлғаларға да табыс етілген-ді. «Ганди-Кинг-Икеда» Бейбішілік сыйлығы – жыл сайын қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын арттыру мақсатында өз үлесін аянбай қосқан әлемдік көшбасшыларға табыс етілетін сыйлық. Сыйлықтың атауы да әлемде бейбітшіліктің орнауына ықпал еткен тұлғалар — Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг және жапониядық белсенді Дайсаку Икедалардың құрметіне берілген. Салтанатты жиыннан соң, университет тарапынан жасалған әлемге танымал ұлы ұстаз, ойшыл Ф.Гүленнің суреті бейнеленген тақта бұдан бұрын осы жүлдені алған тұлғалардың суреттерінің жанына ілінді.

[widgetkit id=184]

Share:

More Posts

fethullah gulen hocaefendinin le monde makalesi 99d

Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, түркияға қайтуға дайынмын»

Түркия Шілденің 15 — түні орын алған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен…

Senin halktan

Фетхуллаһ Гүлен билікті көздей ме?

Белгілі ағартушы Фетхуллаһ Гүлен өзіне «Билікті көксеуде» «Президент болғысы келеді» деп айыптағандарға көп жылдардан бері әртүрлі орындарда жауап беріп келеді. Еңбектерінде бұл сұраққа мынандай жауаптар айтып, өмірлік негізгі мақсат-мұратын түсіндіруге тырысқан:
«Қанша рет айттым: «Алладан қорқа тұра бұл мәселеде жалған сөз сөйлемеймін: егер маған Президент аппаратын басқару берілсе, содан үзілді-кесілді бас тартпасам, әлемдегі ең сорлы мақұлық…

kulluktaki zaafiyet ve kabaran enaniyet 592

Құлдықтағы осалдық және тәкаппарлықтың асқынуы

Сұрақ: Менмендік пен өзімшілдіктің күш алуының ең маңызды себептерінің бірі ретінде құлдықтағы әлсіздік баса айтылады. Құлдықта әлсіздік таныту мен менмендіктің күш алуының арасында қандай қатынас бар?
Жауап: Араб тіліндегі «а-б-д» деген түбірден тарайтын убудият сөзі адамның Жаратушы иенің алдындағы жауапкершіліктерін орындап, құлдық сана-сезімде болуын білдіреді. Ғибадат та осы түбірден туындайды, алайда бұл екі сөздің арасында…

bari biz giybet iftira kavga ve fitnelere gecit vermeyelim 818

Бүлік оты

Сұрақ: «Мүмтахина» сүресінде айтылған: «Раббымыз, бізді ақиқатты мойындамаушылардың қолында бүлік пен сынаққа салма (бізді олардың қысымы мен қоқан-лоққысына ұшыратпа), бізді кешір. Раббымыз, жеке дара жеңіс пен хикмет иесі тек қана өзіңсің!» (Mүмтахина сүресі, 60/5) деген аяттан қандай сабақтар алуымыз керек?
Жауап: Алдыңғы аятта хазірет Ибраһимнің есімінің ашық аталуынан бұл дұғаның хазірет Ибраһимге (ала нәбиинә уә…

islamin insan tabiati ile butunlesmesi b1b

Көрегендік керек

Сұрақ: Сұқбаттар мен жазған дүниелерде жиі тоқталатын көрегендікпен әрекет ету мәселесін қалай түсіну керек? Оны өмірде қалай іске асыра аламыз?
Жауап: Басирет (араб тілінде) сөзі білім мен тәжірибемен қатар мәселелерді жүректің ізгі өлшемдерімен қолға алу, сараптау мен синтездеу, сөйтіп оларды басы әрі соңымен, алды артымен бағалайтындай кең ұғымталдыққа жету деген сөз. «Басар»: материалды көзбен заттар…

subjektif mukellefiyet 6b6

Сенім ұялату және таза істеу

Сұрақ: «Болашақ ұрпақтардың сынына ұшырататын жағдайлардан аулақ болу талабымен тыңдаушыларға сенім ұялатудың маңыздылығы сөз болуда. «Сұхбаттастарға сенім ұялату» деген не әрі бұл міндетті атқарғанда болашақ ұрпақтар алдында сын мен сөгіске қалмау үшін қандай тұстарға көңіл бөлу керек?
Жауап: Бұдан бұрын түрлі себептермен тілге тиек етілгендей, мүмин: Аллаға, Пайғамбарымызға (саллаһу алайһи уә сәлләм) және оның хабар бергендеріне…

isigin gorundugu ufuk 409

Рамазан айында адам жүрегінің жұмсаруы

Сұрақ: Жыл сайын көктен түскен сәкинадай[1] көңілімізді жібітіп, жайландырған, белгілі бір қалыпқа түсіретін Рамазан айын жекелей және қоғамдық өміріміз үшін барынша толық пайдалану үшін не ұсынар едіңіз?
Жауап: Ораза, ауызашар, сәресі, тарауих секілді арбайтын әсемдіктерімен санамызда қылаң беріп, өзіне тән қасиетті ауан қалыптастырған Рамазан айының үсті-үстіне қысым үдеп, зорлық пен қатігездік әлінен асып, дауласуды артық көріп,…

gaflet ve ulfete yenik dusmemis dua 0b8

Бір дұғадағы төрт негіз туралы

Сұрақ: Ардақты елшінің (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) жиі қайталайтын:
اَللّٰهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى وَالتُّقَى وَالْعَفَافَ وَالْغِنَى
«Алла тағалам, Өзіңнен хидаят (тура жол), тақуалық, арлылық (иффа) пен байлық (ғина) сұраймын» (Мүслим, Зікір, 72) деген дұғасында өтетін төрт негізді түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: Әуелі мынаны айтқан жөн, бұл дұғада аталған мәселелердің әрбірі ардақты пайғамбарлардың елеулі қасиеті болып табылады. Тіпті мынаны айтуға…

maik tayson kizmet kozgalisin maktadi 1fa

Майк Тайсон «Қызмет» қозғалысын мақтады

Әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон «АҚШ-тың шығыс жағалауындағы түрік мәдениеті» халықаралық фестивалдің ақтық мәресіне қатысты. Ол өзінің жалпыға мәлім Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қазмет» қозғалысының түрткі болуымен ашылған мекемелерге қарата өз алғысын білдірді.
«Тіл және мәдениет халықаралық фестивалі және оның ұйымдастырушысы Түрік-американ одағы мен Руми Форумын құттықтаймын!»
Аса мағыналы мына сөзді де Тайсон айтқан:
Сен…

korucuk home 7bb

Түркиядағы заңсыз әрекеттер аяқталуға жақын

Түркия соты баламалы құрылым құрып жатыр деген айып тағылған (Ердоған мен жақтастары «Қызмет» қозғалысынан осылай күдіктенеді) «Саманиолы» телерадио корпорациясының басшысы Хидаят Каража мен тағы да 60 шақты адамды босатты. Тағылған айыпқа бірде бір дәлел келтірілмеді тіпті көпшілігінен түсініктеме алуда да орынсыз деп тапты. Істі қараған сот айлар бойы тергеуге қарамастан еш кінә таға алмады.
Сот шешімді…

Send Us A Message