Адамдардың игілігі үшін қызмет етуді мақсат етпеген өмірдің қасқырша ұлыған аш нәпсінің жетегіне ерген тағылардың өмірінен қандай айырмашылығы бар?!
Әділдік пен ақиқат жолындағы кез келген игі бастаманы қолдау – әділдік пен адалдықты қолдаудың белгісі. Тек өз жолы мен бағатын ғана дұрыс деп ойлағандар жападан жалғыз қалады. Сонымен қатар, ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне қатысты пікірлерін күніне қырық құбылтатын адам еш уақытта тұрақтылыққа, жан тыныштығына жете алмайтыны айдан анық.

